Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар

Жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы.Жер учаскесiн өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Мыналар:шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.      

Мемлекет өтемiн төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.

Жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы. Мынадай:

1) жер үстi көздерiнен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;4) балық ресурстарын өндіру үшін; 5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үстi көздерiнiң су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады

Қоршаған ортаға эмиссия үшiн төлемақы.Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн арнайы табиғат пайдалану тәртiбiмен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады. Қоршаған ортаға эмиссиялардың:1) ластағыш заттар шығарындыларының;2) ластағыш заттар төгінділерінің;3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгiленген нормативтерi шегiндегi және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.

Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы.Мемлекеттiк орман иеленушiлер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта өз меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығындағы жеке орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды жүзеге асыратын жеке орман иеленушiлер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы.Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.

Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы.Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады. Мыналар:1) өздерiне жүктелген негiзгi функционалдық мiндеттерiн орындау кезiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланатын мемлекеттiк мекемелер; 2) Салық Кодексінің 474-бабында аталған төлемақы төлеушілер;3) радиоәуесқой жеке тұлғалар;4) бір станция үшін пайдаланылатын жиіліктер үшін ОТ-диапазонды (27 МГц) радиостанциялардың иелері төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы .«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы. Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.Мемлекеттiк мекемелер төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы. Жарнама объектiлерiн орналастырушы жеке тұлғалар (оның iшiнде дара кәсiпкерлер) және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады. Өздеріне жүктелген функцияларды iске асырумен байланысты орналастырылатын сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары төлемақы төлеушiлер болып табылмайды.

30