
- •1. Тұжырымдаманың мақсаты мен жүзеге асыру жолдары
- •2. Медициналық көмектің сапасын талдау және бағалаудың негiзгi бағыттары
- •3. Болжамалы нәтижелер
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң мақсаттары
- •3. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға берудiң негiзгi бағыттары
- •4. Тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiн талдау мен баға беру талаптары
- •5. Сарапшы-дәрiгерлердiң құзыры
- •6. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн талдау мен баға берудi ұйымдастыру
- •1. Жалпы шарттары
- •2. Дәрiгер-сарапшының мақсаты
- •3. Дәрiгер-сарапшының жұмысын ұйымдастыру
- •4. Дәрiгер-сарапшының құзырлары
- •5. Дәрiгер-сарапшының құқықтары
- •6. Сарапшы-дәрiгердiң мiндеттерi
- •7. Жауапкершілік
- •1. Ұйымдастыру сұрақтары
- •2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары
- •1. Ұйымдастыру сұрақтары
- •2. Медициналық көмек сапасының сұрақтары
3. Болжамалы нәтижелер
9. Тұжырымдаманы орындаудың болжамалы нәтижелерi: 1) медициналық көмектiң сапасының жоғарылауы және қолда бар қорларды тиiмдi қолдану; 2) ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметiнiң деңгейi мен тиiмдiлiгiнiң артуы; 3) профилактикалық бағыт алғандық, ең қажеттi медициналық көмектiң барлық сатыларындағы сабақтастық негiзiнде көрсетiлген медициналық көмектiң ауруларды қанағаттандыруына жету; 4) медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалау жүйесiн жетiлдiру; 5) денсаулық сақтаудағы реформаларды жеделдету; 6) бюджеттiк қаржыны пайдаланудың экономикалық тиiмдiлiгiн арттыру; 7) қызметтегi заңдылықтарға сәйкес азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Қорытынды
Тұжырымдамамен, науқастардың жасына, функционалдық жағдайына, негiзгi және қосалқы ауруларына, таңдалған емдеуге реакциясына және де басқа факторларға қарай, олардың денсаулығына жағымды нәтижелер беретiн диагностикалық және емдеу шараларының осындай комплекстiк құқықтарын қорғау механизмдерi көзделген. Медициналық көмектiң сапасын жақсартудағы халықаралық тәжiрибе екi жақты бiрдей қанағаттандыра алатын дайын схемасының жоқ екендiгiн және әлемдегi барлық елдердiң денсаулық сақтауға қолданылымды өзiндiк медициналық көмектiң сапасын талдау және бағалау тәсiлдерi барын, олардың технологияларын үнемі жетілдіру жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Бұл Тұжырымдама іс-қимылдың ақырғы құжаты болып табылмайды, ол заңдылық актілердің және басқа ресми құжаттардың өзгеруіне байланысты толықтырылады, сонымен қатар, ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның қызметін талдау және баға беру процессінде жетілдендіріледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi Агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 шілде N 439 бұйрығымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасында тегiн медициналық көмектiң кепілдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға беру Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы" Заңына , Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000-2002 жылдардағы iс-қимылдары бағдарламасына сәйкес құрастырылған, Қазақстан Республикасының территориясында мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм шарт жасаған емдеу-профилактикалық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының жеке медициналық тәжiрибемен айналысатын азаматтары (бұдан әрi - ЖАБДЫҚТАУШЫ) көрсететiн медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру бәрiне ортақ ұйымдастырушылық және тәсiлдiк принциптерiн қалыптастырады.
2. Тегiн медициналық көмектiң сапасын талдау және баға беру жүйесi азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн алу құқығын қорғау мақсатымен Қазақстан Республикасының қызметтегi заңдылықтарына сәйкес құрылады.
3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiнiң сапасын талдау және баға беру ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның ресурстық, кадрлық мүмкiндiктерiн, қолданылатын профилактикалық, диагностикалық және емдеу технологияларын, сонымен қатар ЖАБДЫҚТАУШЫ-ның сапалық көрсеткiштерiн зерттеу арқылы жүргiзiледi.
4. Талдау және баға берудiң объектiсi болып, мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi және жергiлiктi денсаулық сақтау органдарымен келiсiм негiзiндегi белгiленген технология бойынша, нақты нәтижеге жету мақсатымен жүргiзiлетiн профилактикалық, емдеу-диагностикалық және реабилитациялық шаралар ретiнде қабылданатын ЖАБДЫҚТАУШЫ көрсететiн тегiн медициналық көмектiң көлемi болып табылады.