Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

49. Резидент емес шетел тұлғаларына салық салу ерекшеліктері

ҚР-ның резиденттерi Қазақстан Республикасында Салық Кодексінің ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстарынан салықтар төлейдi.2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасында резидент еместер Салық Кодексінің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетiн табыстардан салық төлейді.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер Қазақстан Республикасында Салық Кодексінің ережелеріне сәйкес мұндай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден түсетiн табыстардан да салық төлейді.

Егер халықаралық шартта өзгеше белгіленбесе, резидент еместің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі деп қызметін жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметін сол арқылы жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы мынадай қызмет орындарының бірі танылады:

1) тауарларды өндіру, өңдеу, жинақтау, орау, буып-түю және (немесе) беру жүзеге асырылатын кез келген орын;

2) кез келген басқару орны;

3) жер қойнауын геологиялық зерттейтін, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруге дайындық жұмыстарын және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өңдеуді бақылау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін кез келген орын;

4) құбыржолға байланысты қызметті (оның ішінде бақылау немесе қадағалау) жүзеге асыратын кез келген орын;

5) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, ретке келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;

6) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізу орны;

7) құрылыс қызметін және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын қадағалау жөніндегі қызметтерді көрсететін кез келген орын;

8) жоғарыда 4-тармақта аталған қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан жері;

9) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында резидент еместің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлғаның орналасқан жері;

10) шет мемлекеттің не мұндай бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес резидент емеспен жасалған бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резиденттің орналасқан жері.

2-модуль

1. Жеке табыс салығының экономикалық мәні, функциялары және құрылу негіздері

Жеке табыс салығы бюджет кірісінің ірі көздерінің бірі болып табылады. Көптеген шет мемлекеттерде азаматтардың жеке табысына салынатын салық бюджеттің кіріс бөлігінің басты көзі қызметін атқарады. Мысалы; АҚШ-тың федералдық бюджетіндегі оның үлес салмағы – 40 % құраса, ал, корпорациялық табыс салығы – 10 % құрайды. Дания бюджетіндегі табыс салығының үлес салмағы – 48 % құрайды, ал Германияда бұл салық бюджет кірістері баптары арасында бірінші орынды алады, Францияда – ҚҚС –нан кейін екінші орында.

Жеке табыс салығы - жеке тұлғалардан алынатын салықтардың ішіндегі ең негізгісі. Жеке табыс салығының түскен түсім толығымен жергілікті бюджетке түсіп, сол аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге жұмсалады.

Жеке табыс салығы тікелей салық болып табылады, оның ішінде жеке тікелей салық, өйткені жеке салықтарда тек табыс қана есептелінбейді. Сонымен қатар салық төлеушінің қаржылық жағдайы ескеріледі.

Салық салу тарихынан табыс салығын алудың 2 жүйесі белгілі:

  • шедулалық;

  • ғаламдық.

Табысқа салық салудың шедулалық жүйесі 1842 жылы Англияда енгізілген және ағылшын алфавитінің алғашқы әріптерімен : А, В, С, Д, Е белгіленген 5 санатқа (шедулаға) бөлінді. Табыстар 5 шедула бойынша бөлініп, олардың әрқайсысында табыс тапқан тұлғаға салық салынады. 1976 жылы олар тағы бір шедулаға Ғ толықтырылды.

Шедулалық жүйе кезінде Қазақстанда да қолданылды. Сонымен, 1990 жылдың 11 желтоқсанындағы «ҚР азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың табыс салығы туралы» Заңына сәйкес салық салудың 6 түрі қарастырылған болатын:

  • азаматтардың өз еңбек міндеттерін орындағаны үшін алатын жалақы сомасына және соған теңестірілген табыстарына салық салу;

  • бір жолғы жұмыс орындағанына алатын табыс және негізгі жұмыс орны бойынша басқа да төлемдерге салық салу,

  • ғылым, өнер және әдебиет туындыларына жасағаны үшін авторлық сыйақы сомасына, сол сияқты өнеркәсіп үлгілерін ашқаны үшін авторлық сыйақы сомасына салық салу;

  • кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстарға және де басқа да азаматтардың еңбек міндеттеріне жүзеге асыруына байланыссыз табыстарына салық салу;

  • азаматтардың шаруа және жалгерлік қожалық жүргізгеннен түскен табыстарына салық салу;

  • басқа табыстарына салық салу.

Табысқа салық салудың келесі жүйесі - ғаламдық жүйе. Бұл жүйе кезінде салық осы салықты төлеушінің жылдық жиынтық табысынан, оның айналу көзі мен әдісіне қарамастан салынады. Алғаш рет мұндай жүйе 1806-1807 жылдары Пруссияда енгізілген. Бүгінде ҚР осы ғаламдық әдіс бойынша жеке табыс салығы есептелінеді.

2. Жеке табыс салығының құрылу негіздері. Жеке табыс салығының ерекшелігі болып жеке тұлға ретінде салық төлеушілерді белгілеу болып табылады.

Жеке табыс салығын төлеушілеріне есепті жылда табыс табатын резидент және резидент емес жеке тұлғалар жатады. Табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға ҚР-ның азаматтар, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар жатады.

Жеке табыс салығының салық салу обьектілері болып табылады:

  • төлем көзінен салық салынатын табыстар;

  • төлем көзінен салық салынбайтын табыстар.

Салық салу объектілері Салық кодексінде көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде айқындалады.