Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farma_ustny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.48 Кб
Скачать

5) Анестезияға прналған новокаин –Адреналин ерітіндісі

Адреналин -альфа және бетта адреномиметиктерге жатады. Адреналинді жергілікті тамыртарылтқыш зат ретінде қолданады. Адреналин ерітіндісін жергілікті анестезиялаушы заттарға мысалы новокаинға оның әсерін ұзарту үшін және қан кетуді тоқтату үшін қосады, яғни адреналин новокаиннің әсерін ұзартады. Адреналинді енгізген аймақтың тамырларының тарылуы жергілікті анестезияны күшейтіп, олардың резорбтивті және уытты әсерлерін төмендетіп, новокаиннің сіңуін баяулатады.

Новокаиннің айқын анальгезиялық белсенділігі жеткілікті , бірақ басқа препараттардан төмен. Инфильтрациялық анестезияның ұзақтығы -30 мин-1сағ құрайды. Новокаиннің үлкен артықшылығы оның уыттығы төмендігі. Новокаин шырышты қабаттардан нашар сіңеді, сондықтан оны беткейлік анестезияда сирек қолданады. Новокаиннің кокаиннан айырмашылығы тамырларды тарылтпайды. Олардың тонусы өзгермейді немесе біраз төмендейді сондықтан новокаин ерітінділерін адреномиметиктермен (мысалы адреналин) қосып отырады.

6) Барбитураттар-Бемегрид

Бемегрид барбитураттардыңң , ұйықтатқыш заттардығ антагонисті болып табылады. Ол ОЖЖ , тыныс алуды және қан айналымды ынталандырады. Бемегрид барбитураттардың токсикалық әсерін төмендетеді, яғни тыныс алу және қанайналу бұзылысын. Бемегридті жіті барбитураттармен уланғанда, барбитураттармен наркоз кезінде тыныстың тоқтауын болдырмау үшін, барбитураттар мен тиобарбитураттармен наркозды тоқтату үшін, ауыр гипоксиялық жағдайлардан арылу үшін, наркотикалық заттармен уланғанда қолданады.Бемегридтті 0,5 % ерітінді түрінде жайлап тамырішіне енгізеді. Барбитураттармен жіті уланғанда, және барбитуратты наркоздан шығару үшін ерітіндінің 5 - 10 мл енгізеді.

Бемигридті психомоторлы қозуда, психозда қолдануға тиым салынады.

7)М-холиномиметиктер-атропин

М-холиномиметиктерге пилокарпин, ацеклидин препараттары жатады. Бұл 2 препарат глаукоманы емдеуде қолданылады. Көз қарашығын тарылтады.

Атропин-М-холиноблокатор болып табылады. Көз қарашығын кеңейтеді.

М-холиномиметиктерді мөлшерден тыс енгізгенде физиологиялық антагонистер ретінде М-холиноблокаторлар, яғни атропин қолданылады.

8)Цефалоспориндер-аминогликозидтер

Цефалоспориндер-құрылымында β-лактамды сақинасы бар антибиотиктер.

Аминогликозидтер(стрептомицин, гентамицин)-молекуласында аминқанттары бар антибиотиктер.

Аминогликозидтердің нефро-және ототоксикалық жаман әсерлері бар. Бірге қолдануға болмайды, себебі осы токсикалық әсерлер жоғарылап кетеді.

9)Нейролептик-циклодол.

Препарат:циклодол

Әсерлесу механизмі:антихолинергиялық әсерлер жинақталады

Әсерінің өзгеруі:холинергиялық әсерді күшейтеді,гипертермия болуы мүмкін

10) Тертациклин-кальций Антибиотиктердің әсері кальций препараттарымен қолданғанда төмендейді, асқазан ішек жолдарында күрделі қиын сіңірілетін қосылыстардың түзілуіне байланысты.Осыған байланысты тетрациклин мен кальций препараттарын қолдану интервалы 1,5-2 сағат болу керек немесе антибиотиктерді парентеральды қолдану керек

11) Наркозға арналған заттар –нейролептик. Наркозға арналған заттарды психозға қарсызаттармен(нейролептикпен) біріктіргенде жалпы ауру сезімін басады, вегетативті реакцияларды басады, психикалық тежелуге, үлкен молшерде естен тануға алып келеді, яғни нейролептиктер наркозға арналған заттардың әсерлерін шамадан тыс күшейте алады. Мысалы фентанил+дроперидол.

12.) Триметоприм-сульфаниламидтер. Екеуін жұптастырғанда дигидрофолатредуктазаны тежеп, дигидрофолийдің тетрагидрофолий қышқылына өтуін тоқтатады. Сульфаметаксазол мен триметопримнен тұратын бактрим(бисептол, котримоксазол, септрин) препараты бактерияға қарсы жоғарғы әсерлі, бактерицидтік әсерлі, қан сарысуындағы препараттың жоғарғы концентрациясы 3 сағ кейін анықталады, әсер ету ұзақтығы 6-8 сағ, бүйрек арқылы шығарылады, диспепсиялық бұзылыстар, тері аллергиялық реакциялар, жиі болады. Қан түзетін жүйені тежеуі мүмкін.Кейде бауыр, бүйрек қызметтерінің бұзылуы дамиды. Суперинфекция да дамуы мүмкін.Бауыр,бүйрек, қан түзу жүйесі айқын бұзылғанда қолданылмайлы,6 жасқа дейінгі балаларға, жүктілік кезінде тағайындалмайды. Сульфаметрол+триметоприм(лидаприм), сульфамонометоксин+триметоприм(сульфатон), сульфадимезин+триметоприм(потесептил) препараттары да осыған ұқсас.

13) Тетрациклин – Нистатин. Тетрациклинмен емдегенде оларға тән асқынулар суперинфекция болып табылады. Тетрациклиндер әсері кең спектрлі антибиотиктер болғандықтан ас қорыту жолдарының сапрофиттік микрофлорасын тежеп, кандидомикоздың және стафилококкпен, протеймен, көк ірің таяқшасымен шақырылатын суперинфекцияның дамуына қолайлы жағдай жасайды. Кандидомикоздың алдын алу және емдеу үшін саңырауқұлақтарға қарсы антибиотик Нистатин қолданылады. Сонымен қатар тетрациклинмен бірге В тобының витаминдерін тағайындаған жөн.

14) Изониазид – Рифампицин. Изониазид – Рифампицин препараттары туберкулезге қарсы 1-топ – тиімділігі жоғары препараттар қатарына жатады. Изониазид изоникатин қышқылы гидразидтерінің негізгі өкілі, синтетикалық зат болып табылады. Оның туберкулез микобактериясында жоғарғы белсенділік көрсетеді. Изониазид туберкулез таяқшасына бактериостатикалық, бактерицидтік әсер көрсетеді. Изониазидке туберкулез микобактериясының тұрақтылығы стрептомицин мен рифампицинге қарағанда өте баяу дамиды. Рифампицин алапес микобактериясына, грамм оң бактерияларға қарсы әсер көрсетеді. Микробтарға қарсы әсер механизмі РНК синтезінің тежелуімен байланысты болуы керек. Олар бактериостатикалық, ал жоғарға концентрацияда бактерицидтік әсер көрсетеді. Белсенділігі жағынан изониазидке жақын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]