Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

44. Корпорациялық табыс салығының экономикалық мазмұны, құрылу негіздері

Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Әлемнің қандай мемлекеті болмасын, барлығында табысқа не пайдаға салық салынады. Бұл экономикалық категориялардың мазмұны, әсіресе олар салық салу объектісі ретінде қызмет атқарса, олар тұрақсыз болады.

Қазақстан Республикасы өзінің 20 жылдық қысқа тарихында салық салудың жоғарыда аталған екі кестесінде қолданып үлгірді. Қазақ ССР-нің 1991 жылғы ақпанның 14-дегі «Кәсіпорындардан, бірлестіктерден және ұйымдардан алынатын салықтар туралы» заңына сәйкес салық салу объектісі ретінде пайда алынады. Осы заңды ауыстырған Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы ақпанның 12-дегі «Пайда мен табысқа салық салу туралы» Заң күші бар Жарлығында салық салу объектісі ретінде табыс та, пайда да алынады. Ал 1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар Жарлығы мен қазіргі Салық кодексінде де табыс салығы нысанына тоқтады және салық салудың ерекше категориясы салық салынатын табысты енгізеді. Жаңа Салық Кодексінде осы кемшіліктер ескеріліп, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығының бір тұтастығы бұзылып, жеке-жеке салық болып бөлінген және дүниежүзілік халықаралық стандартқа сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы корпорациялық табыс салығы деген жаңа терминмен алынатын болды. Қабылданған концепцияға сәйкес корпоративтік табыс салығының салық салу негізінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының салық салу принциптері алынған.

45. Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі

Корпоративтік табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Содай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады.

Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.

Реттелетін салықтарқалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.

Бекітілетін салықтар –тек бір бюджетке түсетін салықтар.

Корпоративтік табыс салығын төлеушілеріне ҚР Ұлттық Банкі мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, ҚР резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе ҚР-дағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.

46. Жылдық жиынтық табыс құрамы

Жылдық жиынтық табысзаңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.

Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері енгізіледі:

1) өткізуден түсетін табыс;

2) құн өсімінен түсетін табыс;

3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;

4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;

5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;

6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;

7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;

8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;

11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;

12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;

13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

17) дивидендтер;

18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;

20) ұтыстар;

21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

24) жоғарыда көрсетілмеген басқа да табыстар.