Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсавой АЙЗАТ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
205.82 Кб
Скачать

2.3 Қазақстан Респулбикасының қаржы саясатының дамуы және жетілдіру жолдары

     Экономика дамуының қазіргі кезеңінде қаржы механизмін жетілдірудің міндеттері өндірісті кеңінен демократияландырумен, коммерциялық негіздерді, нарықтық реттеуді ендірумен, шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне экономикалық ынталылықты күшейтумен байланысты болып отыр. Ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды ұтымды пайдалану арқылы қаржы механизмі шаруашылық жүргізудің түпкілікті нәтижелеріне белсенді түрде әсер етеді.

     Экономиканы реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты- бюджет пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай- күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

   Фискалдық саясат мақсаты: Ел экономикасының өнімділігі мен оны әртараптандыруды арттыру, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу мақсатында салық-бюджет саясатының тетіктерін жетілдіру. Міндеттері: салық-бюджет жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру, мемлекеттік шығыстардың қалыпты қатаң саясатын жүргізу және ұлттық қордың активтерін тиімді басқаруды жүзеге асыру. Экономикаға салық жүктемесін оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және олардың ашықтығын арттыруға бағытталған салық саясатын жүргізу жолымен шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыру. Бюджет қаражатының мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі міндеттерін шешуге жұмсалуын қамтамасыз ету.

    Салық-бюджет жүйесінің макроэкономикалық тұрақтылығын және орнықтылығын қолдау үшін мыналар көзделеді:          орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің номиналды қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстары өсімінің номиналды қарқынын қамтамасыз ету;         бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығын бірте-бірте төмендету;         Ұлттық қордың активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған қаражатын қалыптастыру мен пайдалану тетігін жетілдіру;          мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз бен борышты, мемлекеттің кепілгерліктерін тиімді басқару, оның ішінде сыртқы қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу, бюджет тапшылығын қаржыландыру құрылымында сырттан қарыз алу үлесін азайтудың жолымен мемлекеттік борыш құрылымын оңтайландыру.         Салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау мен бағалау және әлемдік тәжірибе негізінде елдегі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыру мақсатында мыналар көзделеді:       орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жүктеме деңгейін арттырмастан кезең-кезеңімен қайта бөлу бойынша салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;         кедендік және салық әкімшілігін жүргізу;  салық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру;       2010 жылдан бастап экономиканың шикізаттық емес секторында шағын және орта бизнестің жобалары бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алудың хабарлау жүйесін енгізу.        Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын тиімді шешуге арналған бюджет шығыстарын бағдарлау үшін мыналар көзделеді:            стратегиялық, орта мерзімді және бюджеттік жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін ықпалдастыру;           бюджетті жоспарлау және атқару процесін бюджеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелілігіне, тиімсіз шығындарды қысқартуға бағдарлау;           бюджетті қалыптастыру мен атқару процесінің ашықтығын қамтамасыз ету;           бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті сақтау бойынша қойылатын талаптарды күшейту;  бюджет ақшасын (қолма-қол ақшаны) басқарудың сапасын арттыру.

     Нәтижелері: салық-бюджет саясаты тетіктерінің, бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру, мемлекеттің қаржылық міндеттемелерін толық орындау. 

     Демек, ел экономикасын реттеудегі қаржы саясатының рөлі аса маңызды болып табылады. Біздің мемлекетімізде де қаржы саясатынсыз  қоғам дамуының бейнесін елестету қиын. Қаржы саясаты Қазақстан  Республикасында  тиімді жасалып келеді. Негізгі мақсаттарға жету мен міндеттерді шешу барысында Үкімет осы қаржы саясатына арқа сүйейді. Халықтың әл-ауқаты, мемлкеттің өсу әлеуеті тікелей қаржы саясатына тәуелді болып табылады. Міне, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына тиетін қарастырылып отырған саясаттың үлесі өте зор.