Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
farma_ustny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.48 Кб
Скачать

14) Гидрохлортиазид.

Жүрек жеткіліксіздігі, бауыр қызметі бұзылған

немесе тырнақгүл гликозидтерін қабылдаған науқастарда аса сақ

болу керек. Таблеткаларды ас ішкеннен кейін қабылдау керек.

Ересектер

Антигипертензивті дәрілер ретінде, ұсынылатын бастапқы тәуліктік

доза бір қабылдауға 25-100 мг монотерапия немесе басқа

гипотензивті препараттармен біріктіріп. Кейбір науқастарға

монотерапия түрінде де және біріктірген түрде де 12,5 мг бастапқы

дозада ұсынылады. Тәулігіне 100 мг-ден аспайтын ең аз тиімді

дозаны қолдану керек. Егер Гипотиазид басқа гипотензивті

препараттармен біріктіргенде шамадан тыс гипотензивті әсерді

ескерту үшін дозаларды төмендету қажет болуы мүмкін.

Гипотензивті әсері 3 – 4 күн аралығында пайда болады, алайда

оңтайлы әсерге жету үшін 3 – 4 апта қажет болуы мүмкін. Емдеу

аяқталғаннан кейін гипотензивті әсер бір аптаға дейін сақталады.

Қантты емес диабетте ұсынылатын тәуліктік доза 50-150 мг-ні (2 - 4

қабылдауға) құрайды.

Ісінулерді емдеу кезінде ұсынылатын доза - 25-100 мг препаратты

тәулігіне бір рет немесе екі күнде бір рет. Клиникалық реакцияның

дозасына қарай 25 – 50 мг-ге дейін тәулігіне бір рет немесе екі күнде

бір рет. Кейбір ауыр жағдайларда тәулігіне 200 мг-ге дейін

бастапқы дозалар қажет болуы мүмкін.

Етеккір алдындағы кезеңдегі ұсынылатын доза тәулігіне 25 мг-ні

құрайды және белгілер пайда бола бастағаннан етеккір басталғанға

дейін қолданылады.

Қабылдау жиілігі мен курстың ұзақтығы емдеуге емделушінің

реакциясына және емдеуші дәрігер жеке анықтайды.

Балаларға

Дозалар баланың дене салмағына қарай анықталуы керек. Балаларға

арналған ұсынылатын тәуліктік доза 1 – 2 мг/кг немесе дене бетінің

шаршы метріне 30 – 60 мг тәулігіне бір рет тағайындалады. 2 айдан 2

жасқа дейінгі балаларға арналған жалпы тәуліктік доза 12,5-37,5 мг;

2-ден 12 жасқа дейінгілерге– күніне 37,5-100 мг-ден. Кішкентай

балаларға таблеткаларды сұйықтықпен бірге үгітілген түрде беру

керек.

Егде жастағы адамдарғы дозаны төмендету қажет болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препаратқа немесе басқадай сульфонамидтерге жоғары

сезімталдықта

- бүйректің (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен) немесе

бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде

- анурияда

- лактация кезеңінде. Препарат анна сүтіне өтеді; сондықтан егер препараты міндетті

түрде қабылдау аса қажет болса, онда бала емізуді тоқтату керек.

Автомобиль және қозғалмалы жабдықтарды басқару қабілетіне әсері

Препараты қабылдаудың алғашқы сатысында (бұл кезеңнің

ұзақтығы жеке анықталады) автомобиль жүргізуге және аса зейін

қоюды қажет ететін жұмыстарды орындауға болмайды.

15) Фуросемид(лазикс) – зәр айдағыш препарат болып табылады. Фуросемид әр түрлі (тиазид емес) құрылысты қосылыстар тобына жатады. Препаратты көктамырға енгізгенде әсері 3-4 мин кейін басталады және 1-2сағатқа созылады. Фуросемид орташа гипотензивті әсері бар. Оны зәр айдайтын зат ретінде, артериялық гипертензияда АҚ төмендету үшін, өкпе ісінуінде, ми ісінуінде, химиялық заттармен жедел улануда жедел диурез үшін, гиперкальциемияда қолданылады. Фуросемидті тағайындағанда гипокалиемия, гипомагниемия, гипокалиемиялық, диспепсиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Фуросемид ағзадағы калий, магний секілді керекті катиондардың барлығын ағзадан шығарып жібергендіктен қосымша орындарын толықтыратын препараттар тағайындау керек. Препаратты қолданғанда қосымша препараттарды комплексті түрде қолдану керек, мысалы калий ионы жүректің дұрыс жұмыс жасауына қатысады, ағзада калий азайып кетсе жүректің жұмысы нашарлайды. Мысалы ретінде панангин препаратын фуросемидпен бірге тағайындау керек. себебі панангин ағзадан шығарылған иондардың орнын толтыруға қабілетті.

16) Инсулин(актрапид) – жан-жақты және диабетке қарсы препарат. Инсулиннің гипогликемиялық әсер механизмі толық анықталмаған. Бауырда және қаңқа бұлшықеттерінде инсулин гликогенолизді төмендетеді. Аминқышқылдарының глюкозаға айналуын тежейді. Қант диабетінде инсулинді қолдану қанда қанттың төмендеуіне және гликогеннің тіндерде жиналуына әкеледі. Қанда глюкозаның азаюы глюкозурияны және соған байланысты жоғарылаған диурезді және шөлдеуді жояды. Яғни, бұл процесс ісінудің алдын алады. Инсулин әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі қант диабетінде тиімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]