Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farma_ustny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.48 Кб
Скачать
  1. Изадрин – анаприлин

Изадрин β- адреномиметик, Анаприлин β-адреноблокатор. Бұл екі препаратты бірге қолданғанда екі жақты антагонизм болады. Анаприлин изадриннің токолитикалық, бронхолтикалық әсерін тежейді. Бұл жағдайды бронхиалды астманы емдегенде және уақытынан ерте босану қаупі болғанда ескеру қажет. Анаприлинді қолданғанда пайда болқан бронхиалды астманы емдегенде изодринді қолдануға болмайды.Орнына эуфиллин немесе глюкокартикостероидты қолданады.

29) Тиопентад – натрий – эфир

Ингаляциялық наркозға арналған эфир

Наркозға арналған эфир химиялық құрылымы бойынша диэтил эфиріне жатады.Оның наркотикалық белсенділігі айқын, наркотикалық кеңдігі жеткіліктің, уыттығы төмен.Эфирлік наркоз жеңіл басқарылады.Анальгезия сатысы ауыру сезімдерінің басылуымен сипатталады.Бұл кезде сана сезім сақталған, бағдар бұзылған.Эфирлік наркозға ұзақ қозу сатысы (10-20мин) тән.Бұл наркозға кіруді айтарлықтай қиындатады.Бұл ми қыртысының тежелуімен және төменде көрсетілген орталықтарды бақылайтын субординациялық механизмдердің тоқтауына байланысты. Сана сезім тоқтайды. Қозғалыс және сөздік қозулар байқалады.Эфирді қолданғанда симпатикалық-адреналдық жүйенің орталық тармақтары белсенденед,. Бүйрек үсті безінен адреналиннің бөлінуіне акеледі.Эфирлік наркоздан кейінгі ояну өзгермеген түрде өкпе арқылы шығуына байланысты біртіндеп(шамамен 30 мин) жүреді. Ми қызметін толық қалыпқа келтіру үшін бірнеше сағат керек.

Үлкен дозада қолданғанда: тыныстың көлемі және жиелігі жылдам төмендеп, асфексия дамиды, жүрек жетіспеушілігі дамиды, артериялық қысым төмендейді.Қарашықтар агония сатысын да күрт төмендейді.

Ингаляциялық емес натрий тиопенталы көктамырға енгізгенде 1 мин кейін қозу сатысынсыз наркоз шақырады. Наркоздың ұзақтығы 20-30 мин. Инактивациясы бауырда жүреді.Препаратты енгізгенде бұлшықеттерде тырысулық тартылулар байқалады. Кейбір науқастарда ларингоспазм дамиды.Препаратты өте баяу енгізу керек, өйткені концентрацияның жылдам өсуі тыныс және тамырқозғалтқыш орталықтарға, жүрекке тежегіш әсер көрсетеді.Жергілікті тітіркендіргіш қасиет тән.Оны кіріспе наркозда немесе қысқа операциялық кірісулерде қолданады.

30) Спиролактон- дихлортиазид

Бүйрек өзекшелері эпителиінің қызметіне тікелей әсер ететін диуретик Дихлортиазид.

Химиялық құрылысы бойынша ол бензотиадиазин туындыларына жатады.Негізінен дистальды өзекшелердің бастапқы бөлігінде Na+/Cl- тасымалдаушы жүйесін тежей отырып , натрий, хлор иондарының реабсорбциясын тежейді.Калий ионының секрециясын арттырады.Магний ионының экскрециясын бұзады.Осының бәрі зәрмен натрий, хлор, магний иондарының бөлінуінің жоғарылауына әкеледі.Аз дозада несеп қышқылының шығарылуын азайтады және гиперурикемия шақыруы мүмкін.

Препарат алкалоз бен ацидозда белсенділігін сақтайды.Дихлортиазид диуретик ретінде , гипотензивті зат ретінде, глаукомада, диурезді азайту үшін, гиперкальциурияда қолданылады.Гипокалиемия және гипомагниемияны шақырады. Альдестерон антагонисті спиролактон Альдестерон натрий ионының шығарылуын азайтады, калий ионының секрециясын жоғарлатады.Спиролактон нефронның сол бөліктеріне әсер етеді. Ол жасуша ішіндегі альдестерон әсер ететін рецепторларды тежейді, натрий, хлор, судың сәйкес мөлшерінің шығарылуын жоғарылатады. Спиролактон- салыстырмалы түрде белсенділігі аз диуретик.Спиролактонды көбінесе басқа зәр айдайтын заттармен, әсіресе гипокалиемия тудыратындармен жұптастырылып тағайындалады.Осы қасиеттеріне байланысты спиролактонды Дихлортиазидпен жұптастырып қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]