Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

8. Салықтар қандай белгілер бойынша жіктеледі?

1. Өндіріп алу тәсілі немесе салық салу объектісі бойынша: тікелей және жанама салық;

2. Жанама салықтардың жіктелуі: әмбебап жанама салықтар, жеке жанама салықтар, қазыналық монополия, кедендік баж;

Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Бұл салықтардың ең соңғы төлеушісі болып тауарды тұтынушы табылады.

3. Тікелей салықтар: нақты және дербес салықтар;

4. Объектінің экономикалық белгілері бойынша: тұтынуға және табысқа салынатын салықтар;

5. Салық көлемін анықтау тәсілі бойынша: үйлесімді, үдемелі және кемімелі салық;

6. Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай: республикалық және жергілікті салық;

7. Пайдалану ретіне қарай: жалпы және мақсатты салықтар.

9. ҚР-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері

Салықтар:

1. Корпорациялық табыс салығы;

2. Жеке табыс салығы;

3. Қосылған құнға салынатын салық;

4. Акциздер;

5. Экспортқа рента салығы;

6. Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары;

7. Әлеуметтік салық;

8. Жер салығы;

9. Көлік құралдарына салынатын салық;

10. Мүлік салығы;

11. Ойын бизнесіне салынатын салық;

12. Тіркелген салық;

13. Бірыңғай жер салығы.

Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:

Алымдар:

1. тіркеу алымдары

2. автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүргені үшін алым

3. аукциондардан алынатын алым

4. жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым

5. телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға

рұқсат беру үшiн алым.

Төлемақылар:

  1. жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

  2. жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы

  3. қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы

  4. жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

  5. орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы

  6. ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы

  7. радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы

  8. қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы

  9. кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы

  10. сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.

10. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

Мыналар:

1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары

3) Қазақстан Республикасының халықаралық кемелер реестрінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектілері болып табылмайды.