Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

13. Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі

салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес келесі формула бойынша есептейді:

Σсал.і = (O сал.*СТ сал.і)+коэф.і

Σсал.і- і көлік құралының салық сомасы;

О сал.- і объектісінің салық салуы;

СТ сал.і- і көлік құралының салық ставкасы;

коэф.і- і көлік құралының түзету коэффициенті.

Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.

Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп  саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.

Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.

14. Жер салығын төлеушілер және олардың қатарына жатпайтындар

Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:

  • бірыңғай жер салығын төлеушілер;

  • мемлекеттік мекемелер;

  • уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

  • діни бірлестіктер.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары мен діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.

Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентін қолданады:

  1. Балалардың сауықтыру мекемелері;

  2. Коммерциялық емес ұйымдар;

  3. Қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту, және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

  4. Балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

  5. әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

  6. ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

  7. психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу -өндірістік кәсіпорындары;

Осы жер салығын төлеушілер жер учаскесін не оның бір бөлігін жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру не коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэфицентті қолданбай, жалпы белгіленген тәртіппен есептейді.