
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
Ққс артықшылықтары:
1/ ҚҚС салық түсімдері мен бағаның өсуін тікелей байланыстырып отырады;
2/ Бағаның өсуі кезінде, ққс ставкасы өзгермегеніне қарамастан салықтық түсім деңгейі төмендемейді және бюджеттің қаражаттарының инфляциялық процесінің алдын алуды ең тиімді тетігі болып табылады;
3/ ҚҚС ставкаларын саралау арқасында мемлекетке тұтынушылық сұранысты реттеуде елеулі еркіндік береді;
4/ ҚҚС фискалдық қызмет атқарады және баға мен инфляцияны ырықтандыруда мемлекет мүддесімен табысты ұштастырылады;
5/ ҚҚС экономиканы мемлекеттік реттеу құралы, сондай-ақ артық өндіру дағдарысымен күресу тетігі болып табылады;
6/ ҚҚС ставкалары әлемдік практикада тек деңгейі бойынша ғана емес, сондай-ақ санымен де ерекшеленеді, төмендетілген ставкалар-азық-түлікке, жоғары ставкалар-сән-салтанат заттарына қолданылады;
7/ Әлемдік практикада рыноктан әлсіз өндірушілерді тездетіп ығыстыру, артық өндіру дағдарысын болдырмау мақсатында жүргізілетін өндірісті тежеу саясатының элементі болып табылады.
ҚҚС кемшіліктері:
1/ Қосылған қүн салығының жоғары ставкасы халықтың тұтынушылық қабілетін төмендетеді және тауар өндірушілер үшін өткізу нарығын тарылтады, сондай-ақ тауар өндірушілердің тұтынушылардың шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты өз өнімдерін тез өткізуіне мүмкіндік (кедергі келтіреді) бермейді;
2/ Қосылған құн салығы регрессивті жанама салық болып табылады, өйткені толығымен соңғы тұтынушыға жүктеледі;
3/ Шикізат пен материалдар бойынша жеткізушілерге ққс төлеу мерзімі (сәті), өткізілген өнім бағасында тұтынушылардан ққс-ын алу уақытымен сәйкес келмейді;
4/ Салық есебінде есептеу әдісін қолдану салық төлеушілерді ққс төлеу үшін меншікті айналым қаражаттарын өндірістен алуына итермелейді;
5/ Қосылған құн салығының жоғары ставкасы баға деңгейін өсіріп, өзін-өзі қаржыландыру процесін қамтамасыз ете алмайды;
6/ Қосылған құн салығының реттеушілік мүмкіндіктері мен ішкі мазмұнын дұрыс қолданбау кәсіпкерлік қызметке, әсіресе өндіріс саласына жағымсыз әсер етеді.
№12 билет
1)Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:
Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметін өту кезеңінде;
Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.
Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
5. Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша дара кәсіпкерлер.
6. 18 жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар.
2) Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді:
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер;
елді мекен жерлері;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер;
орман қорының жерлері;
су қорының жерлері;
запастағы жерлер.
Жердің мынадай сипаттары:
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
Орман қорының жерлері;
Су қорының жерлері;
Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
№13 билет
1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық.
Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады:
1.Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
2. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы-шалғындық-далалық таулы альпілік және субальпіліктопырақты таулы аймақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
2) Шот-фактура барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті құжат болып табылады.
ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.
Шот-фактура қағаз немесе электронды нұсқада беріледі.
Қағаз нысанындағы шот-фактура нысанын салық төлеуші өз бетінше анықтайды.
Электронды нұсқадағы шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және өңдеу электронды шот-фактуралардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметі электронды түрдегі шот-фактуралардың құжаттық айналымының тәртібін белгілейді, онда келесілер көрсетіледі:
- шот-фактура нысаны;
- шот-фактуралардың жазылу, жіберілу, қабылдау, тіркеу, өңдеу мен алыну тәртібі;
- шот-фактураларды куәландыру;
- дұрысталған және қосымша шот-фактуралардың алынуын растау ерекшеліктері;
- шот-фактураларды сақтау тәртібі;
- бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган мен салық қызметінің органдары өзара қарым-қатынас тәртібі.
№14 билет
1) Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарды ҚР-ның кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импорттық акцизделетін тауардың заттай күйіндегі физикалық көлемі ретінде белгіленеді.
Жеке тұлғалардың ҚР Үкіметі бекіткен нормалар бойынша импорттық акцизделетін мынадай тауарға акциз төленбейді.
Кесте. Акцизделетін тауарлардың кеден шекарасынан бір адамға шаққанда ҚР Үкіметі бекіткен алып өту нормасы
Атауы |
1 адамға шаққандағы алып өту нормасы |
1) Сыра 2) Шарап өнімдері, шампан 3) Темекі өнімдері 4) Бензин 5) Дизель отыны |
5 л 5 л 1000 дана 100 л 150 л |
Мынадай импортталатын акцизделетін тауарлар:
1) жол бойы бағытында және аралық аялдама пункттерiнде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалану үшiн қажеттi акцизделетiн тауарлар;
2) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзгенге дейiн бүлiнуi салдарынан бұйымдар және материалдар ретiнде пайдалануға жарамсыз болып қалған акцизделетін тауарлар;
3) шет елдiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкілдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналы қатарындағы адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнген акцизделетін тауарлар акциз төлеуден босатылады. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес акциз төленуден босатылады;
4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн, «Еркiн айналым үшiн тауарлар шығару» режимiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген кеден режимдерi шеңберiнде босатылатын акцизделетін тауарлар;
5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiм (бальзамдардан басқа) акциз төлеуден босатылады.
2) Корпоративтік табыс салығы келесі формула бойынша есептеледі:
КТС=ССТ*ставка:100
Мұндағы: КТС- корпоративтік табыс салығы;
ССТ- салық салынатын табыс.
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Салық салынатын табыс=жылдық жиынтық табыс-шегерістер
Жылдық жиынтық табыс –заңды тұлғалардың бір жыл ішінде түрлі көздерден алған табысы.
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық жылы ішінде салық төлеушінің ҚР-да және одан тыс жерлерден алынуға тиіс (алынған) табыстарынан тұрады.
Резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы қазақстандық көздерден алынған табыстарынан тұрады.
Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері енгізіледі:
1) өткізуден түсетін табыс;
2) құн өсімінен түсетін табыс;
3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс;
4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс;
6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;
7) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс;
8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;
10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс;
11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс;
12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс;
13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;
15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;
17) дивидендтер;
18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;
19) оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;
20) ұтыстар;
21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;
22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;
22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;
23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;
24) жоғарыда көрсетілмеген басқа да табыстар.
Билет 15
1. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық.
Базалық салық ставкалары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне 1 гектарға есептеліп, бонитет балына бара-бар мынадай мөлшерде белгіленеді:
Кесте 4. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары
Бонитет балы |
Базалық ставкалары (теңге) |
0 1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 100-ден жоғары |
48,25 91,67 – 482,50 530,75 – 1084,66 1138,70 – 1592,25 1646,29 – 2074,75 2126,86 – 2582,34 2634,45 – 3136,25 3188,36 – 3715,25 3769,29 – 4319,34 4371,45 – 4921,50 4975,54 – 5693,50 5790,00 |
2. Қосылған құн салығының салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.
ҚҚС төлеушінің тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналымы болып табылады. Оған:
1/ ққс-нан босатылған;
2/ өткізу орны ҚР болып табылмайтын айналым қосылмайды.
ҚР-ның кеден заңдарына сөйкес декларациялануға тиісті, ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Салық салынатын импорт мөлшеріне ҚР кеден зандарына сәйкес белгіленетін импортталатын тауарлардың кедендік құны, сондай-ақ ққс қоспағанда, ҚР-на тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке ққс Қазақстан аумағына импортталатын тауарларға салынады.
3. 1500х1852=2 778 000( жеңілдікті шегреміз)
3000000-2278000=222000
222000x0.05=111 тенге төлейді
Билет 16
1 Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық.
Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.
Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалардан кем болмауға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекеннің базарлар аумағында бөлінген жерлеріне елді мекен жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.
Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына жоғарыдағы тәртіп бойынша салық салынады.