Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

1.А.Ш. Өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимдерінің экономикалық мазмұны

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері  үшін  арнаулы салық режимі (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.

Арнаулы салық режимі:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың:

жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген осы өнімді қайта өңдеу және өткізу;

толық кезеңді (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген осы өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;

селолық тұтыну кооперативтерінің:

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өткізу;

шаруа немесе фермер  қожалықтары  - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу және осы  өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпорациялық табыс салығының, қосылған құн салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының сомалары 70 процентке азайтылуға жатады.

2.Әлеум.Салықты есептеу мен төлеу тәртібі

Әлеуметтік салықтың сомасы «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасына азайтылуға жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеумет­тік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

Әлеуметтік салықты есептеу жоғарыда белгіленген ставкаларды салық жылы ішіндегі әлеуметтік салық салу объектісіне және ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына кеміту арқылы жүргізіледі.

Мысалы, қызметкердің айлық табысы 50000 теңге болса, әлеуметтік салықты келесі тәртіппен есептейміз:

50000 - 10% міндетті зейнетақы жарналары= 45000*11%=4950- есептелген әлеуметтік салық

45000*5% әлеуметтік аударымдар ставкасы = 2250

4950-2250=2750- төленетін әлеуметтік салық

Әлеуметтік салықты есептеу уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимінен басқа арнаулы салық режимін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар белгіленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтік салық сомасын ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң актісіне сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түсетін әлеуметтік аударымдар сомасына азайтады.

Әлеуметтік салықты төлеу салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық кезеңiнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мемлекеттік мекемелер есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.

Есептi айда әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.

 Күнтізбелік ай әлеуметтік салықты есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.

 Төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді

28 билет