Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.

Студенттің оқу жұмыстарының аудиториялық және аудиториядан тыс (өзіндік) формасы, оның өзіндік мақсаты-оқылатын пәннен білімнің біртұтас жүйесін алу. Бұған бірінші кезекте осы оқу пәнінің өте маңызды проблемаларын анықтауға бағытталған дәріс курсы көмектесуі мүмкін. Дәріс материалын түсінуге тілі жеңіл оқулық немесе оқу құралын, қосымша әдебиеттерді пайдаланып шығармашылық тәсілді көрсете отырып студент практикалық (семинар) сабақтарына дайындалады, оларды өзінің саяси білімін жүйелендіретін, толықтыратын, тереңдететін әр түрлі пікір-сайыс, дискуссия алаңы ретінде қарастырады. Студенттің білімді өз бетінше меңгеруі басты фактор екенін түсінуі керек. Ол үшін жоғары мектеп тек қажетті жағдай ғана жасайды.

Студент өз бетінше жұмыс істеудің алдында жоғары кәсіптік білімнің «Элита теориялары» пәні бойынша Мемлекеттік білім стандарты және оқу пәнінің Бағдарламасымен танысуы керек. Әр тақырыпты оқып білу үшін зерделі түрде сұрақтардың жиынтығымен танысудан бастауы орынды. Олар бұл тақырып бойынша студент нені білуі керек екенін бағыттап көрсетеді. Тақырыптың сұрақтары оқулықтың немесе оқу құралының тиісті тарауына сәйкес келеді. Оқу пәнінің Бағдарламасына да шығармашылықпен қарау қажет. Оның мазмұнын біріктіретін сұрақтардың маңыздылығы әр түрлі дәрежеге ие. Барлық курстың және тақырыптың мазмұнында логикалық байланыс қызметін атқаратын, суреттейтін немесе түсіндіретін сұрақтар бар. Сонымен қатар саяси білім саласына тарихи шолу жасайтын сұрақтар да бар. Бұл сұрақтардың бәрі тақырыптың ұғымдық, концептуальды мазмұнының мәнін құрастырмайды, бірақ зерттелетін проблемаларды толық қабылдау қажет.

«Элита теориялары» басқа ғылымдар сияқты өзіндік категорияльды – түсінік (понятийный) аппараты бар. Ғылыми ұғымдар - бұл әрбір ғылымның тіркелетін негізі. Ұғымдар– басты тірек пункті, ғылыми танымда қалай болса, оқуда да дәл солай, оқудағы логикалық сатылардың қозғалысы қарапайымнан күрделіге, құбылыстан маңызға дейін.

Ғылымда «ұғым» деген біржақты тар және кең мағына беретінін есте сақтау маңызды. Ұғымды біржақты түсіну - бұл сол немесе басқа фактіні, құбылысты, затты анықтау (дефиниция). Мұндай анықтамалар саяси мәдениет және идеологияда категорияльды – түсінік (понятийный) аппаратын біріктіреді. Олар, қағида бойынша, мазмұны жағынан қысқа, істің мәнін ұғындырады. Мұндай анықтамаларды түсіну, ұғыну және есте сақтау маңызды. Жаңа түсініктердің және категориялардың мағынасын анықтамай одан ары өз бетінше жұмысты жалғастыру қиынырақ болады немесе керексіз формальды белгілерге ие бола бастайды.

Ұғымның кең түрдегі мағынасы айқын құбылыстың талданған концептуальды сипаттамасы. Тақырыптың, параграфтың басына «ұғым» сөзі енгізілсе, бұл тап осы жағдайда дефиниция (анықтау) туралы емес, зерттеудегі саяси құбылыстың ықшамдалған, талданған концептуальды сипаттамасы туралы сөз болып отырған мәселенің бірінші белгісі.

Кейбір оқулықтарда, оқу құралдарында саяси қатынастар, байланыстар, процестер сипаттамасына «заң», «заңдылық» түсініктері қолданылады.

Сірә, оқулықтың немесе оқу құралының авторы саяси саланың заңы мен заңдылығына сипаттама беру үшін қалай болғанда да (кем дегенде) екі ескерту жасауы керек:

  • біріншіден, саяси ғылымда бұл көзқарастың көпшілікпен қабылданбағанын ескерту;

  • екіншіден, ол саяси заң мен заңдылықты қалай түсінетінін анық айқындауы.

Мұнда саясаттың жиі түсінік беретін «заңдары» көбінесе ойдан шығарылған, нашар негізделгенін білу қажет, кейде басқа авторлар «заң», «заңдылық» категориясын қолданбай-ақ саяси құбылыстардың мазмұнын өте тартымды сипаттайды.

Әрбір оқулықтың немесе оқу құралының өзіндік логикалық құрылымы бар, ол берілген оқу пәнінің Бағдарламасының логикасына сәйкес келмеуі де мүмкін. Сол немесе басқа да мәселелерді автордың біреуі кең мағынада, ал екіншілері тар мағынада қарастырады. Біреулері оны жеке тарауға бөледі, ал екіншілері тараудың ішіне енгізеді. Оқулықты немесе оқу құралын оның жазылуы бойынша жүйелі түрде тараудан кейін тарауды оқу орынды. Оқу пәнінің Бағдарламасына қарай отырып, оның қандай сұрақтары оқулықтың немесе оқу құралының берілген тарауында қарастырылады, ал қандай сұрақтарға жауап жоқтығын әрдайым белгілеу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]