Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
nalog_1_2_modul_finans.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
554.5 Кб
Скачать
  1. Салық дегеніміз не?

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.

Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар.

  1. Салықтың қаржы-құқықтық категория ретіндегі ерекшеліктері қандай?

Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар.

  1. Салықтың құқықтық белгілері:

  2. Салықты – мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді

  3. Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады

  4. Салық – мәжбүрлеме сипатта болады

  5. Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады

  6. Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды

  7. Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырылады

3. Салықтың қандай қызметтері бар?

1.Салықтың қазыналық қызметі арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі құралып, салықтың қоғамдық міндеті артады, мемлекеттік бюджет саясаты жүзеге асырылады

2.Бақылау (реттеу) қызметі. Мемлекет экономиканы дамыту жолында салықтық реттеу процесі арқылы экономиканың кейбір салаларын дамытуды ынталандырады және қажет жағдайда тежеп отырады. Бюджетке түскен салық түсімдерін реттейді және бақылап отырады.

3.Қайта бөлу қызметі.Бюджетке түскен салық түсімдерін қаржыландырудың қажет ететін бағдарламалар жобасын сәйкес және әр салалаға мақсатқа сай бөлінуін қарастырады. Салық түсімдерінің мақсатқа сай және өз уақытысында жұмсалуына қадағалау жасайды.

4. Негізгі салық элементтері

Салық элементтері – салық заңымен регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы.

Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:

  • салық субъектісі;

  • салық салынушы;

  • салық объектісі;

  • салық көзі;

  • салық мөлшері;

  • салық ставкасы;

  • салық жеңілдіктері;

  • салық кезеңі;

  • салықты есептеу тәртібі;

  • салық есептілігі;

  • салықты төлеу тәртібі және т.б.

5. Салық жүйесі дегеніміз не және оған қандай талаптар қойылады?

«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:

  • салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;

  • салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;

  • салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;

  • салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.

Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.