
- •Билет 1
- •№1Билетке қосымша Шоқан Уәлиханов
- •Билет 2
- •Омонимдер
- •Мәтіннің мазмұнын айт. Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов
- •Лексикалық тақырып: “Менің отбасым”.
- •Билет 3
- •Үндестік заңы.
- •2 Мәтіннің мазмұнын айт. Әлиев Мұхтар Әлиұлы
- •3 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ұлттық рәміздері.
- •Билет 4
- •Жіктік жалғаулары.
- •Мәтіннің мазмұнын айт. Ә.Қастеев
- •Лексикалық тақырып: “Емханада”
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Бөгенбай батыр”.
- •Лексикалық тақырып: “Поштада”.
- •Бөгенбай батыр
- •Билет 6
- •Синонимдер.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Астана- бас қала”.
- •Лексикалық тақырып: “Дәріханада”
- •Билет 7
- •Көптік жалғаулары.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Қабанбай батыр”
- •Лексикалық тақырып: “Асханада”
- •Қабанбай батыр
- •Тәуелдік жалғаулары.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Наурызбай батыр”.
- •Менің мамандығым.
- •Наурызбай батыр
- •Сабақтас құрмалас сөйлем.
- •2 Мәтіннің мазмұнын айт . Талғат Бигелдинов
- •3 Лексикалық тақырып: “Танысу” № 9 билетке қосымша Талғат Бигелдинов
- •Етістіктің болымды түрі.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт Мәншүк.
- •3. Лексикалық тақырып: “Кітапханада” № 10 билетке қосымша
- •2 Мәтіннің мазмұнын айт. Әбдіров ескерткіші
- •3. Лексикалық тақырып: “Театрда” № 11 билетке қосымша Әбдіров ескерткіші
- •Салалас құрмалас сөйлем.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Менің Қазақстаным”.
- •3. Лексикалық тақырып: “Біздің колледж”
- •Қазақстан
- •Билет 13
- •Мәтіннің мазмұнын айт Мартбек Мамыраев
- •3. Білім туралы 5 мақал айту.
- •Билет 14
- •Көмекші есімдер.
- •Мәтіннің мазмұнын айт. Әлия Молдағұлова
- •3. Лексикалық тақырып: “Аудиторияда”
- •Сан есім, түрлері.
- •Мәтіннің мазмұнын айт “Әл-Фараби”.
- •3. Лексикалық тақырып: “Менің күн тәртібім”
- •Билет 16
- •Антонимдер.
- •Мәтіннің мазмұнын айт. С.Баймағамбетов
- •3. Лексикалық тақырып: “Өзім туралы”
- •С.Баймағамбетов – Кеңес Одағының батыры
- •Билет 17
- •Есімдік, оның түрлері
- •Мәтіннің мазмұнын айт “а.Қунанбаев”.
- •3. Лексикалық тақырып: “Біздің отбасы”
- •Билет 18
- •Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
- •2.Мәтіннің мазмұнын айт. Әл -Фараби
- •3. Лексикалық тақырып: “Өтініш үлгісін жаз”
- •Билет 19
- •1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт. «Қазақстан»
- •Қазақстан
- •Билет 20
- •Септік жалғаулары.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт. Тамырдың соғуын өлшеу
- •3. Лексикалық тақырып: “Шаштаразда”
- •Тамырдың соғуын өлшеу
- •Мекен үстеуі.
- •2. Мәтіннің мазмұнын айт “Тұмау-жұқпалы ауру”.
- •Отан туралы 5 мақал айт.
- •Тұмау – жұқпалы ауру
- •Мәтіннің мазмұнын айт “қр ұлттық мерекелері”.
- •3. Лексаикалық тақырып: “Біздің колледж”.
- •Қазақстан Республикасының ұлттық мерекелері
- •Есімдік, оның түрлері.
- •Мәтінді мазмұнда.Мәншүк Мәметова.
- •№ 23 Билетке қосымша
- •Етістіктің келер шағы.
- •Мәтінді мазмұнда.Мәншүк Мәметова мұражайы..
- •Өтініш үлгісін жаз. (Басқа жұмысқа кету жөнінде) № 24 билетке қосымша
- •Мәтінді мазмұнда. «Шоқан»
- •Құрмалас сөйлем.
- •Мәтінді мазмұндау. “Мамандық”
- •Өмірбаян үлгісін жаз.
- •Мамандық
- •Мәтінді мазмұндау. Біздің үйіміз.
- •Қолхат үлгісін жаз.
- •Буын және тасымал.
- •Лексикалық тақырып: Жаңа жыл
- •Ана тілі туралы 5 мақал мәтел айт.
- •Зат есімнің жасалуы.
- •2 Мәтінді мазмұнда. Төле би.
- •3 Лексикалық тақырып: “Менің досым”.
- •Етістіктің болымсыз түрі.
- •Мәтінді мазмұнда. “Қонақтарды қалай шақыру керек”.
- •Лексикалық тақырып : “Телефонмен сөйлесу”
- •Қонақтарды қалай шақыру керек?
Билет 7
Көптік жалғаулары.
Мәтіннің мазмұнын айт “Қабанбай батыр”
Лексикалық тақырып: “Асханада”
№7 билетке қосымша
Қабанбай батыр
(туған, өлген жылдары белгісіз)
Қабанбай (Ерасыл) – XVIII ғасырдағы қазақ батыры, әйгілі қолбасы.
Қабанбай Найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, сондықтан оны “Қаракерей Қабанбай”, ал батырлығы үшін “Хан батыры”, “Дарабоз” деп атады. Ол осы рудың биі де болған. 1745 жылы Қабанбай батыр Ресей қоластына өтуге тілек білдірді. Жоңғарларға қарсы күресте Ресейді қолдауға уәде берген билердің бірі Кіші жүз ханы Әбілқайыр болатын. Барақ сұлтан Әбілқайырды өлтірген кезде оны айыптап, оның Жоңғар хандығымен жақындасу әрекетіне қарсы шыққан.
Қабанбай батыр тек Орта жүзде ғана емес, Кіші жүздегі уақиғаларға араласқан. Қабанбай батырдың ерлік істері Абылай ханның жоңғарларға жасаған жорықтарына байланысты. Мұны “Ер Қабанбай” дастанынан оқып алуға болады.
Қабанбайдың қайда жерленгені туралы ғалымдар әркелкі айтып жүр. Қабанбай батыр атында Қазақстан қалаларының көбінде көшелер бар.
Оқытушы :
Билет 8
Тәуелдік жалғаулары.
Мәтіннің мазмұнын айт “Наурызбай батыр”.
Менің мамандығым.
№8 билетке қосымша
Наурызбай батыр
(1706-1781)
Наурызбай Құтпанбетұлы – Абылай ханның үш батырының бірі, колбасшы. Ол Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Тілеміс руынан, қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлерде мекендеген. Оның бар өмірі жоңғарлармен соғыста өткен. Жоңғарлармен соғыста оның Құдайберген, Шолпан, Дүйсен деген үш бірдей бауыры да қаза тапқан.
Наурызбай батырдың 1729 жылы Шамалған мен Қаскелеңді жекпе- жекте өлтіргені қазақ даласына кеңінен тараған. 1750-1752 жылдары басқа батырлармен бірге жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуып, жеңіске жеткен. Ол сол жылы көп қазақты тұтқыннан босатқан.
Қазақстан облыстарында, аудандарында Наурызбай батырдың аты көшелерге берілген, Наурызбай батырға арнап ескерткіштер орнатылған,
(Қазақ совет энциклопедиясын)
Оқытушы :.
Билет 9
Сабақтас құрмалас сөйлем.
2 Мәтіннің мазмұнын айт . Талғат Бигелдинов
3 Лексикалық тақырып: “Танысу” № 9 билетке қосымша Талғат Бигелдинов
Талғат Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысының Майбалық ауылында туған. 1942 жылы Чкалов әскери авиация училищесін бітірді. 1950 жылы Әскери-Әуе күштері академиясында оқыды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинаны, Польшаны азат ету де, Бреслау мен Берлинді алуда жоғары ерліктер мен тапқырлық көрсетті.
Отан қорғауда сіңірген еңбегі үшін Талғат Бигелдиновке 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Талғат Бигелдинов соғыс жылдарында 305 рет аспанға ұшып шықы.
Сол ұрыстарда ол жаудың 7 ұшағын атып түсірді. Неміс басқыншыларының көптеген танкісі мен әскери техникасын жойды .
Ол 2 мәрте Ленин орденімен, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз, 3-ші дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталды.
Оқытушы:
Билет 10