Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать

29. Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мазмұны мен Қазақстанда енгізілуінің алғышарттары, оны қалыптастыру ерекшеліктері

КҚС - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.

ҚҚС салық жүйесіндегі жаңа салықтың бірі болып есептеледі. Бұл салық Қазақстанда 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. ҚҚС алғаш рет Францияда пайда болған. Қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре 1949 жылы ұсынған болатын, бірақ француз Үкіметі бұл салықтық экономикалық мазмұнын зерттей келе, оны тауар тапшылығы, өндіріс құлдырауы мен гипертрофты экономикамен сипатталатын тарихи сәтте енгізуді жөн санамады және бірнеше жыддар өткен соң елдегі экономикалық жағдай жақсарғаннан соң бұл салықты қайта қарап,1954 жылы енгізді. Ол Францияда енгізілген кезінен бастап 40 жыл ішінде бүкіл әлемді жаулап алды. ҚҚС-ның қолданылуы ЕЭО-қа енудің міндетті шарты болғандықтан, оны "Европалық салық" деп атайды. Экономикалық қауымдастық жөне даму ұйымының 24 елінің 19-ы қосылған құн салығын қалады. 1992 жылы Қазақстанда енгізілген кезінде ҚҚС әлемінің 40 елінде табысты қолданылды. Бүл салықтың ерекшілігі мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағаның өзгеруіне, төлеушінің қаржылық жағдайына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және түрақты базасын қамтамасыз етеді.

Қосылған қүн салығының көмегімен тұтыну аумағы реттеледі жөне оның өндірісі дамыған еддерде қолданылу мақсаты "экономиканың қызып кетуін" болдырмас үшін төлем қабілеті мен сұранысты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Сөйтіп, ққс артық өндіру дағдарысымен күресудің сенімді құралы, экономиканы мемлекеттік реттеудің тетігі бола алады. Мұнымен қоса, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде ққс, әдеттегідей, тауарлардың барлық түрлерін қамтитын жалпы шара ретінде енгізілген. ҚҚС-ның экономикалық мазмұнындағы басқа маңызды бір сәт, оған жоғары салықтық тәртіп, өзін-өзі реттеу, өндірістік шығындар салығынан автоматты түрде босану тән.

30. Ққс артықшылықтары мен кемшіліктері

ҚҚС артықшылықтары:

1/ ҚҚС салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады;

2/ Бағаның өсуі кезінде, ққс ставкасы өзгермегеніне қарамастан салықтық түсім деңгейі төмендемейді және бюджеттің қаражаттарының инфляциялық процесінің алдын алуды ең тиімді тетігі болып табылады;

3/ ҚҚС ставкаларын саралау арқасында мемлекетке тұтынушылық сұранысты реттеуде елеулі еркіндік береді;

4/ ҚҚС фискалдық қызмет атқарады және баға мен инфляцияны ырықтандыруда мемлекет мүддесімен табысты ұштастырылады;

5/ ҚҚС экономиканы мемлекеттік реттеу құралы, сондай-ақ артық өндіру дағдарысымен күресу тетігі болып табылады;

6/ ҚҚС ставкалары әлемдік практикада тек деңгейі бойынша ғана емес, сондай-ақ санымен де ерекшеленеді, төмендетілген ставкалар-азық-түлікке, жоғары ставкалар-сән-салтанат заттарына қолданылады;

7/ Әлемдік практикада рыноктан әлсіз өндірушілерді тездетіп ығыстыру, артық өндіру дағдарысын болдырмау мақсатында жүргізілетін өндірісті тежеу саясатының элементі болып табылады.

ҚҚС кемшіліктері:

1/ Қосылған қүн салығының жоғары ставкасы халықтың тұтынушылық қабілетін төмендетеді және тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын тарылтады, сондай-ақ тауар өндірушілердің тұтынушылардың шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты өз өнімдерін тез өткізуіне мүмкіндік (кедергі келтіреді) бермейді;

2/ Қосылған құн салығы регрессивті жанама салық болып табылады, өйткені толығымен соңғы тұтынушыға жүктеледі;

3/ Шикізат пен материалдар бойынша жеткізушілерге ққс төлеу мерзімі (сәті), өткізілген өнім бағасында тұтынушылардан ққс-ын алу уақытымен сәйкес келмейді;

4/ Салық есебінде есептеу әдісін қолдану салық төлеушілерді ққс төлеу үшін меншікті айналым қаражаттарын өндірістен алуына итермелейді;

5/ Қосылған құн салығының жоғары ставкасы баға деңгейін өсіріп, өзін-өзі қаржыландыру процесін қамтамасыз ете алмайды;

6/ Қосылған құн салығының реттеушілік мүмкіндіктері мен ішкі мазмұнын дұрыс қолданбау кәсіпкерлік қызметке, әсіресе өндіріс саласына жағымсыз әсер етеді.