Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать
  1. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.

  1. Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар

Мынадай тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді:

1) почта төлемақысының мемлекеттік белгілерін;

2) акциздiк маркаларды;

3) уәкiлеттi мемлекеттік органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызмет көрсетулерді;

4) ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтаждары үшiн сатып алынған мүлiкті;

5) ҚР-ның заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мекемелерге  немесе мемлекеттік кәсіпорындарға өтеусiз негiзде берілетін негізгі құралдарды, жылжымайтын мүлікке салынған инвестицияларды, материалдық емес және биологиялық активтерді;

6) жерлеу бюроларының салт-жора қызмет көрсетулерін, зираттар мен крематорийлердің қызмет көрсетулерін;

7) лотереяларды өткiзу жөнiндегi қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді;

8) төлем қарточкаларымен жасалатын операциялар бойынша есеп-қисаптарды қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөнiнде қызмет көрсетулерді қоса алғанда, есеп-қисаптарға қатысушылар арасында ақпараттық және технологиялық өзара iс-қимылды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетулерді;

9) ҚР-ның кеден аумағына «ҚР-ның кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу» кеден режимінде әкелінген тауарларды қайта өңдеу және (немесе) жөндеу жөніндегі қызмет көрсетулерді;

10) ҚР-ның аумағынан экспортталатын, ҚР-ның аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту жөніндегі жұмыстарды, қызмет көрсетулерді, сондай-ақ транзиттік жүктерді; әуежай қызметіне техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз айлақтарындағы қызмет көрсетулерді;

11) тұрғын үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөніндегі қызмет көрсетулерді;

12) ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын;

13) егер мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi, сондай-ақ өндiрiстiк ұйымдар мына шарттарға сәйкес келсе:

осындай өндiрiстiк ұйымдардың қызметкерлерi жалпы санының кемiнде 51 процентiн мүгедектер құраса;

мүгедектерге еңбекақы төлеу бойынша шығыстар еңбекақы төлеу бойынша жалпы шығыстардың кемiнде 51 процентiн (есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 процентiн) құраса, осындай бірлестіктер мен ұйымдардың, сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдарынан және акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізу бойынша айналымдардан басқа, тауарларын, жұмыстарын, қызмет көрсетулерін;

14) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес жалға берілетін үйдің үй-жайларын жалға беру бойынша қызмет көрсетулерді;

15) егер мәміле шарттарында салық төлеушінің өткізген тауарларының, орындаған жұмыстарының, қызмет көрсетулерінің сапасына кепілдік беру көзделсе, тауарларды пайдаланудың мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі кезеңінде, олардың қосалқы бөлшектері мен бөлшектерінің құнын қоса алғанда, оларды өтеусіз жөндеу және (немесе) оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды, қызмет көрсетулерді; 16) тазартылған қымбат бағалы металдарды – өз өндірісі шикізатынан дайындалған алтынды, платинаны; 17) казино; ойын автоматтары залы; тотализатор; букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызмет көрсетулерді; 18) нотариаттық іс-әрекеттерді, адвокаттық қызметті жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетулерді; 19) мыналар:ұлттық басқарушы холдинг; дауыс беретін акцияларының 100 проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар төлемдік, оралымдылық және қайтарымдық жағдайларында жүзеге асыратын ақшалай нысандағы қарыз операцияларын өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Аталған заңды тұлғалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

11 билет

1)Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:

  • бірыңғай жер салығын төлеушілер;

  • мемлекеттік мекемелер;

  • уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі; 18 жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;

  • тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;

  • діни бірлестіктер.

Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары мен діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.

Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициентін қолданады:

  1. Балалардың сауықтыру мекемелері;

  2. Коммерциялық емес ұйымдар;

  3. Қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту, және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;

  4. Балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

  5. әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

  6. ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын;

  7. психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу -өндірістік кәсіпорындары;

Осы жер салығын төлеушілер жер учаскесін не оның бір бөлігін жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру не коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэфицентті қолданбай, жалпы белгіленген тәртіппен есептейді.