
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
3Сурак.
32000л*35=1120 000
120500л*1000=120 500 000
1120 000+120 500 000=121 620 000
Жауабы: 121 620 000
№7
1сурак Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады:
салық субъектісі;
салық объектісі;
салық көзі;
салық мөлшері;;
салық жеңілдіктері
салық ставкасы;
салық кезеңі;
салықты есептеу тәртібі;
салық есептілігі;
салықты төлеу тәртібі.
Салық субъектісі- заңды немесе жеке тұлға, яғни салық төлеушілерді айтамыз.
Салық объектісі- салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б.
Салық көзі- салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары.
. Салық мөлшері- салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.
Салық жеңілдіктері- заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе толық салық төлеуден босату.
Салық ставкасы- салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
7. Салық кезеңі- салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі. Салық кезеңдерінің мынадай түрлері бар: бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық. Көптеген салықтар үшін салық кезеңі күнтізбелік жыл болып саналады.
8. Салықты есептеу тәртібі.
Негізінен салықты есептеудің 5 кезеңі бар:
салық салынатын объектіні есепке алу;
салық салу объектісінен салық базасын есептеу;
салық ставкаларын қолдану;
салық жеңілдіктерін қолдану;
салық сомасын есептеу.
9. Салық есептілігі- салық төлеушінің Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
10. Салықты төлеу тәртібі- салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асыратын салық заңдылықтарында бекітілген ереже. Оның үш элементі бар: әдісі, мерзімі, нысандары.
2сурак. Жанама салықтар - тауар бағасына және қызметтің тарифіне қосылатын салықтар.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы- қосылған құн салығы (ҚҚС) болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нөтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады жөне салықты төлеуді сатып алушыға аударады.
КҚС - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.
ҚҚС салық жүйесіндегі жаңа салықтың бірі болып есептеледі. Бұл салық Қазақстанда 1992 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. ҚҚС алғаш рет Францияда пайда болған. Қосылған құн салығын француз экономисі П.Лоре 1949 жылы ұсынған болатын, бірақ француз Үкіметі бұл салықтық экономикалық мазмұнын зерттей келе, оны тауар тапшылығы, өндіріс құлдырауы мен гипертрофты экономикамен сипатталатын тарихи сәтте енгізуді жөн санамады және бірнеше жыддар өткен соң елдегі экономикалық жағдай жақсарғаннан соң бұл салықты қайта қарап,1954 жылы енгізді. 1992 жылы Қазақстанда енгізілген кезінде ҚҚС әлемінің 40 елінде табысты қолданылды.
3сурак
5000л*1000=5 000 000
500*2=1000
5 000 000+1000=5 001 000
Жауабы: 5 001 000тг
№8 билет