Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Almat.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

«Ішкі аурулар» пәні бойынша іі кәсіби стандарттар 2012 ж.

2.9. «Өкпенің топографиялық перкуссиясын

жасау техникасы» стандарты.

2.9.1. «Өкпенін жоғарғы шекарасын анықтау» стандарты.

Алдынан:

  1. Науқасты беліне дейін шешінуді сұрайды.

  2. Плессиметр-саусақты бұғанадан жоғары және оған параллель орнатады.

  3. Тұйық перкуторлы дыбыс естілгенше жоғары бағытта перкуссия жасайды.

  4. Сау адамдарда өкпе ұштарының жоғарғы шекарасы бұғанадан 3-4 см жоғары.

Артынан:

  1. Жауырынның жоғарғы шетіне параллель, жауырын үсті шұңқырға плессиметр-саусақты қояды.

  2. Тұйық перкуторлы дыбыс естілгенше жоғары бағытта (VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісінен 3-4 см латеральды орналасқан нүктеге) перкуссия жасайды.

Қалыпты жағдайда өкпенін жоғарғы шекарасы VII мойын омыртқасының қылқанды өсіндісі деңгейінде орналасады.

      1. «Өкпенін төменгі шекарасын анықтау» стандарты. Оң өкпе:

  1. Оң жақ төс маңы сызығы бойынша плессиметр-саусақты қабырғаға параллель екінші қабырғааралыққа қоямыз.

  2. Тұйық дыбыс естілгенше перкуссияны жоғарыдан төмен қарай бірдей соққы жасау арқылы жүргізеді.

  3. Сәйкесінше ортаңғы бұғана сызығы, алдыңғы қолтық асты, ортыңғы қолтық асты, артқы қолтық асты, жауырын, омыртқа маңы сызықтары бойынша перкуссия орындайды.

Сол өкпе:

  • Сол жақ өкпенің төменгі шекарасын бүйір жақтан үш қолтық асты сызығы мен артқы жағынан екі сызық: жауырын және омыртқа мағы сызығы.

Қалыпты жағдайда өкпенін төменгі шекарасының орналасуы

Топографиялық сызықтар

Оң өкпе

Сол өкпе

Төс маңы

Бесінші қабырғааралық

Ортаңғы бұғана

VI қабырға

Алдыңғы қолтық асты

VII қабырға

VII қабырға

Ортаңғы қолтық асты

VIII қабырға

VIII қабырға

Артықы қолтық асты

IX қабырға

IX қабырға

Жауырын

X қабырға

X қабырға

Омыртқа маңы

XI кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі

XI кеуде омыртқасының қылқанды өсіндісі

2.9.3. «Өкпенің төменгі шекарасының қозғалғыштығын анықтау» стандарты.

Өкпе шекарасының қозғалғыштығы максималды дем алу мен максималды дем шығару кезінде анықталады. Оң жақта үш сызық: ортыңғы бұғана, ортаңғы қолтық асты, жауырын сызығы; сол жақта – екі сызық: ортаңғы қолтық асты, жауырын сызығы.

  1. Қалыпты физиологиялық тыныс кезінде өкпенін төменгі шекарасын тауып алып, теріде белгі жасайды.

  2. Осы белгіде горизонтальды плессиметр-саусақты орналастырады.

  3. Науқасты терең дем алуды және сол қалыпта тұруын сұрайды.

  4. Перкуссияны төмен бағытта ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай орындаймыз, кеткен дыбыстан белгі жасаймыз.

  5. Плессиметр-саусақты бірінші белгіге қоямыз.

  6. Науқасты терең дем шығаруды және сол қалыпта тұруын сұрайды.

  7. Перкуссияны жоғары бағытта ашық дыбыстан тұйық дыбысқа қарай орындаймыз, кеткен дыбыстан үшінші белгі жасаймыз.

  8. Екінші және үшінші белгі арасындағы қашықтықты өлшейміз. Ол өкпе шекарасы қозғалғыштығына тен болады.

Қалыпты жағдайдағы төменгі шекарасының қозғалғыштығы

Топографиялық сызық

Өкпенің төменгі шекарасының қозғалғыштығы, см

Оң жақ

Сол жақ

Дем алу

Дем шығару

Орташа

Дем алу

Дем шығару

Орташа

Ортаңғы бұғана

2-3

2-3

4-6

-

-

-

Ортаңғы қолтық асты

3-4

3-4

6-8

3-4

3-4

6-8

Жауырын

2-3

2-3

4-6

2-3

2-3

4-6

«Ішкі аурулар» пәні бойынша ІІ кәсіби стандарттар 2012 ж.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]