
- •Салық дегеніміз не?
- •Салықтың қаржы-құқықтық категория ретіндегі ерекшеліктері қандай?
- •3. Салықтың қандай қызметтері бар?
- •4. Негізгі салық элементтері
- •5. Салық жүйесі дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады?
- •6. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің негізгі қалыптасу кезеңдерін атаңыз
- •7. Салық саясаты және оның түрлері
- •8. Салықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі?
- •10. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •11. Көлік салығын төлеушілер қатарына кімдер жатпайды?
- •12. Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары
- •13. Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
- •14. Жер салығын төлеушілер және олардың қатарына жатпайтындар
- •15. Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай қандай санаттарға бөлінеді?
- •16. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық
- •17. Елді мекен жерлеріне салынатын салық
- •18. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық
- •19. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық
- •20. Жеке тұлғалардың жер учаскелеріне салық салу ерекшеліктері
- •21. Жер салығы ставкаларын түзету
- •22. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •24. Мүлік салығы салынбайтын объектілер
- •25. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына кімдер жатпайды?
- •26. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •27. Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары
- •29. Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен Қазақстанда енгізілуінің алғышарттары, оны қалыптастыру ерекшеліктері
- •30. Ққс артықшылықтары мен кемшіліктері
- •31. Қосылған құн салығын салу объектілері
- •32. Салық салынатын айналым мөлшерін анықтау, оны түзету
- •33. Нольдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •34.Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •35. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •36. Қосылған құн салығы бойынша есепке алу
- •38. Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •39. Акциздік салық салу негіздері: төлеушілері, салық салу объектісі, салық салынатын айналымды анықтау, акцизделетін товарлар
- •40. Импорттық акцизделетін тауарға салық салудың тәртібі
- •41. Акциздерді есептеу механизмі
- •42. Ойын бизнесіне салынатын салық
- •43. Тіркелген салық
- •44. Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері
- •45. Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі
- •46. Жылдық жиынтық табыс құрамы
- •47. Салықтық шегерістер
- •48. Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •49. Резидент емес шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері
- •1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні, функциялары және құрылу негіздері
- •3. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:
- •4. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
- •5. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына:
- •7. Әлеуметтік салық: экономикалық мәні мен оны қалыптастыру негіздері
- •9. Міндетті зейнетақы жарналары мен Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар: қалыптастыру тәртібі, мақсаттық арналымы, есептеу механизмі
- •10. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •11. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі
- •12.Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен үстеме пайдаға салынатын салықтың мәні мен есептелу тәртібі
- •Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
- •13. Экспортқа салынатын рента салығын есептеу механизмі
- •14. Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы.
- •15. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі
- •16. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:
- •17. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •18. Шаруа немесе фермер қожалықтары үші арнаулы салық режимі. Бірыңғай жер салығын есептеу және төлеу тәртібі
- •19. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
- •20. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимі
- •21. «Алым» ұғымы және оның салықтар, баждар және төлемақылардан түбегейлі айырмашылығы
- •22. Алымдар түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •24. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым:
- •28. Төлемақылардың экономикалық мазмұны, айрықша белгілері
- •29. Төлемақылар түрлері
- •37. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
- •41. Баждың алымнан айырмашылықтарына тоқталар болсақ:
- •42. Мемлекеттік баж алу объектілері.
- •43.Кеден төлемдерінің түрлері.
28. Төлемақылардың экономикалық мазмұны, айрықша белгілері
Төлемақы дегеніміз — белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем.
Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар:
біріншіден, төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;
екіншіден, төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық–құқықтық қатынастар кезінде туындайды.
29. Төлемақылар түрлері
Қазақстан Республикасында қазір мынадай:
жер учаскесін пайдаланғаны үшін;
үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін;
қоршаған ортаға эмиссия үшін;
жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін;
орманды пайдаланғаны үшін;
ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін;
радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін;
қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін;
кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін;
сыртқы (көрінетін) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.
30. Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы мемлекеттiң жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергенi үшiн алынады.
Жер учаскелерiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртiбi Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгiленедi.
Жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді табыс етедi.
Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Мыналар:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.
31.Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
Рәсімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
Су пайдаланудың арнаулы түрлерi Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленедi.
Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңiрлiк органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Мынадай:
1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
4) балық ресурстарын өндіру үшін;
5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
32. Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы қоршаған ортаға эмиссия үшiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен алынады.
Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретiн экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негiзiнде жүзеге асырылады.
Белгiленген тәртiппен ресiмделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгiленген эмиссиялар нормативтерiнен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретiнде қарастырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластағыш заттар шығарындыларының;
2) ластағыш заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
33. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн алынады.
Жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрi – рұқсат) негiзiнде жүзеге асырылады.
Жануарлар дүниесiн пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.
Сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн пайдалану үшiн төлемақыны әрбiр жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшелерi өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтерді тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
34. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орманды пайдаланудың мынадай түрлерi үшін алынады:
1) ағаш дайындау;
2) шайыр және ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы ағаш ресурстарын (ағаштар мен бұталардың қабықтарын, бұтақтарын, томарларын, тамырларын, жапырақтарын, бүршiктерiн) дайындау;
4) орманды жанама пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, көкөніс шаруашылығы, бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру, дәрілік өсiмдiктер мен техникалық шикiзаттар, жабайы өсетiн жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер және басқа да тағамдық өнiмдер, мүк, орман төсемдерi мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау және жинау);
5) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн:
мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорт мақсаттары;
аңшылық шаруашылығы қажеттерi;
ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін пайдалану.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленеді.
Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзімдерде берiлетін ағаш кесу билетi мен орман пайдалану билетiнiң (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негiзiнде берiледi.
Мемлекеттiк орман иеленушiлер тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәлiметтер бередi.
Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Төлемақы ставкаларын орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындаған тәртіпке сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жасаған есеп-қисаптар негiзiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлейдi.
35. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы мемлекеттік табиғи ескерткіштердің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорықтық аймақтардың аумақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ғылыми, экологиялық-ағарту, мәдени-ағарту, оқыту, туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда пайдаланғаны үшiн алынады.
Табиғат қорғау ұйымдары тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салынатын объектілер туралы мәлiметтер бередi.
Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 0,1 айлық есептік көрсеткіш есебінен ерекше қорғалатын табиғи аумақта болған әрбір күн үшін айқындалады.
Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары белгілейді.
36. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары (белдеулерi, диапазондары) (бұдан әрi – радиожиiлiк спектрiнiң номиналдары) үшiн алынады.
Радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
Байланыс саласындағы аумақтық уәкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер береді.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
Мыналар:
1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер;
2) Салық Кодексінің 474-бабында аталған төлемақы төлеушілер;
3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;
4) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.
Жылдық төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделе отырып радио байланысының түріне, пайдаланылатын жиіліктердің номиналдарына (диапазон жолдарына), радиоұзартқыштар жинақтамасына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметі көрсетілетін елді мекеннің аумағында тұратын халықтың санына байланысты айқындалады.