
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак.
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •3Сурак.
- •1Сурак. Қр-дағы салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері:
- •Салықтар:
- •Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер:
- •2Сурак.
- •3Сурак.
- •1)Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасу кезеңдерін келесі 1-кестеден көруге болады.
- •2) Қосылған құн салығынан босатылатын импорт
- •Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар
- •Ққс артықшылықтары:
- •2. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі мен салық базасы
- •1.Жеке тұлғалардың салық салынбайтын табыстары
- •2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •1.Жтс ставкалары және салық декларациясы
- •2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері
- •2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары
- •1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны
- •2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •1.Мін.Зейн.Жарналары мен мін.Әлеум.Сақт.Қорына әлеум.Аударымдар
- •2.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимінің құрылу ерекшеліктері
- •1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
- •2.Төлемақыны төлеушілер,объектілер,төлеуден босатылған тұлғалар
- •Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимінің экономикалық мәні
- •Мемлекеттік баждың ставкалары
- •Ойын бизнесі салығы: төлеушілер, салық салу объектілері, ставкалары, салық кезеңі және декларациясы
- •Төлемақылардың экономикалық мазмұны, түрлері мен оларды есептеу ерекшеліктері
- •«Алым» ұғымы, түрлері және оларды төлеу ерекшеліктері
- •Қол қойылатын бонус: мәні, төлеушілері
- •2.Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •Тіркелген салық: төлеушілер, салық салу объектілері
- •Арнаулы салықтық режимдер: экономикалық мазмұны және қолданылу сферасы
1.Жер қойн.Пайд.Алынатын арн.Төлемдер:түрлері мен есептеу тәртібі
Жер қойнауын пайдаланушылар – ҚР аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды ҚР заң актілеріне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға.
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салықтары:
1) жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерiн:а) қол қойылатын бонусты;б) коммерциялық табу бонусын;в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді; 2) пайдалы қазбаларды өндіру салығын; 3) үстеме пайда салығын қамтиды.
Жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi бонустар болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттың түріне және талаптарына қарай жер қойнауын пайдаланушы үшін бонустың мынадай түрлері белгіленуі мүмкін:
1) қол қойылатын бонус; 2) коммерциялық табу бонусы.
Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт аумағында жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алу үшiн алған бiржолғы тiркелген төлемi қол қойылатын бонус болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус жөніндегі декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi екінші айдың 15-не дейiн табыс етедi.
Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде бастапқыда белгіленген алынатын қорларды арттыруға алып келетін кен орындарына қосымша барлау жүргізу барысындағы табу үшін төлейді. Жер қойнауын пайдалануға арналып жасалған келісімшарттар шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде келісімшарт аумағында пайдалы қазбаларды коммерциялық табуы туралы жария еткен жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табу бонусын төлеушілер болып табылады.Коммерциялық табу бонусы салық базасының 0,1 процент ставкасы бойынша төленедi. Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілетті мемлекеттік орган кен орнындағы алынатын пайдалы қазбалар қорының көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасалғанға дейін тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен жиынтық шығындарды өтеу бойынша жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем болып табылады.
Тиісті келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және жайластыруға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушылар коммерциялық табудан кейінгі өндіру кезеңінің басынан бастап мынадай тәртіппен төлейді:
1) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемнің жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен кем соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіруді бастаған жылдан кейінгі жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей төлейді;
2) 10000 еселенген мөлшерінен асып түсетін соманы құраса, онда тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді жер қойнауын пайдаланушы экономикалық сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген кесте бойынша тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 2 500 еселенген мөлшерінен кем емес баламалы сомада теңдей үлеспен он жылдан аспайтын уақытта тоқсан сайын төлейді.