Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
parlamentarizm_bilety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.04 Кб
Скачать
  1. Қазақстанда саяси-әкімшілік реформаны жүзеге асырудағы Парламенттің заң шығарушылық қызметінің маңызы.

Мемлекеттiк басқаруды реформалаудың негізгі мақсаты 2015 жылға қарай корпоративтік басқару, нәтижелiлiк, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттары негізінде мемлекеттiк басқарудың жаңа сапалы моделін құру арқылы азаматтардың құқықтары мен бостандығын барынша іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.

Парламенттің басты қызметі заң шығару және үкімет пен басқа да мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылау болып табылатыны сөзсіз. Бақылаушылық қызметі лауазымды тұлғалардың есебін тыңдау, жұмысын тексеру, халықаралық шарттарды мақұлдаудан көрініс табады. Сонымен қатар Парламенттің әкімшілік-басқарушылық (мысалы, жоғары лауазымдарға тағайындау және босату), соттық (импичмент жариялау, рақымшылық жасау) және құрылтайшылық (мемлекеттік институттар құру) өкілеттігі де болады. Осы орайда, Парламенттің басты қызметі – заң шығару процесінің жүргізіліп отырған жаңғыртулар үшін маңыздылығы туралы айта кету керек:

  • Парламент жоғарғы өкілетті және заң шығарушы орган ретінде саяси реформалардың жалпы бағдары, оның стратегиясы мен күтілетін нәтижелерді талдау мен анықтаудың маңызды құралы болып табылады.

  • Заң шығару және заңнамалық жүйеге өзгертулер мен толықтылулар енгізу арқылы Парламент реформалардың нормативтік-құқықтық базасын дайындайды.

  • Конституция бойынша Парламентке берілген бақылау функциялары заңдарды жүзеге асыруға қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Заңнамалық қызметке тоқталсақ, реформалар науқанында шығарылатын заңдар кемел, толық және бұрмалануға мүмкіндік туғызбайтындай әзірленуі өте маңызды. Мәселен, шетелдік тәжірибеде (айталық, 90 жж Ресей) заңдардың жеткілікті болмауы және барлық мәселелерді қамти алмайтындақтан кейбір бастамалар құрып кеткендігі туралы есте сақтау керек.

2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жеке құзыреттері.

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжiлiсі - Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі — бес жыл.

Конституция бойынша Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;

3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды;

4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді;

5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]