
- •1) Лидокаин
- •2) Новокаин
- •3)Пилокарпин гидрохлориді (Пилогель, Саладжен)
- •4)Мезатон (Фенилэфрин гидрохлориді, Визадрон)
- •5) Прозерин инъекцияға арналған (Eustigmin, Metastigmin,Miostin, Neoeserin, Stigmosan және т.Б)
- •6) Адреналин гидрохлориді инъекцияға арналған (Epinephrine hydrochloride)
- •7) Изадрин
- •8)Нитразепам
- •12)Кофеин бензоата Натрия для инъекций.
- •13) Дигоксин(инъекция үшін)
- •14)Аскорбин қышқылы(инъекция үшін)
- •15) Новокаинамидтің инъекцияға арналған ерітіндісі.
- •19)Цианокобаламин
- •20) Каптоприл
- •21) Гепарин
- •22)Фурасемид
- •24) Актрапид инъекция
- •25) Гентамицин
- •26)Инекцияға арналған магний сульфаты
- •29) Цефотаксим
- •30)Ципрофлоксацин
- •3)Нафтизин (нафазолин)
- •4)Прозерин
- •5) Атропин сульфаты (Атропин, Атромед.)
- •6) Нитразепам (Берлидром, Нитразадон, Нитрам, Нитросан)
- •14) Гидрохлортиазид.
- •19) Преднизолон:
- •20)Кавинтон(ми қан айналым бұзылғанда қолданылатын заттар)
- •21) Фурозолидон
- •22) Левамизол
- •23) Ампициллин
- •24) Нистатин
- •29) Тербинафин
- •30)Ацетилсалицил қышқылы
- •1)Изониазид-стрептомицин-канамицин
- •2) Гепарин-протамина сульфат
- •3)Морфин-Налоксон
- •4)Прозерин-Тубокурарин
- •5) Анестезияға прналған новокаин –Адреналин ерітіндісі
- •6) Барбитураттар-Бемегрид
- •8)Цефалоспориндер-аминогликозидтер
- •9)Нейролептик-циклодол.
- •15) Адреналин - фторотан.
- •16) Тетрациклин - пенициллин.
- •Изадрин – анаприлин
- •29) Тиопентад – натрий – эфир
- •30) Спиролактон- дихлортиазид
15) Адреналин - фторотан.
Екі немесе бірнеше дәрілік препаратты бірге қолданғанда әсер ету ұзақтығы, немесе фармакологиялық әсері, немесе әсер ету күштілігі өзгеруі мүмкін. Сондықтан да міндетті түрде дәрігермен кеңес жасау керек. себебі кейбір препараттар өзара әсерлеспеуі мүмкін. Адреналин мен фторотанды бірге ингаляциялық наркоз үшін қолданылады. Негізінде бірге қолдану аритмия пайда болу қаупін шақырады, өте мұқияттықпен қолдану керек немесе мүлдем қолданбаған дұрыс.
16) Тетрациклин - пенициллин.
Бір мезетте қолданылған препараттардың бірінің әсері баяулауы немесе әсер етпеуі антагонизм д.а. бұл дәрігерлердің тәжірибесіндегі маңызды мәселе. Пенициллин мен тетрациклин микробқа қарсы препараттарды бірге қолданғанда пенициллиннің әсері төмендейді, пенициллин бөлінген микробтарды жойса, тетрациклин олардың бөлінуін қамтамасыз етеді.
19) Неодикумарин-витамин К.Әсері тікелей емес антикоагулянттарға 2 химиялық заттардың тобы жатады:
4-оксикумарин туындылары – неодикумарин, синкумар, варварин;
Индандион туындысы – фенилин
4-оксикумарин
және индандион туындыларын шартты
түрде
витаминінің антагонисттері деп
есептейді. Олардың әсер ету принципі,
К витамині эпоксидінің редуктазасын
тежейді және
-
эпоксидтің ІІ, VII, ІХ, Х факторлардың
синтезін тежейтін К витаминінің белсенді
түріне тотықсыздануына едргі жасайды.
Осылайша, олар бауырда К витаминіне
тәуелді протромбиннің, проконвертиннің
және бірқатар басқа факторлардың да
(қанда бұл факторлардың мөлшері азаяды)
синтезін тежейді. Гипариннен айырмашылы
әсері тікелей емес антикоагулянттар
тек тұтас ағза жағдайында тиімді; олар
in vitro қан ұюына әсер етпейді. Оларды
энеральды енгізгендегі белсенділігі
осы топ антикоагулянттарының үлкен
артықшылығы болып табылады. Барлық
препараттар едәуір жасырын кезеңімен
және әсерінің біртіндеп жоғарылауымен
сипатталады. Мысалы, қан ұюының барынша
көп дәрежеде төмендеуі оларды
тағайындағаннан кейін 1-2 күннен соң
және одан да кеш дамиды, жалпы әсер ету
ұзақтығы 2-4 күнге дейін. Осы заттардың
бәрі кумуляцияланады.
4-оксикумарин және индандион туындылары қан кетулер, қан құйылу, диспепсиялық бұзылыстар, бауыр қызметінің тежелуі, аллергиялық реакциялар қолданылады. К витаминін жаңа туған нәрестелердің геморрагиялық аураларында, гепатитте, бауыр циррозында, созылмалы диареяда, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасында, жатырдан қан кетулерде тағайындайды.
20) Холинэстеразаға қарсы заттар-атропин. Атропин М-холинорецепторларды тежей отырып, көптеген тегіс бұлшық етті мүшелердің холинергиялық жүйкесінің ынталандырғыш қасиетін жояды. Оның әсерінен асқазан-ішек жолдарының, өт жолдарының және өт қапшығының, бронхтардың, қуық бұлшық еттерінің тонусы төмендейді. Атропин көздің бұлшық еттерінің тонусына әсер етеді, мидриаз шақырады, көз іші қысымы жоғарылайды, аккомодацияның салдануын шақырады, көз алыстан көруге бейімделеді. Атропин жүрек-тамыр жүйесіне әсері жүрек жағынан байқалады. Жүректе кезбе жүйкенің холинергиялық әсерінің төмендеуімен түсіндірілетін тахикардия пайда болады. Тамырларға және артериялық қысымға атропин мүлде әсер етпейді. Атропин бездердің – бронхиалды, мұрын-жұтқыншақ, ас қорыту, тер, жас секрециясын тежеу жатады. Атропин ОЖЖ-дегі М-холинорецепторларының қозуына байланысты эндогенді ацетилхолин мен холинэстеразаға қарсы заттардың әсерлерінің дамуына кедергі жасайды. Орталық холиноблокаторлық қасиетіне байланысты ол экстрапирамидтік жүйенің холинорецепторларын тежей отырып, қозғалыстың кейбір бұзылуларында (паркинсонизмде) тиімді әсер көрсетеді. Көптеген тамырлардың тонусы тек адренергиялық иннервациямен реттеледі. Сонымен қатар мұндай тамырларда иннервацияланбайтын М-холинорецепторлар да бар. Экспериментте эндотелийлерде қоздырғанда тамырлардың кеңеюін шақыратын М-холинорецепторлар орналасқаны көрсетілген. Соңғысы NO-эндотелиді релаксациялаушы фактордың босап шығуына байланысты. Холинэстеразаның негізі әсерлері бұл заттардың ацетилхолинэстеразаны тежеуімен және ацетилхолиннің гидролизіне кедергі жасауымен байланысты. Емдік мөлшерде брадикардия, жүрек жұмысы төмендейді, жүректің өткізгіш жолдарында қозудың берілу жылдамдығы баяулайды, артериалық қысым төмендейді. Холинергиялық иннервациясы бар бездердің (бронхиалды, ас қорыту, тер т.б.) секрециясын холинэстеразаға қарсы заттар күшейтеді. Холинэстеразаға қарсы заттар аз мөлшерде ОЖЖсін ынталандырады. Көздің миоз шақырылуын тудырады, көз іші қысымын төмендетеді, аккомодация спазмын шақырады, көз жақын жерден көруге бейімделеді. Холинэстеразаға қарсы препараттармен улану кезінде, соның ішінде ФОҚмен(фунгицит, гербициттер) жедел улануды емдеудің маңызды компоненттері – М-холиноблокаторларды (атропин, атропин тәрізді заттар) қолдану.
21)Анестезин- сульфадимезин Сульфаниламидтердің (екінші көрсетілген препарат Сульфадемизин) микробтарға қарсы әсер ету механизмі олардың пара-аминобензой (бірінші препарат Анестезин ) қышқылымен бәсекелес антагонизміне байланысты. Ал, пара-аминобензой қышқылы көптеген микроорганизмдер синтездейтін дигидрофолий қышқылының құрамына кіреді. Адам тіндерінде мұндай болмайды, себебі бұл тіндер тек дайын дигидрофолий қышқылын жұмсайды, сульфаниламидтердің микроорганизмдерге қарсы таңдап әсер етуі де осымен түсіндіріледі. Сульфаниламидтердің химиялық құрылысы пара-аминобензой қышқылына ұқсас болғандықтан оның дигидрофолий қышқылына айналуын тоқтатады. Сонымен қатар олар дигидроптероатсинтетаза ферментін бәсекелес тежейді. Дигидрофолий қышқылын синтезінің бұзылуынан тетрагидрофолий қышқылының синтезделуі азаяды, бұл пуриндік және пиримидиндік негіздердің синтезі үшін қажет. Нәтижесінде нуклеин қышқылының синтезі тежеледі. Осының салдарынан микро-мдердің өсуі және көбеюі тоқтайды. Сульфаниламидтерді ұзақ қолданғанда олраға біртіндеп микро-дің тұрақтылығы дамиды.
22) Фентанил- дроперидол. Фентанилді негізінен нейролептик Дроперидолмен жұптастырып нейролепанальгезияда қолданады. Бұл кезде психозға қарсы әсер айқын анльгезиямен үйлеседі.Сана сақталады. Екі препарат та жылдам және қысқа әсер етеді. Бұл қасиеттер нейролептанальгезияға кіруді және одан шығуды жеңілдетеді. Егер нейролептанальгезияға арналған заттарға азоттың шала тотығын қосса жалпы хирургиялық операцияларды жүргізуде қолданылатын жалпы ауруды басудың бір түрі теңестірілген анестезия. Мұнда әсері өте қысқа барбитуратты, опиоидты анальгетикті, деполяризацияға қарсы миорелаксантты және азоттың шала тотығын жұптастыруды айтады.
23) Жүректік ГЛИКОЗИДтер –ГЛЮКОКОРТИКОИДтар ГКС гипогликемия, гипомагниемияның түзілуіне септеседы, жүректік гликозидтер ингибиторы натрий - калий – АТФазаның ингибиторы, кардиомиоциттердің мембранасынан натрий мен калийді өткізеді. Ал ГКС жүректік гликозидтердің жұмысын арттырады содан жанама әсерлері күшейіп, калий клеткаға енбейді гипокалиемия болады. Жүректік аритмия дамуы мүмкін.
24)прозерин(холинэстеразаға қарсы) –дитилин(Кураре тәрізді деполяризациялайтын миорелаксант). Прозериндеполяризацияламайтын миорелаксанттарға антагонист, деполяризациялайтын миорелаксанттардың әсерін жоғарылатады.
25)адреналин –алфа адреноблокаторлар
Альфа адреноблокаторлар адреналиннің (эфедриннің) антоганисті болып табылады.Ол адреналиннің прессорлық әсерін басуға және бұрмалауға қабілетті . Альфа адреноблокаторлар адреналиннің рецепторлармен байланысына кедергі келтіреді.Адреналиннің әсерін тежейді. Адреналин α-адреноблокаторлардың қатысында артениялық қысымды жоғарылатпайды, керісінше төмендетеді. Нәтижеінде тамырлар кеңееді. Адреналиннің қандағы концентрациялары жоғарылағаннан болған артериялық гипертензияда альфа –адреноблокаторлар қолданылады.