Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис мукашева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

13.1 Тұрақты тоқ қондырғылары

ЭС және ҚС-да сигнализациялардың, автоматикалардың, апатты жарықтандырулардың  басқару  тізбектерін және де өзіндік  мұқтаждық механизмдерінің неғұрлым жауапты  қондырғыларын   қоректендіру  үшін  аккумуляторлық  батареялар  орнатылады. Бұл  барлық  тұтынушылар тұрақты, уақытша  және  қысқа  мерзімді   қосылған  болып   үш  топқа  бөлінеді.

Тұрақты тоқтың  негізгі  көзі  сілтілік қышқылды аккумуляторлар СҚ, болып  табылады. Олардың  қызмет  ету  мерзімі  үлкен  және жұмысқа  тұрақты болып  келеді. Аккумуляторлардың  СҚ  түрі  СҚ-1 ден СҚ-148   дейін  46 түрлі    болып  шығарылады .

СҚ-1  аккумуляторлары келесі   сипаттамаларда  болады:

 

Разряд  режімі, сағ…………………….…10       7,5         5         3         2        1

Разрядты тоқ, А…………………………..3,6      4,5         6         9        11      18,5

Номиналды сыйымдылығы, А∙сағ………..36       33         30       27       22      18,5

 

Қосалқы  станцияларда СН  типті   аккумуляторлар  кеңінен  қолданыс  тапты,  олардың  өлшемдері  шағын және разрядты  сипаттамалары жақсы болып  келеді.  СН типті   аккумуляторладың  құндылығына  жұмыс  процесінде сілтілік  қышқыл буының  аз  бөлінуі  жатады.

ЭС және ҚС-да аккумуляторлық батареялар тұрақты  зарядталу  режімінде  жұмыс  істейді. Аккумуляторлық батареялардың   тұрақты зарядталуы  өздік  разрядты  қарымталауға  жеткілікті (СҚ   типті  батарея   тоғы — 0,03N),  аз  мәнді  тоқпен  жүзеге  асырылады. Өздік  разрядталу деп  пластиналардағы  сыртқы реакциялар  әсерінен аккумулятордағы сақталған  химиялық  энергияның тұрақты шығынын  айтады. Зарядтау  құрылғылары  ретінде кремнилік   вентилді  статикалық  түрлендіргіштер  (түзету құрылғылары)     қолданылады.

Аккумуляторлық батареяларда  элементті коммутатор 2 деп аталатын 13.1. суретінде  көрсетілгендей   элемент  сандарын  реттеу  құрылғысы  болады . Қосылуы пластиналардан  сырғып,  батареяның  жеке  элементтерін  қосатын   3 және 4   щеткалар арқылы  іске  асырылады .

Шинадағы  кернеуді  реттеу  үшін разрядты щеткасы 4  қызмет  етеді, ол кернеу  реттегіш  құрылғысымен (АКР) басқарылатын шағын  электрқозғалтқыш арқылы ауыстырылады. Батарея  зарядталуы  уақытында 3  зарядты  щеткасы  қолданылады. Сұлбада зарядтау  үшін  түзету  құрылғысы 5 және  батареяны  зарядтау  үшін қозғалтқыш-генераторы 1 көрсетілген. Қарстырылған   сұлба  кемшілігі  инерциялылығы болып  табылады.

  

 Iсигнализация және  басқару  тізбегі; II – электрқозғалтқыштар-дың апатты  жарықтандыру; III -қосылу электромагниті

13.1 Сурет -   Аккумуляторлық батареялардың

элементті коммутатормен тұрақты зарядталу режіміндегі

 сұлбасы

 

 

Кернеу деңгейін  ұстап  тұрудың  неғұрлым  жаңа  әдісі  - элементті коммутатолардан  бас тартып тиристорлы зарядты-асқынзарядты түзеткіш агрегаттарды  қолдану  болып  табылады. Бұл кезде  батарея  әртүрлі  шартта  болатын екі  бөлікке  бөлінген, разряд заряд режимінде және  қалыпты жұмыс  режімі.

Қуаты 200 МВт-қа  дейінгі жылулық (ЖЭО)  бөлігі көлденең  байланысқан    жылу  электростанциясында  бір аккумулятор­лық батарея  орнатылады,  ал  қуаты 200 МВт  астам  болса,  бірдей  сыйымдылықты  екі аккумулятор­лық батарея орнатылады. Блоктық ЖЭС әрбір ББҚ-да бір батарея орнатылады, қуаты 300 МВт және одан  да  жоғары энергоблокта — әрбір  энергоблокқа  бір  батареядан  орнатылады. АЭС-да  аккумуляторлық батареялар қауіпсіздік  жүйесінің, СУЗ, апатты  жарықтандырудың апатты  қорек көзі болып  табылады, және де басқару құрылғысының, автоматиканың, сигнализация  және релелік қорғаныстың оперативті  тоқ  көзі  болып  табылады.

110 — 330 кВ  қосалқы  станцияда тұрақты оперативті тоқпен бір аккумуляторлық батарея орнатылады, 500 — 750 кВ қосалқы  станцияда —тұрақты  толықтырғы заряд (подзаряд) режімінде жұмыс  істейтін, коммутаторлық  элементсіз 220 В екі  батарея  орнатылады. Қуаты 1000 МВт-қа  дейін СЭС-да  бір, ал  1000 МВт-тан   жоғары  болса, басты  корпуста  екі аккумуляторлық батарея орнатылады және  АТҚ алыста орналасса, АТҚ аймағында   батареялар  орналасады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]