
- •Салық дегеніміз не?
- •Салықтың қаржы-құқықтық категория ретіндегі ерекшеліктері қандай?
- •3. Салықтың қандай қызметтері бар?
- •4. Негізгі салық элементтері
- •5. Салық жүйесі дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады?
- •6. Қазақстан Республикасы салық жүйесінің негізгі қалыптасу кезеңдерін атаңыз
- •7. Салық саясаты және оның түрлері
- •8. Салықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі?
- •10. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •11. Көлік салығын төлеушілер қатарына кімдер жатпайды?
- •12. Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары
- •13. Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі
- •14. Жер салығын төлеушілер және олардың қатарына жатпайтындар
- •15. Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай қандай санаттарға бөлінеді?
- •16. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық
- •17. Елді мекен жерлеріне салынатын салық
- •18. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық
- •19. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық
- •20. Жеке тұлғалардың жер учаскелеріне салық салу ерекшеліктері
- •21. Жер салығы ставкаларын түзету
- •22. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •24. Мүлік салығы салынбайтын объектілер
- •25. Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына кімдер жатпайды?
- •26. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •27. Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары
- •29. Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен Қазақстанда енгізілуінің алғышарттары, оны қалыптастыру ерекшеліктері
- •30. Ққс артықшылықтары мен кемшіліктері
- •31. Қосылған құн салығын салу объектілері
- •32. Салық салынатын айналым мөлшерін анықтау, оны түзету
- •33. Нольдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
- •34.Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •35. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •36. Қосылған құн салығы бойынша есепке алу
- •38. Қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •39. Акциздік салық салу негіздері: төлеушілері, салық салу объектісі, салық салынатын айналымды анықтау, акцизделетін товарлар
- •40. Импорттық акцизделетін тауарға салық салудың тәртібі
- •41. Акциздерді есептеу механизмі
- •42. Ойын бизнесіне салынатын салық
- •43. Тіркелген салық
- •44. Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері
- •45. Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі
- •46. Жылдық жиынтық табыс құрамы
- •47. Салықтық шегерістер
- •48. Корпорациялық табыс салығын есептеу мен төлеу тәртібі
- •49. Резидент емес шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері
- •1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні, функциялары және құрылу негіздері
- •3. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлері алып тасталады:
- •4. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарына:
- •5. Жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына:
- •7. Әлеуметтік салық: экономикалық мәні мен оны қалыптастыру негіздері
- •9. Міндетті зейнетақы жарналары мен Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар: қалыптастыру тәртібі, мақсаттық арналымы, есептеу механизмі
- •10. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •11. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі
- •12.Пайдалы қазбаларды өндіру салығы мен үстеме пайдаға салынатын салықтың мәні мен есептелу тәртібі
- •Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
- •13. Экспортқа салынатын рента салығын есептеу механизмі
- •14. Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы.
- •15. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі
- •16. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:
- •17. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •18. Шаруа немесе фермер қожалықтары үші арнаулы салық режимі. Бірыңғай жер салығын есептеу және төлеу тәртібі
- •19. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
- •20. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимі
- •21. «Алым» ұғымы және оның салықтар, баждар және төлемақылардан түбегейлі айырмашылығы
- •22. Алымдар түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •24. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым:
- •28. Төлемақылардың экономикалық мазмұны, айрықша белгілері
- •29. Төлемақылар түрлері
- •37. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
- •41. Баждың алымнан айырмашылықтарына тоқталар болсақ:
- •42. Мемлекеттік баж алу объектілері.
- •43.Кеден төлемдерінің түрлері.
22. Алымдар түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы алымдар:
тіркеу алымдары;
автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым;
аукционнан алынатын алым;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
23. Тіркеу алымдары – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық Кодексінің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.
Тіркеу іс-әрекеттерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
Тіркеуші органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу іс-әрекеттерін солардың мүдделерінде жүргізетін жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
24. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым:
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi;
3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi;
4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруi, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, көлік саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негiзiнде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
25. Аукциондардан алынатын алым аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады. Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. Мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) сатудың аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша белгiленген құны алым алу объектiсi болып табылады. Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткі-зу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi. Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi. Атқарушы iс жүргiзу органдары соттардың атқарушы құжаттары бойынша өткiзетiн аукциондар бойынша алым сомасын есептеу кезiнде салық салу объектiсі бюджетке есептелетiн атқару санкциясының сомасына түзету жүргiзiледi.
Алым төлеу алым төлеушілердің орналасқан жері бойынша аукциондар (аукцион) өткiзiлген есептi айдан кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрілмей жүзеге асырылады.
26. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады. Лицензиялар берудi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.
Лицензия алатын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып белгіленеді.
27. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берген кезде алынады.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
Рұқсат беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-інен кешiктiрмей табыс етедi.
Алым ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді.