Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

37. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы

1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;

2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі – құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.

Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.

«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

38. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.

Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдалану құқығы көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган беретiн рұқсат құжатымен әрбiр күнтiзбелiк жылға берiледi. 

Тиiстi рұқсат құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын нақты пайдалану төлемақы сомасын өндiрiп алу және бюджетке енгiзу үшiн негiз болып табылады.

Көлiктiк бақылау мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган ай сайын, келесi айдың 15-інен кешiктiрмей өзінің орналасқан жеріндегі салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер береді.

Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Төлемақы ставкасы 1 валдық регистрлік тонна үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,26 айлық есептік көрсеткіш есебінен айқындалады.

39. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар түрінде Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.

Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн (бұдан әрi – жарнама объектiсi) орналастыру: 

1) автомобиль жолдары мәселелерi жөнiндегi уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрi – жол органы) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен белгілі бір мерзімге беретiн құжат негiзiнде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнама объектiлерiн орналастыру кезiнде;

2) жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беретiн рұқсат негізінде елді мекендерде, сондай-ақ көлік құралдарында жарнама объектілерін орналастыру кезінде жүргізіледі.

Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады. 

Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

40. Баж салығы - мемлекетпен немесе өзара кэсіби қатынастар жасайтын жеке адамдардан, занды үйымдардан ендіріп алынатын тұгыну салығының бір түрі (мэселен, жалгерлік туралы шарт жасасу, бағалы қағаздар беру, қамқоршылық туралы келісім).

Баж салығының екі түрі бар:

  • мемлекеттік баж;

  • кедендік баж.

Мемлекеттік бажда төлем болып саналады.

Мемлекеттік баж уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс–қимылдар жасағаны үшін және құжаттарын бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баждың салықтар айырмашылығы мынада:

  • мемлекет тарапынан қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем болып саналады;

  • мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар–ақша қатынастары жүзеге асады.