Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
parlamentarizm_bilety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.04 Кб
Скачать
  1. Парламенттік тыңдаулар –парламентаризм қызметінің маңызды бағыты.

Парламент Мәжiлiсi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдау өткiзедi. Парламенттiк тыңдау Палата қызметiн ұйымдастыру нысаны болып табылады, оның мақсаты - өз құзыретiне жататын аса маңызды мәселелердi алдын ала талқылау.

Парламенттiк тыңдауды дайындау үшiн арнайы уақытша комиссиялар құрылады.

Парламенттiк тыңдаудың тақырыбы, олардың өткiзiлетiн уақыты мен орны туралы хабарлама парламенттiк тыңдау басталғанға дейiн жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарына берiледi.

Парламенттiк тыңдауға шақырылған адамдардың құрамын осы тыңдауды ұйымдастыратын Палата комитеттерi, комиссиялары белгiлейдi.

  Парламенттiк тыңдауды Палата Бюросының шешiмi бойынша Мәжiлiс комитеттерi өткiзедi.

Палата комитеттерi мен комиссиялары бiрлескен парламенттiк тыңдау өткiзуi мүмкiн.

Парламенттiк тыңдау бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық өкiлдерi үшiн ашық болады.

Палата Бюросының немесе комитеттiң (комиссияның) шешiмi бойынша, егер тыңдау мемлекеттiк және заңмен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын мәлiметтерге қатысты болса, жабық тыңдау өткiзiлуi мүмкiн.

Ашық парламенттiк тыңдаудың есептерi Парламент басылымдарында жариялануы және бұқаралық ақпарат құралдарында жазып көрсетiлуi мүмкiн.  

Парламенттiк тыңдауды Палатаның тиiстi комитетiнiң, комиссиясының төрағасы жүргiзедi.Парламенттiк тыңдау Палаталардың бiрлескен немесе бөлек жалпы отырыстары күндерi өткiзiлмейдi.

 

Парламенттiк тыңдау қорытындылары бойынша тыңдауға қатысқан Палата депутаттары көпшiлiгiнiң мақұлдауы арқылы алынған ұсыныстар қабылданады.

Парламенттiк тыңдауда қабылданған ұсыныстар барлық депутаттарға, тиiстi мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктерге жеткiзiледi және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылуы мүмкiн.

5.Қазақстандағы 2007 жылғы конституциялық реформаның парламентаризм институын дамыту үшін маңызы, өзгерістердің негізгі бағыттары

2007 жылы Конституцияға өзгерістер еңгізілді. Конституциялық реформалар жүзеге асты. Бұл реформаларда халықтың тілегі, биліктің ұсынысы және оппозицияның талабы үйлесімділік тапқан. Енді, жаңа өзгерістерге сай Парламент құзыреті кеңейтілді. Үкімет бұрын Парламент палатала­рына және Парламентке есеп берумен шектелсе, ендігі жерде өзінің бүкіл қызметінде Президент алдындағы жауаптылығы мен бірге, Конситуцияда көзделген жағдайларда Парламент мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты Конституцияға толық сай келтіру үшін жүргізілген сайлау жүйесін реформа­лау, саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған маңызды тарихи қадам болды. 2007 жылдың 18 тамызында Парламент Мәжілісіне сайлау өткізілді.

Конституцияға еңгізілген өзгерістер негізінде мажоритарлық жүйенің орнына жаңа пропорционалдық жүйе арқылы тұңғыш рет сайлау жүзеге асты.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде де конституциялық өзгерістер қарастырылған. Осының бір көрінісі ретінде облыс әкімдері мен республикалық маңызға ие қалалар әкімдерінің жергілікті мәслихаттардың келісімімен тағайындалуын айтуға болады. Мәслихаттар енді қарапайым көпшілік дауыспен әкімдерге сенімсіздік білдіре алады. Сөйтіп, ендігі жерде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары жүзеге асады. Мәслихат депутаттарын жергілікті жерлердегі маңызды мәселелерді шешу үшін өңірлердің тұрғындары өздері сайлайды.

. Конституциялық реформа – Елбасының қарымды стратегиялық бағыт-бағдарының, оның алысты көре білуінің айғағы. Мұның өзі біздің елімізде демократия мен азаматтық қоғамды ұштастыра дамыту жөнінде, сабақтастыра жүргізілген саясаттың жемісі болып табылады. Мемлекеттің заңдылық, демократиялық тұрғыдан дамуы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қаншалықты дәрежеде қорғалғанын көрсетеді. Осы көрсеткіш құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам орнатудың ең негізгі белгісі. Біздің Конституциямыз осы талаптарға толығымен сәйкес келеді. Конституция бой­ынша мемлекетіміз Президенттік-Парламенттік басқару тұрпатына ие болды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]