
- •Қысқартылған сөздердің тізімі
- •Туберкулезді анықтау
- •Туберкулиндік диагностика
- •Флюорографиялық тексеру
- •Бактериоскопиялық диагностика
- •Тексеріс жүргізу нәтижелелері
- •Туберкулезді алдын алу
- •Туберкулезді спецификалық алдын алу
- •Егуге реакция
- •Асқынулар
- •Поствакцинальды лимфадениттердің емі
- •Туберкулезді санитарлық алдын алу
- •Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар
- •Қызмет бойынша (оқу орны) ошақты санитарлы-эпидемиологиялық ұйымдардың алғашқы рет тексеруi
- •Балаларға арналған мекемелерге және теңестiрiлген мекемелерге жүргiзiлетiн эпидемиологиялық шаралар
- •Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында кезектi дезинфекциялық шараны жүргiзу
- •Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция
- •Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн қорытынды дезинфекция
- •Туберкулезді химиялық алдын алу
- •Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
- •Науқастардың емдік категориялары
- •І категория науқастарын емдеу
- •Туберкулезге қарсы дәрілердің мөлшері
- •Хирургиялық ем
- •Диспансерлік бақылау
- •Әдебиет
- •11.10. 2006 Ж.Басуға қол қойылды
- •100 Дана
Туберкулезді химиялық алдын алу
Бұл жекелеген профилактика. Әдіс туберкулезге қарсы дәрілерді туберкулез ауруын алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Химиялық профилактика үшін негізінен изониазид қолданылады. Изониазидтің жоғары бактериостатикалық әсері бар, адам ағзалары мен тіндеріне жақсы енеді және улы әсері аз.
Химиялық алдына алу қауiп -қатер тобының жандарына сонымен қатар,толық тексерiстен соң тоқтатылған туберкулез үрдiсi анықталған шипа – жайлық немесе ұйымдастырылған топтық жағдайдағы АИВ жұқтырған балалар мен жасөспiрiмдерге мiндеттi түрде медициналық қызметкердiң бақылауымен тақайындалады.
Химиялық алдына алуда негiзгi дәрi – изониазид (Н). Тәулiктiк Н мөлшерi бiр iшкенге, күнде, 5 мг/кг масса есебiнде, мiндеттi түрде толық тағайындалған курс аяқталғанша медициналық қызметкердiң бақылауымен.
Туберкулиндi тоғысудың виражында (нормергия, гиперергия) химиялық алдына алу курсының уақыты 3 айлық мерзiмде.Бұрын туберкулез микробактериясын жұқтырған, гиперергиялық тоғысу анықталған жандарға химиялық алдына алу екi ай жүргiзiледi. Этамбутол 15 мг/кг дене салмағы есебiнен тағайындалады. Этамбутол тағайындалмас бұрын окулист кеңесi қажет. Дәрiнiң жақсы қабылдануы мақсатында дәрiмен қоса полидәрумендер тағайындалады, құрамында А және В дәрумендерi бар.
Н қабылдағанда зинды әсерлер (эозинофилия, аллергиялы дерматит, парестизин, т. б) пайда болса, қосымша тексеруден өту керек (қан, зәр). Керi әсерлер байқалса, Н 5-7 күнге тоқтатады. Аллергиялы тоғысулар кезiнде, десенсибилизисиялы терапия мен антигистаминдi дәрiлермен ем жүргiзiледi. Екiншi тағайындау кезiнде Н қабылданбаса, химиялық алдына алу тоқтатылады. Вирусты гепатиттен кейiн химиялық алдына алу жұқпалы ауруды тасушының барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн 6 айдан кейiн ғана тағайындалады. Бұндай кезде химиялық алдын алу гепатопротекторлар жүзiнде жүргiзiледi.
Химиялық алдына алу қарым-қатынаста болған туберкулез ошақтарының виражбен гиперергиялық тоғысу анықталған жандарына есепке алынған кезден бастап бiр рет жүргiзiледi.
Туберкулез ошақтарының барлық 1- жасқа дейiнгi балаларына бактерия бөлетiндерiне БЦЖ вакцинасынан кейiн 2-айлық аралықты сақтай отырып, изиониазидпен 3- айлық (3Н) мерзiмде химиялық алдына алу жүргiзiледi.
Химиялық алдына алу (3H) туберкулездiң микобактериясын жұқтырған гормонды (цитостатикалық) ем қабылдаушы балалар мен жасөспiрiмдерге де тағайындалған.
Химиялық алдына алудан зиянды әсер алатындар қояншық, ОНЖ зақымдануы, бауыр және бүйрек аурулары мен туберкулез емес этиологиясын қызметiнiң бұзылуы.
Туберкулезге қарсы мекемелердiң дәрiгерлерiмен нұсқау берiлiп, бақыланады.Химиялық алдына алуды дәрiгерлер амбулаториясында, жалпы iс-жүзiндегi дәрiгерлер бөлiмшесiнде, мектептерде, балалар - бақшасында, орта және жоғарғы оқу орындарында медициналық бөлiмшелердiң медициналық қызметкерлерiмен жүргiзiледi.
Химиялық алдына алудың өткендiгi туралы науқастың амбулаторлық медициналық картасына (форма 026/у) тiркеледi, туберкулезге қарсы мекеменiң диспансерлiк картасына ТБ01(қаз) дисп, күнделiктi «орындалған емнiң қадағалану бетi» медициналық қызметкердiң бақылауымен тiркелiнедi.
Туберкулездi химиялық алдына алу АИВ жұқтырылған балалармен жасөспiрiмдерге және ересектерге бiрдей жүргiзiледi:
бәрiне, АИВ - құрылымның (туберкулез науқасы мен қатынаста тұрмайтын) тоғысуының оң нәтижелi болуы;
өкпе немесе өкпеден тыс туберкулезi науқасымен бактерия бөлсiн, бөлмесiн қатынас ұстанған;
Химиялық алдына алу АИВ жұқтырылған балалармен жасөспiрiмдерде аймақтық туберкулезге қарсы диспансерлердiң фтизиаторларымен тағайындалады, жинақтаулы клиника-рентгенологиялық зерттеулерден кейiн туберкулездiң белсендi еместiгi анықталғаннан кейiн , изонизидпен (Н) 5 мг/кгдене салмағы есебiмен (0,3г аспайды) қоса пиродрксин-25мг бiр тәулiкте күнделiктi тәртiпте 6-ай бойы тағайындалады.
Туберкулезге қарсы диспансерлерде есепте тұрмайтын АИВ жұқтырылған науқастарға химиялық алдына алулар ЖИТС орталығының қызметкерлерiмен АИВ жұқтырылғандарда бақылайтын мекемелерде жүргiзiледi. Кейде ғана химиялық алдына алу ата – ананың, туыстарының, бақылауымен жүргiзiледi. Оларға қолхат арқылы дәрi берiлiп, бақылау мерзiмi 10 күннен аспау керек.
Вираждық балалардың арасында химиопрофилактика 1 рет жүргізіледі.
ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЕМІ
Емдеудің жалпы принциптері
Туберкулез науқасын емдеудің басты мақсаты - науқасты туберкулезден жазып шығару, яғни аурудың клиникалық белгілерін толық жойып, бактерия бөлуді тұрақты тоқтатып және зақымдалған ағзада туберкулез өзгерістерін тұрақты орнына келтіріп, науқас организмінің бұзылған қызметін барынша орнына келтіру; туберкулезден болатын өлімді және басқа жағымсыз болжамның алдын алу; рецидивті болдырмау және инфекцияның бір адамнан екіншісіне жұғуын азайту мүмкін болса тоқтату болып табылады. Бұл үшін науқасты емдеу барысында міндетті түрде емдеудің жалпы принциптерін орындау керек. Туберкулез ауруларын емдеудің жалпы принциптері:
Туберкулез ауруының емі дер кезінде ерте басталуы керек. Ол үшін туберкулез ерте кезеңінде анықталуы тиісті. Бұл қағида өкпе мен басқа мүшелерде кері қайтпайтын морфологиялық өзгерістер пайда болмай тұрып, туберкулезді дер кезінде, кешіктірмей табу керек екендігін көрсетеді. Себебі туберкулездің жаңа басталған кезеңінде қолданған емнің нәтижесі, туберкулездің асқынған, емдеу мезгілі өтіп кеткен, консервативті емді жүргізгенде жазылмайтын фиброзды-каверналы, циррозды туберкулезбен салыстырғанда әлдеқайда нәтижелі.
Туберкулез ауруының емі ұзақ уақыт жүргізілуі тиісті, себебі осы күнге дейін туберкулезді қысқа мерзімде жазып шығатын әдіс табылмаған. Туберкулезге қарсы жүргізілетін емнің мерзімі оның анықталу кезеңімен тікелей байланысты. Туберкулезбен ауыратын науқасты емдеудің нәтижелігі емнің ұзақтығына байланысты. Емді ерте, мезгілінен бұрын тоқтату туберкулездің өршуіне, ауру процесінің қайталануына әкеліп соғады. Емдеу уақытының қолайлы ұзақтығы туберкулездің түріне, емнің нәтижелігіне байланысты, ол 6-18 айға (орташа 1 жыл) созылады. Дер кезінде анықталмаған, туберкулездің аса созылмалы түрлерімен ауыратын науқастарға химиотерапия бірнеше жыл бойы табанды түрде жүргізіледі.
Бірақ сырқаттың жазылу уақыты туберкулездің ерте немесе кеш анықталуына байланысты. Туберкулезден емделіп жазылу мезгілін неғұрлым қысқарту бүгінгі күннің маңызды мәселесі болып табылады. Осы салада біраз зерттеулер жүргізіліп, әр түрлі емдеу әдістері жасалады. Туберкулезден жазылу мезгілін екі есеге қысқартуға мүмкін екені туралы тұжырымдар айтылады.
Туберкулез ауруының емі кешеңді болу керек және туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер, патогенетикалық, және симптоматикалық дәрілер, керек жағдайларда коллапсотерапия мен хирургиялық емдеу әдістері репаративті процесстерді жылдамдатуға науқас ағзасының бұзылған қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған болуы қажет.
Туберкулез ауруының ұзақ мерзімді емі стационарда басталып, санаторий емімен жалғасып, амбулаториялық емханада аяқталуы тиіс. Ем осы көрсетілген кезеңдерде бір жоспармен жүргізіліп, алдыңғы кезеңде басталған ем соңғы кезеңдерде жалғасады. Қазіргі кезде туберкулез ауруларын емдеудің бағасын азайту мақсатында науқастарды стационарда қарқынды ем жүргізіліп емнің көп уақыты амбулатория жағдайында жүргізіледі. Себебі емге бөлінген қаржының 60 пайызы стационарлық емге жұмсалады. Сабақтаса жүргізілген ем химиотерапияның негізгі қағидаларының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Туберкулездің химиотерапиясы
Туберкулез науқасын емдеудегі жетістіктер химиотерапиямен байланысты. Химиотерапияның нәтижелілігі антибактериалды дәрілердің туберкулез микобактериясына қарсы әсерімен байланысты.
Терапиялық нәтижеліліктің дәрежесі дәрілердің бактериостатикалық белсенділігіне және макроорганизммен байланыста болатын бактериялық популяцияның жағдайына, дәріге төзімділігіне байланысты болады.
Туберкулезге қарсы кейбір дәрілерге сезімтал және төзімді бактериялар түрлеріне сапалы әсер жасау үшін туберкулез науқастарының химиотерапиясы бактериостатикалық дәрілердің комбинациясымен жүргізіледі. Дәрілерді бір-біріне қосып бергенде олардың микобактерияларға қарсы әсері күшейеді, мысалы изониазид пен рифампицин, этамбутол мен пиразинамид бір-бірінің әсерлерін күшейтеді.
Туберкулезге қарсы дәрілердің бактериостатикалық әсері олардың науқас қан сарысуындағы концентрациясының деңгейіне және оны оптималды жоғары деңгейде сақтап тұру уақытына байланысты болады. Бұл дәрінің тәуліктік мөлшерін бір рет және күнара беруге болатынын көрсетеді.
Туберкулезге қарсы дәрілердің жақсы диффузиялық қасиеті бар, олар кез келген патологиялық ошаққа ене алады, сондықтан көп жағдайда химиотерапияның нәтижелілігі туберкулез процессінің ерекшелігіне, оның ішінде өкпедегі морфологиялық өзгерістерге байланысты бола бермейді. Туберкулезге қарсы дәрілерді бергеннен кейін емнің нәтижесіз болуын көбінесе химиотерапияның дұрыс жүргізілмеуіне және дәріге төзімділіктің қалыптасуына байланысты болады. Бірақ созылмалы туберкулез процессінде өкпе тінінде фиброзды өзгерістердің пайда болуы, қан және лимфа айналымның бұзылуы салдарынан дәрілердің диффузиясы біршама баяулайды. Бұл туберкулезге қарсы дәрілердің қан сарысуына қарағанда фиброзды кавернаның қабатында және ішінде өте аз концентрацияда болып дәрі концентрациясының тез көтеріліп оңтайлы деңгейге жетуіне жағдай жасамайды. Нәтижесінде дәрілердің бактериостатикалық әсері әртүрлі патологиялық ошақтарда әр келкі дәрежеде байқалады.