
- •1.1 Қаржы саясаты, оның мазмұны, міндеттері, мақсаттары және кағидаттары
- •Қаржы саясатының мемлекеттік экономиканы реттеудегі рөлі
- •2 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты
- •2.1 Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және қаржы механизмі
- •2.2 Қазақстан Республикасының қаржы саясатының экономикадағы рөлі
- •2.3 Қазақстан Респулбикасының қаржы саясатының дамуы және жетілдіру жолдары
- •Қорытынды
Қорытынды
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамьпудың басты бағьптарының стратегиясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жолдарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық-заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-теңдігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі жөне сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын шоғырландыруға және зәру міндеттерді шешуге бағытталған, тап осы мемлекетгің қоғамдық өндіріске ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Экономика мен қоғамның әлеуметтік дамуына қаржы саясатының ықпал жасауы қаржы саясатының ғылыми негізделген теориясы негізінде жүзеге асуын талап етеді.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.
Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. С. Кұлпыбаев, Қ. Қ. Ілиясов , Қаржы - Алматы 2005ж. – 552 б.
2. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова, Макроэкономика – «Экономика»
баспасы 2003ж. – 432 б.
А.Д. Үмбеталиев, Ғ. Е. Керімбек «Салық және салық салу» Оқулық Алматы: Экономика 2006.-864 б.
Л. С. Валинурова, О. Б. Казакова «Инвестициялық қызметті басқару» Оқулық, Мәскеу,2005 жыл
Әмірқанов Р.Ә., Тургулова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. -
Алматы: 1999. - 188 бет.
6. Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. — М.: 2001. - 760 с.
7. Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие. - Петербург:
2000. - 192 с.
8. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. — М.: Приор, 2000. – 256 с.