
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
Кезеңдер
|
Ұлттық салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдерінің мақсаты |
Салық қатынастарын басқару стратегиясы мен тактикасы |
Орталық-тандыру деңгейі |
Қол жеткізілген (күтілетін) әлеуметтік-экономикалық нәтижелер |
Бірінші кезең 1992-1994жж. |
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптас-тыруға бадарланған және экономикадағы және са-лықтық қатынастардағы тәртіпсіздікті реттейтін ұлттық салық жүйесін құру |
Ағымдағы және қысқа мерзімді міндеттерді шешуге бағытталған. |
Төмен |
Қарама-қайшылыққа толы ұлттық салық жүйесін құру. Салық салынатын базаны тарылту. |
Екінші кезең 1995-1998жж. |
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және барынша жоғары әлеуетті әрі бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды ынталандыру жолымен бюджеттің кіріс бөлігін барынша көбейту. |
Қысқа және орта мерзімді міндеттерді шешу. Орта мерзімді міндеттерге бағытталған. |
Орташа
|
Экономикалық өсуге негіз бол-ған макроэконо-микалық тұрақ-тандыруға қол жеткізу. Салық салынатын базаны тарыл-туды тоқтату. |
Үшінші кезең 1999-2001жж. |
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыру және әлемдік салық тәжірибесі қызмет ететін тәртіп ескерілетін, салықтық рет-теуді ұйымдастырудың жаңа принциптеріне көшу-ге байланысты эконо-микалық өсуге қол жеткізу |
Орта мерзімді міндеттерді шешу және «Қазақстан 2030» стратегия-сында қалыптастырылған ұзақ мерзімді мақсаттарға бағдарлану. |
Жоғары
|
Экономикалық өсуді бастау. Тұрақтандыру және салық салынатын базаны кеңейтуді бастау. |
Төртінші кезең 2002-2008жж. |
Әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қаржыландыруды кеңейту мақсатында салық салу субъектілерінің капитализацияланған құ-нын ұлғайтуды ынта-ландыру жолымен бюджет-тің кірісін барынша көбейту |
Орта және ұзақ мерзімді міндеттерді шешу. Стратегиялық міндеттерді шешуге басым бағдарлану. |
Жоғары
|
Мемлекет пен салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру |
Бесінші кезең 2009 жылдан басталады |
Макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу және салық есебін жетілдіру жолымен бюджеттің кірісін барынша көбейту |
Ұзақ мерзімді міндеттерді шешу. Стратегиялық міндеттерді шешуге бағдарлану. |
Жоғары
|
Мемлекет пен салық төлеушілердің мүддесін теңгеруге мүмкіндік беретін экономикалық өсуді тұрақтандыру |
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда мен көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
Рыноктық жаңғыртудың басталуымен салықтардың жаңа түрлері – қосылған құн салығы, акциздер,сатудан алынатын салық жұмыс істей бастағаны белгілі.
1991 жылғы желтоқсанның 24-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы кұжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-інен 1995 жылғы мамырға дейін салықтар мен алымдардың 43 түрі жұмыс істеді: 16 жалпымемлекеттік салық, 10 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар, 17 жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 43 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11 болып қалды, ал 1999-2001 жылдар аралығындағы өзгертулер мен толықтыруларды есепке алғанда олардың саны 18-ге дейін көбейді.
1999 жылы салық салу объектінен 26 % мөлшерлеме бойынша заңи тұлғаларлардың еңбекке ақы төлеу қорының 30 % мөлшеріндегі сақтық жарналарының орнына (Зейнетақы қорына – 23,5%; міндетті медициналық сақтандыру қорына – 1,5%; Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік қорына−2%) әлеуметтік салық енгізілді ( 2001 жылдың шілдесінен мөлшерлеме 21%−ға дейін төмендеді, ал 2004 жылдан регрессивті мөлшерлемелер – 20%-дан 7%-ға дейін жұмыс істеді). Егер 1998 жылы мемлекеттік бюджеттегі бюджеттен тыс қорлардың үлесі 18,4 %-ды құраса, әлеуметтік салықтың үлесі 1999 жылы 17,9% -ды құрады.
Қосылған құн салығы (ҚҚС) айналым салығы мен сатудан алынатын салықтың орнына 1992 жылы 28% мөлшерлемеде, қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін – 13%, көпшілік қолды өнімдер (негізінен тамақтар) бойынша – 10% мөлшерде енгізілді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан мөлшерлемелер 20% және 16,67% болып белгіленді (ҚҚС-ты кіріктіретін мемлекеттік реттелетін бағалар мен тарифтер бойынша сатылатын тауарлар, қызметтер бойынша). 2002 жылы ҚҚС-тың мөлшерлемесі 16%, 2004 жылы –15, 2007 жылы –14, 2008 жылы –13%, 2009 жылдан −12% болып белгіленді.