Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Almat.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

«Ішкі аурулар» пәні бойынша іі кәсіби стандарттар 2012ж

2.7.2. Стандартты «Кеуде торының серпімділігін анықтау»

- ол алдыңғы артқы және бүйірінен басқанда анықталады.

1. Науқастан беліне дейін шешінуін сурау.

2.Көкірек тұсына бір қолдың алақанын кояды, екінші қолдың алақанын жауырын аралыққа кояды.

3. Қысу алақан негізімен серпімді және серіппелі қозғалыспен жасалады

(1-2рет)

4. Содан соң алақанды кеуде торының бүйірінен симметриялы орналастырып қабырғаларға параллельді бағыттап басады (дені сау адамда кеуде клеткасы серпімді ).

«Ішкі аурулар» пәні бойынша іі кәсіби стандарттар 2012ж

2.7.2. Стандартты «Эпигастральді бұрыштың енін анықтау»

1. Науқастан беліне дейін шешінуін сурау.

2. Қабырға доғасына бас бармақтың алақан бетімен тығыз орналастырамыз, ал бас бармақтың ұшы семсер тәрізді өсіндіге тиіп тұру керек.

3. Эпигастральді бұрыш болуы мүмкін:

-нормостеникалық -90 бұрыш ;

- гиперстеникалық – 90 бұрыш;

- астеникалық - 90 бұрыш;

«Ішкі аурулар» пәні бойынша іі кәсіби стандарттар 2012ж

2.7.4. «Дауыс дірілін анықтау» стандарты

-кеуде торының бетінде дауыс өтімділігін анықтау.

1. Науқастан беліне дейін шешінуін сурау.

2. Алақанды кеуде торы аймақтарына симметриялы орналастырады; бұғана үсті аймағы, бұғана асты аймағы, кеуде торының алдыңғы беті оң жақ , кеуде торының бүйір беті, жауырын асты аймағы, жауырын аралық аймақ, жауырын үсті аймағы.

3 . Науқастан «Р» әріпі бар сөздер айтқызады ( мысалы ракета).

«Ішкі аурулар» пәні бойынша іі кәсіби стандарттар 2012 ж.

2.8. «Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын

жасау техникасы» стандарты.

Салыстырмалы перкуссия өкпедегі және плевралық қуыстағы патологиялық өзгерістердің сипатын анықтау үшін және бірқатар бронх-өкпелік синдромдардыңдиагностикасында қолданылады.

Салыстырмалы перкуссия техникасының бірқатар ерекшеліктері бар.

  1. Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы анықталған реттелік бойынша орындалады: кеуде сарайының оң және сол жақ жартыларында симметриялы аймақтарда алдынан, бүйірінен, артынан.

  2. Перкуссия күші орташа немесе күшті перкуссияны қолданады.

  3. Перкуссия қабырғааралықтарда жүргізіледі.

  4. Кеуде сарайының симметриялы аймақтарында естілген перкуторлы дыбыстарды салыстырады.

І. Алдынан:

  1. Науқасқа беліне дейін шешінуді өтінеді.

  2. Өкпе ұштары үстінен бұғанаға параллель кеуде сарайының оң және сол жақ жартысына кезек кезек плессиметр-саусақты қоямыз және бірдей күшпен 2-3 соққы жасаймыз. Перкуторлы дыбысты салыстырамыз.

  3. Бұғаналарға оң қолдың екінші саусағымен соққы жасау.

  4. Бұғаналардан төмен плессиметр-саусақты қабырға аралыққа қабырғаға параллель ортаңғы бұғана сызығы бойымен қоямыз.

Перкуссияны сол жақта IV қабырға деңгейіне дейін жүргізеді. Оң жақта тұйық дыбысқа дейін перкуссия жасалады.

ІІ. Бүйірінен

  1. Плессиметр-саусақ қабырға доғаларына параллель қойылады.

  2. Науқас қолдарын көтереді, шынтақтары ажыратылған.

  3. Ортаңғы қолтық асты сызығы бойынша салыстырмалы перкуссия орыдау.

ІІІ. Артынан:

  1. Алдымен жауырын үсті аймақты перкуссиялайды, ол үшін плессиметр-саусақты жауырын сүйегінен жоғары және оған параллель орнатады да, соққыларды реттілікпен оң және сол жақта жасайды.

  2. Науқас қолдарын төмен түсіріп тұрады, бұлшықеттері бос күйде.

  3. Кейін жауырын аралықтарды перкуссиялайды. Плессиметр-саусақ жауырын шекарасымен омыртқаға параллель, реттілікпен оң және сол жаққа орналасады. Науқасты қол саусақтарын иыққа қойып, екі қолын кеудеде бүгуді сұрайды. Осы кезде жауырындар ажырайды, жауырын аралық аймақ кеңейеді.

  4. Кейін жауырын асты аймақты перкуссиялайды. Плессиметр-саусақ жауырын ұшынан төмен горизонтальды, кезекпен оң және сол жақта орналасады. Осы кезде науқас қолдары денесі бойымен түсірілген, бұлшықеттері бос.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]