Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farma_ustny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.48 Кб
Скачать

4)Прозерин

Rp.: Solutionis Proserini 0,05%-1ml

D.t.d. №10 in amp.

S. 0,5-1 мл тері астына

Холинэстеразаға қарсы зат. Күшті қайтымды холинэстеразалық белсенділікке ие. Перифериялық жүйелерге әсер етіп, ГЭТ –дан нашар өтеді. Миастенияда, ми жарақатынан болған қозғалыс бұзылыстарында, параличте, ауыспалы минингиттен соң, полиомиелит, энцефалит, көру нервісінің атрофиясында, глаукомада, невриттерде, АІЖ және қуық атониясы кезінде қолданылады. Ішке және парентералді қабылдайды. Ішке тамақтың алдында 30 минут бұрын. Ересектерге 10-15 мг және 10 жасқа дейінгі балаларға 1 мг – нан тағайындалады. Ішке - Ересектерге максимальды бір реттік дозасы 15 мг, тәуліктік дозасы 50 мг, тері астына – бір реттік дозасы 2 мг, тәуліктік дозасы 6 мг.

Миастенияны емдеу үшін Прозеринді ұзақ қолданады. Ал басқа жағдайларда емдеу курсы 25-30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда оны 3-4 апта үзілістен соң қайта тағайындауға болады.

Артық дозада қолданғанда немесе гиперсезімталдылық кезінде науқаста мынадай жанама әсерлер дамиды: миоз, гиперсаливация, құсу, лоқсу, ішек перистальтикасы артады, іш өтеді, көрудің бұзылыстары, кіші дәретті жиі сындыру, аритмия, бронхоспазм.

Қолдануға тиым салынады: бронх демікпесінде, стенокардияда, айқын атеросклерозда, эпилепсияда, жүктілікте, лактация кезінде.

5) Атропин сульфаты (Атропин, Атромед.)

Атропин жоғары таңдамалы әсерлі М-холиноблокатор. Атропиннің, әсіресе спазмалитикалық әсері айқын байқалады. М-холинорецепторларды тежей отырып, атропин көпетеген тегіс бұлшық етті мүшелердің холинергиялық жүйкесінің ынталандырғыш қасиетін жояды. Оның әсерінен асқазан ішек жолдарының және өт қапшығының, бронхтарының, қуық бұлшық еттерінің тонусы төмендейді, көз қарашығы кеңейеді, көзішілік қысымды жоғ., бездер секрециясын тежейді, аккомадацияның салдануын шақырады және көз алыстан көруге бейімделеді. Атропин офтальмологиялық диагностикада қолданылады, асқазан ойық жарасында, бронхиалды демікпеде, паркинсонизмде, брадикардияда, иридоциклитте, бауыр, бүйрек шаншуында, аса жоғары тершеңдікте, тегіс салалы бұлшық еттің спазмында қолданады.

Атропинді ішке (тамаққа дейін), парентералды (асқорыту жолынан өтіп) және жергілікті (көз тамшылары түрінде). Ішке ересектерге ұнтақ, таблетка және ерітінді (0,1%)

0.00025-0.001 (0.25-1 мг) –нан күніне 1-2 тағайындайды. Тері астына, бұлшық ет ішіне, тамыр ішіне осындай дозаларда (0.25-1мл 0.1% ерітіндісін ). Балаларға жасына байланысты 0,00005 г (0,05 мг)-0,0005 г (0,5 мг) тағайындайды.

Атропинді асқазан және он екі елі ішек ойық жарасында қолданғанда препаратты ішке индивидуалды түрде(әдетте ауыз қуысында жеңіл түрде құрғақтық пайда болғанша) тағайындайды. Атропинге сезімталдыққа байланысты 0,1% ерітіндіні 6-8-10-12-15 тамшыдан күніне 2-3 рет тамаққа дейің 30-40 мин бұрын немесе тамақтан кейін бір сағаттан соң тағайындалады.

Ересектерге максималды доза тері ішіне және астына : бір реттік – 0.001 г (1 мг) . тәуліктік – 0.003г (3мг)

Холиномиметикалық және антихолиноэстеразалық заттармен уланғанда 0,1% ерітіндіні холинэстераза реактиваторларымен тамыр ішіне тағайындайды.

Бронхоспазм кезінде атропин аэрозоль түрінде қолданылады 0,25 мл 0,1% ерітіндіні 2-3 мин вдыхает.

Ал офтальмологиялық практикады емдік мақсатта 0.5-1% ерітіндіні (көз тамшысын ) күніне 2-6 рет 1-2 тамшыдан тамызады. Сонымен қатар1% атропин жағылмасы қолданылады. Препарат 30-40 минуттан кейін максималды қарашықтың кеңеюін шақырады, әсері 7-10 күн.

Атропинді өте сақтықпен қолдану керек. Оның мөлшерден көп қолданғанда кездесетін жанама әсерлерге жатады: ауыздағы құрғақтық,көз қарашығынығ кеңеюі, аккомадация бұзылысы, тахикардия, зәр шығарудың қиындауы, ішек атониясы, бас айналу, бас ауру. Препаратты конъюктивалды қапшыққа тамшы түрінде тамызғанда ерітіндінің жас шығару жолдарына түсіп ары қарай сіңіп кетпес үшін жас шығару жолдарын басып тұру керек .

Препаратты глаукомада, ішек және зәр шығару жолдарының обструктивті ауруларында қолднуға болмайды. Препаратты жарықтан қорғайтын жерде сақтаңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]