Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

20. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимі

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы  өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

21. «Алым» ұғымы және оның салықтар, баждар және төлемақылардан түбегейлі айырмашылығы

Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.

Алым да төлем болып табылады. Ал, енді алымдардың салықтардан бірнеше айырмашылықтары бар, атап айтқанда:

1. алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет заңды іс–әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықтар мемлекетті толығымен қаржыландыруға жұмсалады;

2. салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады. Мысалы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу үшін рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет түрімен айналысуға құқық береді. Сонымен салық жай ғана төлем ретінде төленеді, содан салық төлеуші төлеуіне, айырбасқа ешнәрсе ала алмайды, ал алымда салық төлеуші мемлекеттік органмен байланысты жетілдіре отырып, өзіне басқа да заңды іс–әрекеттер жасайды;

3. алым біржолғы төлем болып табылады, яғни бір рет қана төленеді. Ал, салық ұзақ мерзімді және тұрақты түрде төленіп отырады, ұашан салық міндеттемесі тоқтағанға дейін жалғаса береді;

4. салықты төлеуде күштеу әдісі қолданылады, яғни салық төлеуші салық міндеттемесін орындамаған жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіріп алу іс–шаралары қолданылады. Салық төлеуші алымды ерікті түрде төлеп отырады. Мысалы: бір тұлға мемлекеттік органға келіп, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға өтініш береді. Берілген рұқсат негізінде кез–келген қызмет түрімен айналысуға құқылы. Бұл жерде тұлға алымды өз еркімен төлейді.