Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Almat.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
278.53 Кб
Скачать

2.25. Демікпелік статус кезіндегі жедел алғашқы көмек

Керек құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолданылатын шприц, көк тамырға дәрі егу үшін система, мақта шариктері, этил спирті 70%, резиналық жгут, қолғап, дезраствордағы пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар: реополипвдкин 1000 мл, эуфиллин 2,4% преднизолон 90 мг немесе гидрокартизон 250 мг гепарин 1000 ЕД

Іс әрекет алгоритмі

1.Науқасты тыныштандырып,денесін қысып тұрған киімдерден босату

2.Қалта ингаляторын пайдалану

3.Небулайзерді пайдалану

4.Ылғалды бетпердені ұсыну

5.10-15мл 2,4% эуфиллин ерітіндісін көк тамырға алғашқы 5-7мин енгізу,сонан соң 3-5 мл 2,4% эуфиллин ерітндісін көк тамырға система арқылы енгіземіз

6.90-150 мг преднизолон көк тамырға

7.5000-10000 ЕД көк тамырға

8.500,0 мл 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін немесе натрий гидрокарбонатының ерітіндісін көк тамырға система арқылы

9.науқастың жалпы жағдайын бақылау керек

10. науқасты жансақтау бөліміне немесе палатаға орналастыру керек

2.26. Өкпеден қан кеткенде көрсетілетін жедел жәрдем. Мақсаты: Қан кетуді тоқтату.

Керек құрал жабдықтар: мұзды мұйық, танометр,фонендоскоп, стерильді: бір рет қолданылатын шприц, көк тамырға дәрі егу үшін система, мақта шариктері, этил спирті 70%, резиналық жгут, қолғап, дезраствордағы пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар: 1-2 мл 12,5 % дицинон ерітіндісі, 10 мл 1% кальции хлор ерітіндісі, 100 мл 5% аминокапрон қышқылы, 1-3 мл 1% викасол ерітіндісі. Іс-әрекет алгоритімі:

  1. Науқасты тыныштандыру, оған жартылай отыруға көмектесу (қақырық түсуін оңайлату үшін), тұруға тыйым салу, сөйлесу.

  2. Кеудесіне мұзды мұйық немесе суық компресс қою:

  3. Науқасқа суық су ішкізу: қайнаған түз ерітіндісі(1 ас қасық тұз 1 стакан суға), есекжем қайнатпасы;

  4. 1-3 мл 12,5% дицинон ертіндісі көк тамырға немесе бұлшық етке.

  5. 10 мл 1 % кальций хлор ертіндісі көк тамырға.

  6. 100 мл 5 % аминокапрон қышқылын көк тамырға тамшылатып енгізу.

  7. 1-2 мл 1% викасол ертіндісі.

  8. Хирургия бөліміне жеткізу.

  9. Жартылай отырған күйде носилкамен тасымалдау.

2.27. Гипертониялық кризде көрсетілетін жедел жәрдем. Мақаты: артериялық қысымды төмендету.

Керек құрал жабдықтар: тонометр, фонендоскоп, стерильді: бір рет қолданылатын шприц, көк тамырға дәрі егу үшін система, мақта шариктері, этил спирті 70%, резиналық жгут, қолғап, дезраствордағы пинцет, клеенкалы валик, лоток, дәрілік препараттар: нифедипин 10-20 мг немесе каптоприл 12,5 мг, 0,9% натри хлор ертіндісі, клонидин 0,75-0,15 мг, 4-6 мл 1 % фуроемид ертіндісі, 10-20 мл 25 % магний сульфаты, 2-6 мл 0,5 % диазепам, валерианка экстракты, корвалол. Іс-әрекет алгоритімі:

  1. Физикалық және психикалық тыныштық жасау, бас жағын көтеріп жатқызу;

  2. Артериялық қысымды өлщеу;

  3. 10 мг нифедипин немесе каптоприл 12,5 мг беру (1-2 таблеткадан) тіл астына.

  4. 4-6 мл 1% фурасемид ертіндісін көк тамырға енгізу;

  5. Седативті дәрілер беру: валерианка экстракты 2-3 таблеткадан немесе карволол 25-30 тамшы пероральді;

  6. Әсер болмаған жағдайда клонидин (клофелин) тәл астына 0,075-0,1 5 мг. Криздің ісінулік формасында:

  1. 2-06 мл 1% фуросемид ертіндісін көк тамырға бір рет енгізу;

  2. 10-20 мл 25 % магний сульфат ертіндісін кқк тамырға жәй енгізу;

Криздің ұстамалы формасында;

  1. 2-6 мл 0,5 % диазепам ертіндісін көк тамырға 10 мл 0,9 % натрий хлор ертіндісіне араластырып.

  2. Артериялық қысымды бақылай отырып диуетиктер мен гипотензивті дәрілерді енгізу;

Ескерту:

  1. АҚ мен ТАЖ әр 15 мин бақылау.

  2. 20-30 мин ішінде гипотензивті әсер байқалмаса, ми қан айналымының бұзылысы байқалса, жүрек астмасы, стенокардия болса көппрофильді стационарға жеткізу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]