Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать
  1. Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері

Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады. 

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жасасқан жеке және заңды тұлғалар қол қойылатын бонус төлеушілері болып табылады.

34

1. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы

Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған әрбір жеке келісімшарт шеңберінде техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, мұнайды, минералды шикізатты, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеушілер болып табылады. Салық кезеңінде өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты және табиғи газ көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндірілген минералды шикізаттың барлық түріне пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары нөл проценттік ставка бойынша төленеді. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге міндетті. Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей береді.

2.Мемлекеттік баж төлеуден босату

Мемлекеттік баж уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс–қимылдар жасағаны үшін және құжаттарын бергені үшін алынатын міндетті төлем. Зандық мэні бар іс-қимылдар жасау жэне қүжаттар беру жөнінде мемлекет уэкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке жэне заңды түлғалар мемлекет-тік баж төлеушілер болып табылады. Төменде аталғандардан мемлекеттік баж алынады:

1) сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер бойынша арыздардан (шағымдардан), апелляциялық ша-ғымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы мэселе бойынша сот үйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын шығару туралы өтініштерден, сондай-ақ соттың шетел соттары мен арбитраждарының шешімдері бойынша орындау парағын, қүжаттардыц көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін;

  1. нотариаттық іс-қимылдар жасағаны үшін, сондай-ақ нота-риат куэландырған кұжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бер-гені үшін;

  1. азаматтық хал актілерін тіркегені үшін, сондай-ақ азамат-тарға азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куэліктерді жэне азаматтық хал актілері жазбаларын өзгертуге, толықтыруға және қалпына келтіруге байланысты куәліктерді қайтадан бергені үшін;

  1. шетелге баруға және Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттерден адамдарды шақыруға құқық беретін қүжаттарды ресімдегені үшін, сондай-ақ осы қүжаттарға өзгерістер енгізгені үшін;

  2. шетелдіктердің паспорттарына немесе оларды ауыстыра-тын қүжаттарына Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені үшін;

  3. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру және Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы қүжаттарды ресімдегені үшін;

  4. түрғылықты жерін тіркегені үшін;

  5. аңшылық қүқығына рүқсат бергені үшін;

  6. Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін;

10) қаруды жэне оның оқтарын сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға, Қазақстан Респу бликасының аумағына экелуге жэне Қазақстан Республикасынан экетуге рүқсат бергені үшін;

11) азаматтық қаруды (аңшылық суық қаруды, пневматикалық қаруды жэне аэрозольдық газды қүрылғыларды қоспағанда) тіркегені жэне қайта тіркегені үшін;

12) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартқа сэйкес Қазақстан Республикасында жасалған, ресми қүжаттарға Қазақстан Респу бликасының Үкіметі уэкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін;

13) жүргізуші куэлігін, көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куэлікті, мемлекеттік нәмір белгілерін бергені үшін.

Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздык ставкалары, Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

35

  1. Үстеме пайда салығы

    Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының Салық Кодексінің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының Салық Кодексінің 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады. Үстеме пайда салығын есептеу үшін таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.