
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
Тіркелген салықты төлеушілер: 1) ұтыссыз ойын автоматтарын; 2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді; 3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан); 4) картты (картинг); 5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады. Мыналар: 1) бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 2) бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы; 3) ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер; 4) ойын жолы; 5) карт; 6) бильярд үстелi тіркелген салық салу объектiсi болып табылады. Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Тіркелген салықты есептеу, егер өзгеше белгіленбесе, Салық Кодексінде айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі. Салық салу объектiлерi айдың 15-іне дейiн шығып қалған кезде тiркелген салық айдың жартысы үшiн деп, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады. Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
№ 36
Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі
Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.
Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы: 1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп; 2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі; 3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады. Арнаулы салық режимін: 1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың; 2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің; басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың; құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ. Арнаулы салық режимi мынадай қызмет түрлерiне: 1) акцизделетiн өнiмдi өндiруге; 2) акцизделетiн өнiмдi сақтауға және көтерме саудада өткiзуге; 3) мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн – бензиндi, дизель отынын және мазутты өткiзуге; 4) лотереяларды (мемлекеттiк (ұлттық) лотереялардан басқа) ұйымдастыруға және өткiзуге; 5) жер қойнауын пайдалануға; 6) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға; 7) түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге; 8) консультациялық қызметтер көрсетуге; 9) бухгалтерлiк есеп және аудит саласындағы қызметке; 10) қаржы және сақтандыру қызметiне қолданылмайды.