
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
Мынадай тауарлар:
1) ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталары (мәдени-тарихи құндылығы бар банкноттар мен монеталардан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздар;
2) ҚР-ның кеден заңнамасына сәйкес бекiтілген тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлар;
3) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, ҚР Үкіметі айқындайтын тәртіппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнетін тауарлар;
4) акцизделетiн тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiлерi бойынша, техникалық жәрдем көрсетуді қоса алғанда, қайырымдылық көмек мақсатында әкелiнетін тауарлар;
5) шетелдің дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнің ресми пайдалануы үшiн, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдардың, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, жеке пайдалануы үшiн әкелiнетін және ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар;
6) салық төлеуден босатуды белгілейтiн кеден режимдерiнде ҚР кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлар;
7) кез келген нысандағы дәрiлік заттар, оның iшiнде субстанция-дәрiлер; протездiк-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар; кез келген нысандағы дәрiлік заттарды шығаруға арналған материалдар, жабдықтар және жинақтаушы материалдар, оның ішінде субстанция-дәрілер, протездiк-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдар импорты қосылған құн салығынан босатылады. Бұл тауарлардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi;
8) почта маркалары (коллекциялық маркалардан басқа);
9) ҚР Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзат;
10) мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құн салығынан босатылады.
№9 билет
1) ҚР Үкіметі электронды түрдегі шот-фактуралардың құжаттық айналымының тәртібін белгілейді, онда келесілер көрсетіледі:
шот-фактура нысаны; шот-фактуралардың жазылу, жіберілу, қабылдау, тіркеу, өңдеу мен алыну тәртібі; шот-фактураларды куәландыру; дұрысталған және қосымша шот фактуралардың алынуын растау ерекшеліктері; шот-фактураларды сақтау тәртібі; бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган мен салық қызметінің органдары өзара қарым-қатынас тәртібі.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық атқарушы орган ҚР заңдарына сәйкес келесі мәселелерге жауапты: электронды түрдегі шот-фактуралардың уақытылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі мен берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы; электронды түрде берілген шот-фактураларда берілген мәліметтердің шынайылығы; ҚР заңдылығында көрсетілген жағдайлардан басқа, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға берілмеуі.
ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:
1/ шот-фактураның реттік номері мен толтырылған күні;
2/ тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
3/ откізілетін тауарлардың атауы;
4/ салық салынатын айналымның мөлшері;
5/ ҚҚС ставкасы; сомасы;
6/ ҚҚС ескерілген тауарлар құны көрсетуге тиіс.
Егер басқа жағдайлар салық кодексінде белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жүзеге асырған күннен ерте емес және өткізу бойынша айналымды жасағаннан ткейін 5-7 күн ішінде толтырылады. Шот-фактура басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша бөлек көрсетіледі. Тауарлар құны және ҚҚС сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Шот-фактураны рәсімдеу мынадай жағдайларда:
1/ бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айрылысуды жүзеге асырғанда;
2/ жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен рәсімдегенде;
3/ қолма-қол есеп айрылысу арқылы халыққа тауарларды өткізген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін берген кезде;
4/ ҚҚС-нан босатылатын тауарлар табыс еткен кезде талап етілмейді.
Күнтізбелік тоқсан ҚҚС бойынша есепті салық кезеңі болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Декларациямен бір мезгілде салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері табыс етіледі, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Қосылған құн салығын төлеуші бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні төленеді.
№ 10 билет