
- •Қысқартылған сөздердің тізімі
- •Туберкулезді анықтау
- •Туберкулиндік диагностика
- •Флюорографиялық тексеру
- •Бактериоскопиялық диагностика
- •Тексеріс жүргізу нәтижелелері
- •Туберкулезді алдын алу
- •Туберкулезді спецификалық алдын алу
- •Егуге реакция
- •Асқынулар
- •Поствакцинальды лимфадениттердің емі
- •Туберкулезді санитарлық алдын алу
- •Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар
- •Қызмет бойынша (оқу орны) ошақты санитарлы-эпидемиологиялық ұйымдардың алғашқы рет тексеруi
- •Балаларға арналған мекемелерге және теңестiрiлген мекемелерге жүргiзiлетiн эпидемиологиялық шаралар
- •Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында кезектi дезинфекциялық шараны жүргiзу
- •Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция
- •Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн қорытынды дезинфекция
- •Туберкулезді химиялық алдын алу
- •Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
- •Науқастардың емдік категориялары
- •І категория науқастарын емдеу
- •Туберкулезге қарсы дәрілердің мөлшері
- •Хирургиялық ем
- •Диспансерлік бақылау
- •Әдебиет
- •11.10. 2006 Ж.Басуға қол қойылды
- •100 Дана
Егуге реакция
БЦЖ вакцинасы жіберілген орында өзіне тән ортасында кішкене бөртпесі бар және шешек тәрізді қабық түзілген диаметрі 5-10 мм инфильтрат сияқты реакция пайда болады, бірқатар жағдайларда пустуляция байқалады. Кейде инфильтрат ортасында кішкене шірік (некроз) пайда болады.
Жаңа туылған кезде егілген балаларда, егу реакциясы 4-6 аптадан соң жергілікті егу пайда болады, қайта егуден соң жергілікті егу реакциясы енді 1-ші аптадан-ақ байқалады. Мұндай реакциялар қалыпты деп есептеледі де, ешқандай емдеусіз-ақ кері дамуға ұшырайды. Суға шомылу кезінде егу орнын жарақаттаудан аулақ болған жөн.
Егу орнында кері даму өзгерістері 2-4 ай ішінде, ал кей балаларда одан көп мерзімде жүреді де, оның орнында беткейлік тыртық (2-10 мм диаметрі) қалады.
Егілген және қайта егілген балаларға бақылауды дәрігер мен медициналық бикелер жүргізеді. Олар егу немесе қайта егу кейін 1, 3, 6, 12 айдан соң егу реакциясының жергілікті өзгеру сипатын және өлшемін тіркеулері керек. Бұл мәліметтер №63/у, 112/у және 26у формаларында тіркелуі тиіс.
Асқынулар
Асқынуларға жататындар:
Тері асты суық абсцесі;
Беткейлік жара;
Перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті;
Келлоидты тыртықтар;
Остит.
БЦЖ егу және қайта егуден соң асқыну жергілікті сипатта болып келеді де, олар сирек кездеседі (0,02%-ке жуық).
Асқынуларға жататындар: тері асты суық абсцесі,диаметрі 10 мм-ден үлкен теріге жіберілген БЦЖ егу орнындағы жара инфильтрациясы, абсцесс түзу және кальцинация кезеңінде бездердің 1,5 см-ге дейін және одан көп үлғаюы кезіндегі перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті (қолтық, мойын, бұғана үсті, бұғана асты бездері), келлоидты тыртықтар.
Тері асты суық абцесстері. Жергілікті температуралық реакциясы болмайтын абсцесстің пайда болуымен сипатталады. Суық абсцесстің дамуы БЦЖ вакцинасын егу техникасы бұзылып және оның тері астына кетуіне, сол сияқты егілетін заттың сапалығына және оның мөлшеріне байланысты. Ол ісік тәрізді, пальпация жасағанда ауырмайды, ортасында флюктуация анықталады, кейбір жағдайда қолтық лимфа бездері ұлғаяды, егуден кейін 1-8 ай ішінде пайда болуы мүмкін.
2-3 ай ішінде өздігінен жайылып кетуі немесе флюктуация пайда болып жұмсаруы мүмкін, кейбір жағдайда иіссіз ірің ағатын өзек пайда болуы мүмкін. Суық абсцесс орнында терең жара қалады. Жазалған кезде орнында жұлдызша тәрізді тыртық түзіледі.
Емі. Ішке 2-4 ай аралағында изониазид (5 мг/кг) тағайындалады.
Жергілікті – рифампицин (0,45 г) мен 10-20%-ті димексид ертіндісінің апликациясы жасалады.
Флюктуация пайда болған жағдайда әр 2-3 күн сайын шприцпен казеозды затты шприцпен сорып, суық абсцесс аймағына стрептомицин (15 мг/кг) ерітіндісін жібереді. Суық абсцесс орнындағы жараны изониазид ұнтағын себу жолымен емдеген жөн. Егер суық абсцесс 2-3 ай ішінде жергілікті емдеуге бағынбаса, сыртқы қабығымен хирургиялық жолмен сылынып тасталады. Хирургиялық емнен кейін химиотерапия изониазид дәрісімен 1 ай аралығында жалғастырылады.
Беткейлік жара. БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі тері және теріасты-май клетсаткасының дефектісі. Жараның пайда болуы көп жағдайда егілетін заттың жоғары реактогендігіне немесе мөлшерін көп енгізуге байланысты болады. Беткейлік жараның диаметрі 10-30 мм болады. Беткейлік жара ревакцинациядан кейін 3-4 аптадан кейін пайда болады. Ол терінің жоғарғы қабатының беткейлік жарақаттануымен сипатталады.
Жараны емдеу үшін изониазид ұнтағын, ал екіншілік инфекцияның алдын алу үшін жара айналасына бактерияға қарсы майлар жағады.
Поствакцинальды лимфадениттер – бұл БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі регионарлық лимфа бездердің, жиі қолтық, кейде бұғана үсті және асты, сирегірек мойын, жақасты, иекасты ұлғаюы байқалады. Бірнеше лимфа бездердің бірден зақымдалуы мүмкін.
Поствакцинальды лимфадениттер көбінесе бірінші рет егілген балаларда білініп, баланың 2-3 айлық жасында қалыпты жергілікті реакция болғанда, кейде тері асты суық абсцессімен бірге пайда болады. Қайта егілгендер арасында поствакциналық лимфаденит егу орнында өте сирек кездесіп, әдңтте суық абсцесспен қосарланады.
Регионарлық лимфа бездерінің инфильтрация, абсцесстену және кальцинация кезеңіндегі 1,5 см және одан көпке ұлғаю асқыну болып саналады.
Вакцинадан кейінгі лимфаденитке ешқандай белгілерсіз басталу тән. Поствакциналық лимфадениттердің клиникалық белгілерінің білінуі, нәрестеде табылған процесстің кезеңдеріне (инфильтрация, абсцесс, кальцинация) байланысты әр қилы болады. Кейбір жағдайда флюктуация, кейде иіссіз ірің ағатын өзек пайда болады.
Егер поствакцинальды лимфаденит ұзақ уақытқа созылса, балада интоксикация симптомдары пайда болуы мүмкін (субфебриалді температура, микрополиадения, тәбеттің төмендеуі, салмақтың қосылмауы, гипохромды анемия, бауырдың 1-2 см-ге ұлғаю т.б.).
Интоксикация симптомдары жиі кальцинация кезеңіндегі поствакцинальды лимфадениті бар балаларда кездеседі. Кальцинаттар әдетте кездейсоқ кеуде клеткасын рентгенологиялық тексеру кезінде табылады.
Туберкулин сынамалары оң нәтижелі болады.
Интоксикация белгілері поствакциналық лимфадениті бар балаларда кальцинация кезеңінде жиі байқалады. Кальцинаттар кездейсоқ табылады. Туберкулин реакциясының виражы, туберкулиндік интоксикация туберкулинге сезімталдық күшеюі немесе «салқын тиіп» ауру жиілеу жөнінде рентгенологиялық тексеру кезінде вакцинані егу орны перифериялық бездеріндегі кальцинаттарға көңіл аударған жөн. Кальцинаттардың өлшеміне және интоксикация белгілеріне қарай емдеу тактикасы әр түрлі болуы керек. Интоксикация белгілері болмаған және кальцинат 1 см-ден кіші болған жағдайда емдеу қажет емес. Кейде олар өздігінен жойылып кетеді.
1 см-ден үлкен кальцинаттар және интоксикация белгілері болған жағдайда хирургия жолымен емдеу /безді алып тастау/ және арнайы химиотерапия қолдану керек.