Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері

Әлеуметтік салық – мемлекетте алынатын тікелей жеке салық болып табылады. Әлеуметтік салық үш бірдей бюджеттен тыс қор төлемдерін алмастырып, Қазақстан салық жүйесіне айтарлықтай жаңғырту әкелді. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Бұл салықты әкімшілендіру ол енгізілгелі бері салық органдарының құзырына көшті. Әлеуметтік салықтың артықшылығы болып шаруашылық субъектілердің меншік нысанына және қаржы-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді еместігі болып табылады.

Мыналар: 1) дара кәсiпкерлер; 2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; 3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

Жұмыс берушінің табыс түрінде резидент қызметкерлерге, Салық Кодексінде айқындалған табыс түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, шетелдік персоналдың табыстары төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.

Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

2.А.Ш. Өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шарттары

Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы. Селолық тұтыну кооперативтеріне:

1) мүшелері (пайшылары) тек шаруа немесе фермер қожалықтары болып табылатын;2) жиынтық жылдық табысының кемінде 90 процентін аталған қызметті жүзеге асыру нәтижесінде  алуға жататын (алынған) табыстар құрайтын селолық тұтыну кооперативтері жатады.

Мыналардың:

1) еншілес ұйымдары, құрылымдық бөлімшелері  бар заңды тұлғаның;  2) арнаулы салық режимін қолданатын басқа да заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның;3) басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғаның;

4) құрылтайшысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғаның;5) мүшелері (пайшылары) басқа селолық тұтыну кооперативтердің мүшелері (пайшылары) болып табылатын селолық тұтыну кооперативтерінің арнаулы салық режимін қолдануға құқығы жоқ.

Аффилиирленген тұлға болып:

1) шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімге, оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты, ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға;2) басқа заңды тұлғаға қатысты шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оның ішінде шартқа және (немесе) өзге мәмілеге байланысты ықпал етуге құқығы бар заңды тұлға танылады.

Арнаулы салық режимі салық төлеушілердің акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне қолданылмайды.

Салық төлеушілер осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, кірістер мен шығыстардың, мүліктің есеп-қисабын бөлек жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.

Салық төлеушi арнаулы салық режимiн қолдану үшiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.

Салықтық өтiнiш арнаулы салық режимiн қолдануға арналған өтiнiште көрсетiлген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.

Аталған мерзiмде салықтық өтiнiштi табыс етпеуi, салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей бел­гiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi болып есептеледi.

27 билет