Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
28_09_20013_ELITOLOGIYa.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.22 Кб
Скачать

Пайдаланылатын әдебиеттер

1. Элитаны рекрутингтеу ерекшеліктері туралы мәселе — элитологиядағы маңыздылардың бірі. Кәсіби элиталы қауымдастықтарға қарағанда, саяси элита ашық жүйе болып табылады. Арнайы кәсіби дайындығы жоқ ересек адам, әдетте, сәйкес кәсіби элитадағы (ерекше жағдайлар, мысалы, салыстырмалы түрде-кеш-жасқа қатысты-музыкалық өнер саласына келген С.Рихтер және Л.Паваротти, өте сирек) орынға үміткер бола алмайды, ал бұл кезде саяси элитаның шеңбері білімдік, кәсіби және мүліктік мәртебелер есебінен толығады (ал дағдарыстар кезінде — соның ішінде маргиналды таптардан шығушылар есебінен де). Мысалы, белгілі голливудтық актер Р.Рейган жасы ұлғайған кезде саясатшы болды, бұл оған адамның басы айналардай саяси мансапты жасауға және АҚШ президентінің лауазымын екі мәрте иеленуге кедергі болған жоқ. Саясаттың «ашықтығының» басты себебі, меніңше, бұл феноменның ірге қалаушы белгісі — әмбебаптылық: бұл жерде орын алып отырған коллизиялар тек ғана саяси емес, сонымен бірге экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, рухани және өзге де қарама-қайшылықтарды білдірудің формасы болып табылады. Сондықтан саяси элита шеңберіне әртүрлі әлеуметтік, білімдік және өзге мәртебесі бар түрлі кәсіп иелері кіре алады.

Саяси элитаны рекрутинглеу механизмдері деп, қоғамдық құрылымы мен тарихи дәуіріне қарай міндетті түрде өзгеретін оның құрамына жаңадан келушілерді ұсыну басымдықтарын айтамыз, (мұндай басымдықтарға қан жағынан туыстық, мұрагерлік, мүлікке ие болу, партияда болу, жеке бастың сенімділігі, жастың ұлғайғандығы немесе жылдар өтілі, протекционизм және т.б. кезектесіп болып отырды). Және бұл арада тағы айта кететін жәйт, рекрутингтеудің басым механизмдерінің ерекшеліктері қоғамның ашықтығы немесе жабықтығымен байланыспайтындығы сияқты, элиталы рекрутингтеудің ерекшелігімен де байланыспайды. Мысалы, жабық кеңестік қоғамда өз сипаты жағынан ашық элиталы рекрутингтеу негізінен жабық механизмдердің көмегімен жүзеге асырылды (бұл жерде іріктеудің «номенклатуралы» басымдығын, жылдар өт басымдығын, жылдар өтілі қажеттілігін, көптеген институционалды сүзгілі қажеттілігін, көптеген институционалды сүзгілердің болуын, есепілердің болуын, есеп, мыса, мысалы, әлеуметтік тек, партиялылық, жас, жұмыс тәжірибесі сияқты факторларды тәжірибесі сияқты факторларды еске түсіруге болады). Бұл парадокс, менің ойымша, элиталы рекрутингтеудің жабық механизмдері басқарушы аппараттың барынша тиімділігін қамтамасыз етуі мақсатында (екпінді модернизациялау жағдайында) мұндай жарыста айқын артықшылықтары бар элиталы ортадан шыққандармен элиталы емес таптардың табысты бәсекелестігіне себін тигізуге арналғандығында.

Биліктің кез келген жүйесінің өмір тіршілігін қамтамасыз етудегі басты мәселеге басқарушы элиталар мен көшбасшылар құрамын іріктеу мен қалыптастыру жатады. Мұның өзінде тіпті жабық элиталар әлеуметтік-экономикалық қозғалыстардың, ықпалдың жаңа топтарының қалыптасуының, байлықтың бір қолдан екінші қолға ауысуының және т.б. әсерімен жаңарады. Билік басына қайсысының болсын келуі биліктің өзінің сипатын өзгертуі, мемлекеттік органдардың қызметін, үкімет пен қоғамның арақатынастарын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Элиталы орталар мен көшбасшылардың іріктелуі халықтың қолдауын жаулап аоуға ұмтылған түрлі күштер өкілдерінің өткір бәсекелес күресінде өтеді. Қоғам үшін маңызды осы үдерістегі

жаңылысулар тиісті қызметтерді атқаруға дайындалынбаған, билік саласында тек тар пайдакүнем мақсаттарды көздейтін, уақытша, репрезентативсіз (халықтың мүдделерін дұрыс қорғамайтын) тұлғалардың іріктелуіне әкеп соқтырады.

2. Жалпы алғанда саяси теория көшбасшылар мен элиталарды рекрутингтеудің (іріктеудің) әдістерінің екі класын сипаттайды. Бұл сонымен бірге жекелеген елдерде қалыптасқан саяси жүйелер сипатына қарай қолданылатын әмбебап әдістер. Саяси элиталар теориясының маңызды аспектісі – олардың қалыптасу мен жүзеге асырылуының мәселесі. Саяи элитаның әлеуметтік өкілділігі мен сапалық құрамы көбіне рекрутингтеу (іріктеу) жүйесіне байланысты болады. Бұл жүйелер мынаны анықтайды: кім және қандай ортадан іріктеуді жүргізеді және оның критерийлері мен себептері қандай.

Элиталарды рекрутингтеудің негізгі екі жүйесі бар – антрепренерлік және гильдиялардікі. Шынына келгенде олар қандай да болсын бір түрде үйлеседі және бірінің кемшіліктерін екіншілерінің артықшылықтары толықтырып тұрады.

Антрепренерлік жүйені былай ажыратады:

  • ашықтық, кез келген қоғамдық топтардың жетекші орындарға ие болуына үміт арту мүмкіндіктерінің болуы;

  • институционалды сүзгілердің аз болуы, яғни қызметке тұруға қойылатын қағаз жүзіндегі талаптардың аз болуы;

  • елдің бүкіл сайлаушылары кіре алатын іріктеуге қатысатындардың кең ауқымы;

  • іріктеудің жоғары бәсекелестігі, жетекші лауазымдарды иеленуге бәсекелестіктің өткірлігі;

  • жеке бас қасиеттерінің, жеке бас белсенділігінің, сайлаушылар қолдауын таба білудің бірінші кезектегі маңыздылығы.

Бұл жүйе жариялы және екпінді, білімді, инновацияларға қабілетті адамдар үшін неғұрлым тиімді.

Оның кемшіліктеріне басқарушы элитадағы өзгерістерге орай курстың жиі ауысуы, саяси шешімдердің әлсіз болжануы, элита ішіндегі шиеленістер, кәсіби емес, популизмге және ішкі эффектке бейім адамдардың ұсынылуының басым айқындығы.

Жалпы алғанда, тәжірибе көрсетіп отырғанындай, антрепренерлік жүйе заманауи реалийлерге көбірек сай келеді.

Қалыптасып келе жатқан постиндустриалды қоғам үшін элитаны рекрутингтеудің негізгі критерийне қабілеттер жатады, бірақ шығу тегінің, мүліктің факторлары да өз маңыздылығын сақтайды.

Гильдиялар жүйесіне келесі нәрселер тән:

  • жабықтық, негізгі лауазымдарға үміткерлерді элитаның өзінің ең төменгі қабаттарынан алу, олардың қызметтік иерархия баспалдақтарымен біртіндеп баяу жылжуы;

  • іріктеу барысы институционалдануының жоғарғы деңгейі, лауазымға ие болу үшін көптеген сүзгінің – қағаз жүзіндегі талаптардың болуы: партияда болуы, жасы, жұмыс өтілі, білімі, бұрын ие болған лауазымының деңгейі, оңтайлы мінездеме, ұлты және т. б.;

  • селектораттың тар, қатысты түрде жабық шеңбері, оған, әдетте, тек жоғарыда тұрған жетекші органның мүшелері ғана немесе тіпті бірінші жетекші – үкімет немесе фирма басшысы, партия аудандық комитетінің бірінші хатшысы және т.б. кіреді.;

  • элитаның өмірде бар типінің жоғарыда келтірілген сипаттамалардан шығатынын жүзеге асыру тенденциясы.

Гильдиялар жүйесі тоталитарлы елдерде басым болды. Олардың бөліктері Ұлыбританияда, Жапонияда, Германия мен өзге елдерде бар.

Көшбасшылар мен элиталарды рекрутингтеудің аталған әдістерінің әрбірінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Тіпті гильдиялық үлгінің бюрократизмі мен жабықтығының да заңдылық, болжанушылық және формализация есебінен бірқатар артықшылықтары бар. Француз әлеуметтанушысы П. Бурдье атап көрсеткеніндей, кәсіби іріктеу критерийлері барынша аз қағаз жүзінде болса, сол жерде элитаны олигархтандырудың алғышарттары пайда болады. Дәл солар жерлестік, туыстық, достық немесе клиентела негізінде элитаға іріктеудің алдын алады (В. Рейнхард).

Іріктеудің осы әдістерімен бірге әр елде тек соның өзіне тән және билік құрылымдарына адамдарды іріктеу мен ұсынудың ерекше саяси шарттарына сәйкес келетін ұлттық әдістері де қалыптасуы мүмкін. Мысалы, 80-ші жылдар аяғы мен 90-жж. басында Ресейде осындай механизмдердің тұтас бір қатары болды, олардың бірі биліктің рычагтарындағы партиялы-шаруашылық номенклатураның «толқындарының ауысуын» қамтамасыз етті; өзгелері көптеген тасушылардың партиялы-комсомолдық мәртебелердің меншікті иеленуге «айналдыру» барысымен сипаттады, сол арқылы олар басқарушы таптың жетекші фигураларына айналды; үшіншілері өз өкілдерін федералды деңгейге делегаттаған аймақтық элиталар әрекеттерінің ерекшелкітерін ашты және т.б.

Демократиялық мемлекеттерде элиталарды рекрутингтеу басымдықтары мен әдістері адамдардың іскер қасиеттері мен олардың күрделі қоғамдық қызметтерді орындауға беімделгендігімен қатар олардың кәсіби қызметінің мақсатының қарапайым азаматтардың мүдделерінен ажыратылуына кедергі келтіретін моральдік қасиеттерін де ескеруге тырысулары қажет.

Элиталар теориясының тағы бір категориясын қарастырайық. Рекрутингтеу арналары деп, саяси иерархия шыңына жылжу жолдары аталады. Зерттеушілер негізгі институционалдық арналар қатарына мемлекеттік аппаратты, жергілікті басқару органдарын, армияны, саяси партияларды, діни ұйымдарды, білім жүйесін жатқызады. Қандай болсын бір арнаның басым болуы саяси дамудың тарихи дәстүрлеріне, саяси режим ерекшеліктеріне және т.б. байланысты.

Түрлі елдердегі элиталарды рекрутингтеудің қандай да болсын бір арналарының тиімділігін салыстыру үшін қызық материалды Р.Патнемнің «Саяси элиталардың салыстырмалы зерттеуі» деген жұмысы береді. Патнем Батыс елдерінің көбіндегі және үшінші әлем елдеріндегі парламенттік режимдеріндегі биліктің жоғары эшелондарының қалыптасуындағы саяси партиялар ролінің маңызды екендігін көрсетеді.

Бюрократиялық аппарат негізінен дамушы елдерде элитаның қалыптасуының маңызды арнасының ролін атқарады, алайда Германия, Жапония, Швеция сияқты дамыған мемлекеттерде биліктің жоғары эшелонының елеулі бөлігі өзінің саяси элита құрамындағы жағдайы үшін дәл мемлекеттік қызметке міндетті. Жергілікті өзін өзі басқару жүйесінде АҚШ, Германия, Франция, Италия, Австрия парламентінің мүшелерінің көпшілігі жұмыс істеді. Ұлыбритания мен АҚШ тың саяси жүйелеріне биліктің жоғары эшелондарының қалыптасу барысына осы аядағы жұмыс өтілінің салыстырмалы әлсіз ықпалы мен саяси элитаны рекрутигтеу арнасы ретінде мемлекеттік қызметтің кеш институционалдануы тән. Ресейде, керісінше, мемлекеттік қызмет дәстүрлі түрде даусыз, өзге арналар арасында бәсекелесі жоқ, «көшбасшы» болды.

10 - дәріс. Элитаны қалыптастыру фактор ретіндегі элиталы білім

Дәрістің мақсаты: Элитаны қалыптастыру фактор ретіндегі элиталы білім беру жүйесін қарастыр.

Дәрістің жоспары:

  1. Элиталы білім ұғымы

  2. Аутентикалы білім

  3. Білім беру жүйесін сараптау

  4. Білім беру жүйесін жобалау

Негізгі түсініктер: элиталы білім, түпнұсқалы білім, кеңістіктік-пәндік және әлеуметтік ортасы, аутентикалы білім, экспертиза.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]