Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

35. Қосылған құн салығынан босатылатын импорт

Мынадай тауарлар:

1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;

2) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес бекiтілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;

3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнетін тауарлар;

4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетін тауарлар;

5) шетелдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетін және ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;

6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде ҚР кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;

7) кез келген нысандағы дәрiлік заттар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады. Бұл тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;

8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);

9) ҚР Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;

10) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.

36. Қосылған құн салығы бойынша есепке алу

Кез-келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.

Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік көсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.

Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.

ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады. Қосылған құн салығын есептеудің екі әдісі бар: барабарлық және бөлек есептеу.

Барабарлық әдіс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

 Бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезінде, қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшін алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізеді.

37. Қосылған құн салығы бойынша шот-фактура.

Шот-фактура барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады.

ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.

Шот-фактура қағаз немесе электронды нұсқада беріледі.

Қағаз нысанындағы шот-фактура нысанын салық төлеуші өз бетінше анықтайды.

Электронды нұсқадағы шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және өңдеу электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметі электронды түрдегі шот-фактуралардың құжаттық айналымының тәртібін белгілейді, онда келесілер көрсетіледі:

- шот-фактура нысаны;

- шот-фактуралардың жазылу, жіберілу, қабылдау, тіркеу, өңдеу мен алыну тәртібі;

- шот-фактураларды куәландыру;

- дұрысталған және қосымша шот-фактуралардың алынуын растау ерекшеліктері;

- шот-фактураларды сақтау тәртібі;

- бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган мен салық қызметінің органдары өзара қарым-қатынас тәртібі.