
- •1. Тұжырымдаманың мақсаты мен жүзеге асыру жолдары
- •2. Медициналық көмектің сапасын талдау және бағалаудың негiзгi бағыттары
- •3. Болжамалы нәтижелер
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң мақсаттары
- •3. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары
- •4. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiн талдау мен баға беру талаптары
- •5. Сарапшы-дәрiгерлердiң құзыры
- •6. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн талдау мен баға берудi ұйымдастыру
- •1. Жалпы шарттары
- •2. Дәрiгер-сарапшының мақсаты
- •3. Дәрiгер-сарапшының жұмысын ұйымдастыру
- •4. Дәрiгер-сарапшының құзырлары
- •5. Дәрiгер-сарапшының құқықтары
- •6. Сарапшы-дәрiгердiң мiндеттерi
- •7. Жауапкершілік
- •1. Ұйымдастыру сұрақтары
- •2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары
- •1. Ұйымдастыру сұрақтары
- •2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары
2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң мақсаттары
5. Медициналық көмектiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi мақсаты азаматтардың дұрыс деңгейдегi тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн алудағы құқығын қамтамасыз ету мақсатында, өкiлеттiлiк шеңберiнде медициналық сараптау жүргiзу болып табылады.
6. Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн: 1) мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде медициналық көмек көрсету жүйесiн талдау және баға беру; 2) медициналық көмек сапасын талдау және баға беру үшiн денсаулық сақтау саласындағы статистикалық мәлiметтер жинау; 3) медициналық көмектiң сапасына баға берудiң нормативтiк-тәсiлдiк құжаттарын жасау; 4) медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру жөнiндегi мамандарды дайындау; 5) азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi орталық атқарушы органы бекiткен қызметтегi нормативтiк актiлер және медициналық стандарттармен көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасын сәйкестендiру; 6) медициналық қызметтердiң сапасын сақтап, жоғарылатқаны үшiн жеңiлдiктер беру жүйесiн дамыту; 7) медициналық көмектiң сапасын жақсарту жөнiндегi қызметтегi заңдылықтарға қарсы келмейтiн басқа да шаралар.
3. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары
7. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары болып: 1) көрсетiлген медициналық көмектiң медициналық стандарттарға сәйкестiгiн анықтау; 2) медициналық көмектiң сапасын, лицензияда белгiленген медициналық көмек түрлерi бойынша, ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзу; 3) азаматтардың сапалы медициналық көмек алу құқықтарын орындалуын қамтамасыз ету; 4) аурулардың медициналық көмек пен қызмет деңгейiне қанағаттанғандығын зерттеу; 5) көрсетiлген медициналық көмектiң нәтижелерiн компьютерлiк-ақпараттық технологиялар негiзiнде талдау және баға беру; 6) медициналық көмектiң сапасына байланысты проблемаларды анықтап, ұйымдастыруды жетiлдiру және медициналық көмектiң сапасын арттыру жөнiндегi басқарушылық шешiмдер қабылдау үшiн, жергiлiктi медициналық ұйымдарға ұсыныстар беру.
4. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiн талдау мен баға беру талаптары
8. Медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалау белгiлi талаптарға сәйкес болып: 1) мамандандырылған, яғни бiр мамандықтағы маман сол мамандықтағы маманды сараптауы қажет; 2) бағыттандырылған, яғни сарапшы-дәрiгерлер медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалауды нақты бағытта жүргiзедi; 3) жүйеленген, яғни ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметiн талдау мен баға беру статистикалық нұсқаларын, кадрлық қуатын, материалды-техникалық базасын және медициналық қондырғылар мен техникалармен жабдықталғанын талдау негiзiнде өткiзiледi. Медициналық көмектi талдау мен баға беру ортақ тәсiлдiк принциптерi бойынша қорытынды шығарумен жүргiзiледi.