Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать
  1. Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы

Мынадай: 1) казино; 2) ойын автоматтары залы; 3) тотализатор; 4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде: 1) ойын үстелі; 2) ойын автоматы; 3) тотализатор кассасы; 4) тотализатордың электронды кассасы; 5) букмекер кеңсесінің кассасы; 6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.  

Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне – айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін; 2) ойын автоматына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін; 3) тотализатор кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін; 4) тотализатордың электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін; 5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін; 6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды. Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. 

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі. Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі.

3.

32

  1. Үстеме пайда салығы

    Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келісімшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдік балшықты өндіруге арналған келісімшарттар, сондай-ақ барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының Салық Кодексінің 99-бабында көзделген түзетулерді ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерімдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының Салық Кодексінің 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады. Үстеме пайда салығын есептеу үшін таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады. Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуірінен кешіктірмей табыс етеді.