
- •050718 – Электроэнергетика мамандығы бойынша оқитын барлық
- •Мазмұны
- •1.1 Жалпы мағлұматтар
- •1.2 Оқшауланбаған бейтараптамалы үш фазалы тораптар
- •2.1 Резонансты-жерленген (қарымталанған) бейтараптамалы үш фазалы тораптар
- •2.2 Тиімді-жерлендірілген бейтараптамалы үш фазалық тораптары
- •2.3 Тікелей жерлендірілген бейтараптамалы торап
- •3.1 Жалпы мәліметтер
- •3.2 Тәуелсіз қоздыру жүйесі
- •3.3 Щеткасыз қоздыру жүйесі
- •3.4 Өздігінен қозу жүйелері
- •4.1 Өрісті өшіру автоматы (өөа)
- •4.2 Қоздыруды автоматты реттеу (қар- арв)
- •4.3 Күшті әрекетті реттегіштер
- •5.1 Автотрансформатор режімдерінің ерекшеліктері
- •5.1 Сурет - Әртүрлі тәртіпте автотрансформатор орамасында тоқтың таралуы
- •5.2 Трансформаторлардың кернеуін реттеу
- •5.3 Трансформаторлардың орамдарын қосу сұлбалары
- •5.4 Трансформаторлардың жүктелу қабілеттілігі
- •6.1 Жалпы мағлұматтар
- •6.2 Үш фазалы қысқа тұйықталу
- •6.3 Үш фазалы қысқа тұйықталу тоқтарын есептеу реті
- •6.4 Қондырғының есептік сұлбасы
- •7.1 Алмастыру сұлбасы және түрлендіру ерекшіліктері
- •7.3 Сурет -Күрделі сұлбаны үшбұрыш– жұлдызша әдісі бойынша
- •7.2 Ажыратқыштарды және айырғыштарды таңдау
- •7.3 Күштік кабельдерді және тқ –дың шиналарын таңдау
- •8.1 Өлшеуіш құралдар мен өлшеуіш трансформаторлардың көлемін және орналастыру орнын таңдау
- •8.2 Өлшеуіштік трансформаторларды таңдау
- •9.1 Қондырғылар құрамы және тқ сұлбасының жіктелуі
- •9.2 Бір жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы
- •9.3 Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбалары
- •9.4 Тқ жеңілдетілген сұлбалары
- •10.1 Сақиналы сұлбалар
- •10.2 Бір жүйелі жұмысшы және айналма шина жүйелері бар сұлбалар
- •10.3 Екі жүйелі жұмысшы және жинақтаушы шиналарының айналма жүйесі бар сұлбасы
- •10.4 Қосылыста екі ажыратқышы бар сұлбалар
- •10.5 Екі қосылыстағы үш ажыратқышы бар және басқа сұлбалар
- •11.1 Тұтынушылар және өзіндік мұқтаждардың жұмысшы машиналары
- •11.2 Жұмысшы машиналардың электржетегі және
- •11.4 Жэо және кэс өзіндік мұқтаждық қондырғыларын электржабдықтау
- •11.5 Атомдық станциялардың, су электрстанцияларының және қосалқы станциялардың ө.М. Жүйе құрылымының ерекшеліктері
- •12.1 Жерлендіргіш құрылғылардың бағытталуы және жердегі тоқ ағыны
- •12.2 Жерлендірілмеген немесе резонансты-жерлендірілген бейтараптамалы қондырғылардағы жерлендіргіш құрылғыларды есептеу
- •12.3 110 КВ және одан жоғары тиімді жерлендірілген бейтараптамалы жерлендіру –қондырғыларын есептеу
- •13.1 Тұрақты тоқ қондырғылары
- •13.2 Аккумуляторлық батареяларды есептеу, асқын зарядталған және зарядталған агрегаттарды таңдау
- •13.3 Айнымалы және түзетілген оперативті тоқ көздері
9.3 Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбалары
Әрбір элемент екі шина айырғышының жол айырғы арқылы қосылады,
бұл жұмысты бір шиналар жүйесінде сияқты, екінші шиналар жүйесінде 9.3 суретінде көрсеткендей іске асыруға мүмкіндік береді. Шинаның жұмысшы жүйесі QB ажыратқышымен секцияланған. Екінші шиналар жүйесі А2 резервті болып табылады, қалыпты жағдайда ол кернеусіз болады. Қос шина жүйесіде шинақосқыш ажыратқыштармен QA1 және QA2 қосылуы мүмкін, олар қалыпты жағдайда өшірілген болады.
Бұл сұлбаның екінші жұмыс режімі болуы мүмкін, мұнда қос шина жүйесіде кернеуде болады және барлық қосылыстар олардың арасында біркелкі таралады. Мұндай режім тізбектегі қосылыстардың бекітілген жұмысы деп аталады.
9.3 Сурет – Екі жүйелі жинақтаушы шиналар сұлбасы
Екі жүйелі шиналар сұлбасы, барлық қосылыстарды жұмыс қалпында сақтап, бір жүйелі шиналарда жөндеу жұмысын жасауға мүмкіндік береді.
Қарастырылған сұлба икемді және жеткілікті түрде сенімді болып табылады. Кемшілігі– айырғыштардың, оқшаулатқыштардың, тоқ өткізгіштік материялдардың және ажыратқыштардың көптігі, ТҚ неғұрлым күрделі құралымы. Тағыда кемшілігі айырғыштарды оперативті аппарат ретінде
қолдану, ол жүктеме тоқтарын қате өшіруге соқтыруы мүмкін.
9.4 Тқ жеңілдетілген сұлбалары
Ажыратқыштар саны аз немесе мүлдем жоқ жеңілдетілген сұлбалар
қосалқы стацияларда кеңінен қолданыс тапты. Бұл алдымен электрқондырғылар элементтері басқа блоктармен көлденең байланыссыз тізбектей қосылған блокты сұлбалар.
Қосалқы станцияда жоғарғы кернеу жағынан трансформатор – желі блогында ажыратқыштар сияқты айырғыштарды QR және қысқа тұйықтағыштарды QN 9.4 а,б суретінде көрсетілгендей қолдануға болады. Сұлбаның негізгі құндылығы үнемділігі болып табылады, бұл
құндылықтары осы сұлбаны, транзитті желіге терең дәнекерленіп қосылатын бір трансформаторлы қосалқы станцияда қолдануға мүмкіндік береді.
а) ажыратқышты трансформатор -желі блогы; б) айырғышты трансформатор -желі блогы; в) айырғыштармен және автоматы емес жалғамасы бар екі блок; г) ажыратқышты көпір
9.4 Сурет– ТҚ-дың ЖК жағынан жеңілдетілген сұлбасы
Кернеуі 35 – 220 кВ екі трансформаторлы қосалқы станцияда трансформатор – желі 9.4 в суретінде көрсетілгендей екі блокты сұлба қолданылады, олар неғұрлым икемді болуы үшін, QS3, QS4 екі айырғыштан тұратын автоматты емес жалғамамен қосылады . ЖК жағында 9.4.г суретінде келтірілгендей көпір сұлбасын қолдану мүмкіндігі бар.
№10 дәріс.Тарату құрылғыларының сұлбалары (9 дәрістің жалғасы)
Дәрістің мазмұны:
тарату құрылғыларының сұлбалары.
Дәрістің мақсаты:
- ТҚ сақиналы сұлбаларын, жинақтама шинасының айналма жүйелі
сұлбасын және бөліктік сұлбаларды меңгерту
10.1 Сақиналы сұлбалар
Сақиналы сұлбаларда (көпбұрышты сұлбаларда) ажыратқыштар өзара, сақиналы болып қосылады. Әрбір элемент – желі, трансформатор – екі көршілес ажыратқыштың арасында 10.1. суретте көрсетілгендей жалғанады.
Сақиналы сұлбаларда ажыратқыштар жұмысы сенімділігі басқаларымен салыстырғанда жоғары болады, өйткені кез-келген ажыратқышты қалыпты жұмыс сұлбасында байқау мүмкіндігі бар. Ажыратқышты оны сөндіру арқылы тексеру, қосылған элементтер жұмысын бұзбайды және сұлбада ешқандай қайта қосуды талап етпейді.
Сақиналы сұлбалардың қарапайымдылығы үшбұрышты сұлбасы болып табылады.
Төртбұрыш сұлбасы (квадрат) үнемді (төрт қосылысқа төрт ажыратқыш), кез-келген ажыратқыштың тексеру және тазалауды оның элементтерінің бұзылуынсыз іске асыра алады.
Барлық сақиналы сұлбалар құндылығы айырғыштарды тек қана жөндеу жұмыстарына ғана қолдануы болып табылады. Мұндай сұлбаларда айырғыштар арқылы істелінетін операциялар саны көп емес.
Жоғарыда талданған сұлбалардың барлығының ерекшеліктеріне ие, алтыбұрыш сұлбасы кеңінен қолданыс тапты.
а) үшбұрыш; б) төртбұрыш; в) алтыбұрыш
10.1 Сурет – Сақиналы сұлбалар