- •«Саясаттану» мамандығына арналған «элита теориялары» пәнінен силлабус
- •5. Пәннің сипаттамасы
- •5.3. Оқу пәнінің міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер :
- •7. Білімді бақылау
- •8. Оқу пәнінің саясаты
- •Сөздік (глоссарий)
- •Глоссариймен жұмыс істеудің әдістемелік ұсыныстары
- •Дәріс конспектілері
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Саяси элитаның басты қызметтері
- •3. Саяси элитаның құрылымы
- •4. Саяси элитаның құрамдас бөлігі ретіндегі саяси бюрократия
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •3. Элитаның әлеуметтік өкілділігі.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •1. Саяси режим ұғымы және элитаның қалыптасуына оның ықпалы
- •2. Диктатуралар және демократиялар
- •4. Тарихи және саяси феномен ретіндегі тоталитаризм.
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •Пайдаланылатын әдебиеттер
- •2. Қазақстанның саяси элитасының ішіндегі конфликтогенді әлеуеттің деңгейі
- •2.Оқу дәрістерімен жұмыс істеуге әдістемелік кеңес
- •Өзіндік оқуға белсенді түрде дайындалуға арналған тапсырмалар мен сұрақтар
- •Студенттің өзіндік жұмысына арналған (сөж) тапсырмаларды орындауға әдістемелік ұсыныстар.
- •Өзіндік жұмысты орындауға арналған әдістемелік ұсыныстар.
- •Реферат дайындау жұмысына әдістемелік кеңес
- •Практикалық және семинар сабақтары, олардың мазмұны мен сағат бойынша көлемі.
- •Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға дайындалуға әдістемелік ұсыныстар
- •Қорытынды бақылау сұрақтары
Пайдаланылатын әдебиеттер
Саяси плюрализм теориялары мен олардың сыншылары. Пюралистік демократия үлгісінде бір де бір таптың немесе бір де бір халық тобының билік монополиясы жоқ; олардың көзқарастарын білдіретін ұйымдар мемлекеттік механизмге «қысым жасау топтары» ретінде бой көрсетіп, онысы тапсыз болып қарастырылады. «Билік диффузиясының» бұл үлгісінде соңғысы бүкіл әлеуметтік топтар арасында бөлінген. Бұл концепция саяси биліктің таптық мәнісін жоққа шығарып, бүкіл халықтың еркін білдіруі ретінде қазіргі капиталистік елдердегі мемлекетті ұсынады.
Плюралистік демократия мәселелері бойынша классикалық еңбектерге Д.Трумэн, Д.Рисмен, Р.Даль еңбектері жатады. Мысалы, Даль американдық плюрализмнің теориясы мен практикасындағы негізгі аксиома мынадай деп жазады: тәуелсіз биліктің бірегей орталығының орнына ешбірі де толығынан тәуелсіз болмауы тиіс сондай көптеген орталықтар болуы тиіс. Ол бұл азаматтар мен жетекшілерге шиеленістерді бейбіт түрде шешу мүмкіндігін береді деп сендіреді. Сөйтіп, Даль бойынша саяси билік құрылымы биліктің көптеген орталықтарынан тұратын полиархиядан тұрады. Ал бұл тәріздес полиархия демократияның қазіргі үлгісі болып табйлады.
Р.Миллс өзінің «Билік етуші элита» кітабы арқылы плюрализм идеологиясына елеулі соққы берді. «Американдықтар мемлекет-бұл әрекеті бір бірімен күресуші мүдделерді өзара өлшеу басымдығы арқылы реттелетін өзінш бір автомат деген ұғымнан ешбір бас тартқылары келмейді», - деп мысқылдайды Миллс. Шынына келгенде, Миллстің өз кітабында дәлелдегенідей, билік етуші элита американдық қоғамда тұтастай өктемдік етеді, соның нәтижесінде «АҚШ-тың демократиясы туралы барлық әңгімелер мазақ сияқты болып көрінеді».
Д.Трумэн Миллсті, сонымен бірге АҚШ-тың саяси жүйесін тікелей қарама - қарсы әдіснамалық көзқарастардан талдаған У.Липпманды элита мен бұқараны қатал түрде қарсы қойғаны үшін сынайды, соның өзінде Липпман американдық саяси жүйені «бұқараның жан жақты билігі» деп, ал Миллс – элитаның жан жақты билігі деп санайды. Трумэн олардың екеуінікі де дұрыс еместігін, АҚШ - тағы биліктің бөлінуінің әлдеқайда күрделірек екенін айтады: элита мен бұқара арасында көптеген бірлестіктер, «қысым жасау топтары», кәсіби одақтар, саяси партиялар және т.б. тұр.
Шынымен де, элиталар көптеп саналып, олар кез келген әлеуметтік таптан табылған кезде қоғам қарама қарсы күресуші және өзара әрекеттесуші күштердің, түрлі топтардың (мұның өзінде әр әлеуметтік топтың мүдделерін элита білдіреді) балансы ретінде қарастырылады. Бірақ соңғы жағдай туралы еске салу міндетті емес: бұл тәсіл кезінде «элита» ұғымының майдаланып кеткені соншалық, оны «жақша сыртына» шығарып, қоғам «мүдделі топтар» (Д.Трумэн терминологиясы бойынша) немесе «вето - топтардың» балансынан тұрады (Д. Рисмен термині) балансы болып табылады деп тұжырымдауғ болады. Элиталы теориялар саяси плюрализммен интеграцияланған болып шықты.
Элиталарды қызметтік белгісі бойынша бөле отырып, плюралистік мектептің саясаттанушылары, әрине, бұл элиталық топтардың әр бірінің таптық мәнісін ашып көрсетпейді; олар эксплуатациялаушы тапты бәскелестігі басқару қызметтерінің «қарама қарсылығынан» келіп шығатын бөлектелген, өзара бәсекелесуші бөліктер (қаржылық олигархия, саясат, генералитет және т.б.) түрінде ұсынады.
Плюралистік теория демократиялық елдерде биліктердің (заң шығарушы, атқарушы, сот) бөлінуінің классикалық концепциясына сүйенетін болғандықтан да үлкен ықпалға ие, соның арқасында қоғамда «қарама қарсы салмақтар» жүйесі жасап шығарылып, оның көмегімен бір билік органдары екіншілерін «шектен шығушылықтан» ұстап қала алады. Солай болса да, бүгін көптеген меелекеттанушылар сот туралы айтпағанда, атқарушы және заң шығарушы биліктің шынайы тепе теңдігін жүзеге асырудың ешқашан сәті түспегендігін мойындауға мәжбүр; атқарушы биліктің экспансионизмі – бұл сөз таластыру қиын факт.
Элиталы плюрализм теорияларының белгілі бір шынайы негіздері бар екендігін тағы бір атап өтейік. Олар қазіргі заманғы индустриалдық жағынан дамыған елдердің әлеуметтік құрылымының күрделенуімен байланысты, соның салдарынан экономикалық және саяси билік пен қоғамның экономикалық және саяси құрылымының жолдары айырылады. Элиталы плюрализм концепциясы қазіргі дамыған индустриалды елдердің саяси жүйесінің бір жақты картинасын жасайды деген қорытындыға келуге болады.
АҚШ тың саяси құрылымының үлгілері. Неоэлитизм. 70-ші — 90-ші жылдары бірқатар американдық және батысеуропалық саясаттанушылар (Т.Дай, Х.Цайглер, У.Домхофф және т.б) капиталистік елдердің саяси құрылымының плюралистік концепциясына түпкілікті шабуыл жасайды. Олар, атап айтсақ, капиталистік жүйедегі индивид ұйымдасқан топтарда қатыса отырып, мемлекет саясатына қатыса алатындығына күмәнданады, сондықтан «қазіргі демокартиялық елдердің» халқы көптеген топтар мен ұйымдарға біріктірілген.
Көптеген саясаттанушылар саяси плюрализм теориясы шағымдарының «идеологиясыздандырылғанға» қатысты әлсіздігі туралы жазып, бұл концепция – бұл капиталистік кво мәртебесін қорғау идеологиясы деп санайды; оның идеалы – таптық күресті түрлі әлеуметтік топтар күресінің компромисі мен биліктің реформистік қызметімен ауыстыру. Гамильтон плюралистік теория «өзін өзі идеологиясыздандырылған реализм деп атауға үміттенсе де ол өзіне өзі барынша пайдалы және ыңғайлы идеология ретінде анықтайды» деп атап көрсетеді. Әрине, әрекет етуші саяси жүйе үшін ыңғайлы. Оның жақтастары плюрализмді мүдделі топтардың буржуазиялық - демократиялық институттар мен рәсімдер аясындағы бәсекелестігін реттейтін жүйн ретінде таныстырады. Бәсекеге қатысатын барлық осы топтар «ойынның» жалпы «ережелерін» қабылдайды. Және бұл бағыттың жақтастарының ұраны — «консенсус аясындағы плюрализм», демократизм «гипердемократияға» ауыспайтын, әрекет етуші саяси жүйенің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ететін «ойын ережелерін», жүйенің іргелі негіздерін сақтап қалу келісімі.
Билеуші элита немесе плюрализм – Құрама Штаттардағы билік құрылымы туралы тартыстағы орталық проблема.
50-ші — 60-ші жж. Р.Миллс пен Д.Рисмен арасындағы осы проблемаға қатысты тартыс басты назарда болып, оны көрнекті американдық саясаттанушы У.Корнхаузер қорытындылады. Миллс, АҚШ тағы нағыз билікті тар ғана төбешік жүзеге асырып, халқы мүлде құқықсыз болып, негізгі саяси мәселелерді шешпейді деп тұжырымдады. Рисмен бойынша АҚШ ты кім билейді деген сауал тартысты сипатқа ие: «жағдай» бір қарағаннан гөрі «әлдеқайда белгісіз». Шындығында бұрмаланатын американдық саяси жүйе мәнін Рисмен өз мүдделерінің саласында вето құқығы бар түрлі автономды топтар арасындағы биліктің бөлінуінен көреді.
Миллс АҚШтағы үш деңгейден тұратын билік пирамидасын бейнелейді: жоғарғы — билеуші элита жүзеге асыратын шынайы билік; ортаңғы — Конгрестің сахна сыртында неғұрлым байқалатын екінші дәрежелі рольді ойнайтын топтық мүдделерді бейнелейді; ең соңғысы, төменгі — бұқарлардң «іс жүзіндегі» құқықсыздығының деңгейі.
Рисмен суреттейтін билік пирамидасы Миллс үлгісінің екінші және үшінші деңгейлеріне сәйкес келетін екі деңгейден тұрады. Рисмен пирамидасының жоғарғы деңгейі — бәрінен бұрын өз мүдделерін қорғаудан қолы босамайтын «вето-топтар»; төменгісі — «ұйымдаспаған қоғам». «Вето-топтар» «қоғамға» бұйрық бергеннен гөрі өз заң шығаруының қыспаққа алынуы қаупіне қарсы маневрлерінде оны одақтас тартуға тырыс құрылымдарының плюрализмі бар, АҚШ тағы саяси билік ситуациялық және жылжымалы болып көрінеді деп тұжырымдайды.
Миллс АҚШ тағы шынайы билік елді басқарудан халық бұқарасын шеттететін элитаның қолына шоғырланатынын көрсететін үлкен материалды келтіреді. Рисмен билеуші элитаны жоққа шығарып, басты ұйымдасқан топтардың (саяси партиялар, кәсіби одақтар, бизнес ұйымдары, фермерлік одақтар және т.б.) алуан түрлілігін бейнелейтін билік құрылымының аморфтығын жақтайды. Ол бастысы биліктің материалдық мүмкіндіктері мен шекаралары емес, психикалық жай – адамның өзін өзі қаншалықты күшті немесе тәуелді сезінуі деп, билік ұғымына субъективистік түрде қарайды. «Егер бизнесмендер өздерін әлсіз де тәуелді сезінетін болса, онда олар қолдарында бар ресурстарына қарамастан шынымен де әлсіздеу әрі неғұрлым тәуелдіге айналады».
Плюрализм демократия теориясын неғұрлым шынайы етуге талпынады, ол саяси үдеріске азаматтардың қатысуының негізгі механизмдерін анықтаудан өз мәселесін көреді.
13 - дәріс. Кеңестік кезеңнің номенклатуралы элитасы
Дәрістің мақсаты: Кеңестік кезеңнің номенклатуралы элитасымен танысу және талдау
Дәрістің жоспары:
«Номенклатура» терминінің ұғымы
Кеңестік партиялы-мемлекеттік номенклатураның төрт ұрпағы
Негізгі түсініктер: кеңестік кезең, номенклатура, коммунистік, лениндік гвардия, саяси эмиграция, Үлкен террор, партиялы-мемлекеттік аппарат, алтын ғасыр.
