
- •050718 – Электроэнергетика мамандығы бойынша оқитын барлық
- •Мазмұны
- •1.1 Жалпы мағлұматтар
- •1.2 Оқшауланбаған бейтараптамалы үш фазалы тораптар
- •2.1 Резонансты-жерленген (қарымталанған) бейтараптамалы үш фазалы тораптар
- •2.2 Тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы үш фазалық тораптары
- •2.3 Тікелей жерлендірілген бейтараптамалы торап
- •3.1 Жалпы мәліметтер
- •3.2 Тәуелсіз қоздыру жүйесі
- •3.3 Щеткасыз қоздыру жүйесі
- •3.4 Өздігінен қозу жүйелері
- •4.1 Өрісті өшіру автоматы (өөа)
- •4.2 Қоздыруды автоматты реттеу (қар- арв)
- •4.3 Күшті әрекетті реттегіштер
- •5.1 Автотрансформатор режімдерінің ерекшеліктері
- •5.1 Сурет - Әртүрлі тәртіпте автотрансформатор орамасында тоқтың таралуы
- •5.2 Трансформаторлардың кернеуін реттеу
- •5.3 Трансформаторлардың орамдарын қосу сұлбалары
- •5.4 Трансформаторлардың жүктелу қабілеттілігі
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Үш фазалы қысқа тұйықталу
- •6.3 Үш фазалы қысқа тұйықталу тоқтарын есептеу реті
- •6.4 Қондырғының есептік сұлбасы
- •7.1 Алмастыру сұлбасы және түрлендіру ерекшіліктері
- •7.3 Сурет -Күрделі сұлбаны үшбұрыш– жұлдызша әдісі бойынша
- •7.2 Ажыратқыштарды және айырғыштарды таңдау
- •7.3 Күштік кабельдерді және тқ –дың шиналарын таңдау
- •8.1 Өлшеуіш құралдар мен өлшеуіш трансформаторлардың көлемін және орналастыру орнын таңдау
- •8.2 Өлшеуіштік трансформаторларды таңдау
- •9.1 Қондырғылар құрамы және тқ сұлбасының жіктелуі
- •9.2 Бір жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы
- •9.3 Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбалары
- •9.4 Тқ жеңілдетілген сұлбалары
- •10.1 Сақиналы сұлбалар
- •10.2 Бір жүйелі жұмысшы және айналма шина жүйелері бар сұлбалар
- •10.3 Екі жүйелі жұмысшы және жинақтаушы шиналарының айналма жүйесі бар сұлбасы
- •10.4 Қосылыста екі ажыратқышы бар сұлбалар
- •10.5 Екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар және басқа сұлбалар
- •11.1 Тұтынушылар және өзіндік мұқтаждардың жұмысшы машиналары
- •11.2 Жұмысшы машиналардың электржетегі және
- •11.4 Жэо және кэс өзіндік мұқтаждық қондырғыларын электржабдықтау
- •11.5 Атомдық станциялардың, су электрстанцияларының және қосалқы станциялардың ө.М. Жүйе құрылымының ерекшеліктері
- •12.1 Жерлендіргіш құрылғылардың бағытталуы және жердегі тоқ ағыны
- •12.2 Жерлендірілмеген немесе резонансты-жерлендірілген бейтараптамалы қондырғылардағы жерлендіргіш құрылғыларды есептеу
- •12.3 110 КВ және одан жоғары тиімді жерлендірілген бейтараптамалы жерлендіру –қондырғыларын есептеу
- •13.1 Тұрақты тоқ қондырғылары
- •13.2 Аккумуляторлық батареяларды есептеу, асқын зарядталған және зарядталған агрегаттарды таңдау
- •13.3 Айнымалы және түзетілген оперативті тоқ көздері
3.3 Щеткасыз қоздыру жүйесі
Принципті жүйесі 3.5 суретте көрсетілген қоздырудың мұндай жүйесінің ерекшелігі, түйіспелі сақинасының жоқтығы болып табылады. Көмекші СГ GE қайтымды машина типі бойынша орындалған. Айнымалы тоқ орамы – айналу бөлігінде орналасқан, ал қоздыру орамы қозғалмайды.
|
3.5 Сурет – Щеткасыз қоздыру жүйесі
|
Айнымалы тоқтың айналма орам тоғы GE білікке бекітілген өткізгіштер арқылы айналма түзеткіштерге беріледі және ары қарай негізгі генератордың қоздыру айналма орамына беріледі.
3.4 Өздігінен қозу жүйелері
Мұндай қоздыру жүйелерінде қоздырғыш жұмысы, айнымалы тоқ торабының тәртібіне тәуелді болады.
3.6 суретінде көрсетілген электромашиналық өздігінен қозу жүйесінде қоздырғыш агрегат электростанцияның өзіндік мұқтаждық шинасынан және тұрақты тоқ генераторынан GE қоректенетін асинхронды қозғалтқыштан М тұрады. 3.7 суретінде көрсетілген жартылай өткізгіш түзеткіштерден тұратын өздігінен қозу жүйесінде, түрлендіргіштің екі топтары бар – басқарылмайтын VD және басқарылатын VS вентилдер, күштік компаундтау трансформаторы ТА және түзеткіш трансформаторлар ТЕ.
|
|
3.6 Сурет - Тәуелді электромашиналық өздігінен қозудың принциптік сұлбасы |
3.7 Сурет - Жартылай өткізгіштік өздігінен қозудың принциптік сұлбасы |
Басқарылмайтын вентилдер VD, ТА трансформаторлардан қоректенеді, оның екіншілік тоғы генератордың статор тоғына пропорцианал болады, басқарылатын вентилдер VS, ТЕ трансформаторларынан қоректенеді оның екіншілік кернеуі генератордың статор кернеуіне пропорцианал болады.
VD вентилдері, машинаны жүктелу кезінде қоздыруды және ҚТ кезінде қоздыру жеделдетуін қамтамассыз етеді.
№4 дәріс. Өрісті автоматты құралымен сөндіру және ҚАР
Дәрістің мазмұны:
- синхронды генератордың өрісін сөндіру және ҚАР.
Дәрістің мақсаты:
- синхронды генераторлардың өрісті өшіру және ҚАР жүйелерін және
оның ерекшеліктерін меңгерту.
4.1 Өрісті өшіру автоматы (өөа)
Өрісті өшіру автоматы- бұл генератор қоздырылуының магнитті ағынының нөлге жақын шамаға дейін жылдам азаю процессі.
СГ ішіндегі қысқа тұйықталу, электр доғасы арқылы өтеді соның салдарынан статор орамының және активті болаттың бүлінуін туғызады.
Генератордың өрісін жылдам өшіру апат көлемін шектеу үшін және орама сымын және статор болатын күюден шектеу үшін қолданылады.
Егер ротор орамын қоздырғыштан ажыратса, үлкен индуктивтілігі арқасында олардың қыспақтарында үлкен мөлшерде, оқшаулама тесілуін туғызатын асқын кернеулер пайда болуы мүмкін. Қоздырғыштың ажыратылуымен қатар ротор орамының магнитті өріс энергиясының жұтылуын біруақытта қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда өрісті өшірудің үш әдісі белгілі: ротор орамын сөндіргіш кедергіге (активті) тұйықтау; ротор орамының тізбегіне доға сөндіргішті торды қосу және қоздырғышты қарсы қосу әдісі.
Бірінші жағдайда процесс іске асу үшін ұзау уақытқа созылады және тесілу мүмкіндігі басым, сол себепті неғұрлым кең таралған әдіс 4.1 суретте көрсетілгендей өрісті доға сөндіргіш тор арқылы өшіру.
Генератордағы ҚТ кезінде KL қорғаныс релесі қосылады және ажыратқыштың ажырату электромагнитіне YAT әсер етіп генераторды сыртқы тораптан өшіреді және де ӨӨА (АГП) ажырауына импульс береді. ӨӨА арақашықтығы 1,5-3 мм сым дестілі тормен 4 жабдықталған .
|
4.1 Сурет - Генератор өрісін доға сөндіргіш тор автоматымен сөндірудің электрлік тізбегінің сұлбасы
|
ӨӨА-ның жұмысшы 2 және доға сөндіргіш 1 түйіспелері болады, олар қалыпты жұмыс тәртібінде тұйықталған болады. ӨӨА-ның 3 түйіспелері қоздырғыштың қоздыру тізбегіне қосымша кедергілерді Rд енгізеді. Автомат ажыратылған уақытта алдымен жұмысшы содан соң доға сөндіргіш түйіспелері ажыратылады. Доға доға сөндіргіш торға магнитті
үрлеу арқылы созылады және қысқа қатарлы доғаға бөлінеді, ондағы кернеудің түсуі, доғадағы тоқ кең аймақта өзгеруіне қарамастан 25-30 В тең болып тұрақты болып тұрады. Сөну уақыты 0,5-1 с, ал сөну шарты үйлесімдегіге жақын болады.
Тиристорлы қоздырғышта генераторларда өріс сөндіру автоматы ажыратылғанда негізгі вентилдер инверторлық тәртіпке ауысады ол 4.2 суретте көрсетілген.
|
1 – ӨӨА; 2- резервті қоздыру кірісі; 3- негізгі тиристорлық қоздырғыш; 4– көмекші генератордың тиристорлық қоздырғышы; 5 - өріс сөнудің түйіспе-лері;RГ- өріс сөнудің кедергілері 4.2 Сурет - Генераторды тәуелсіз тиристорлы қоздырғанда өрістің сөнуі |
Қосалқы қоздырғыштың магнитті өрісі негізгі генератордың өрісі өшкеннен соң,оның қоздыру орамасын қоректендіретін түзеткіштердің, , инверттелуі арқасында сөнеді.