Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

2.Баждардың экономикалық табиғаты,мазмұны және құрылу негіздері

Баж салығы - мемлекетпен немесе өзара кэсіби қатынастар жасайтын жеке адамдардан, занды үйымдардан ендіріп алынатын тұгыну салығының бір түрі (мэселен, жалгерлік туралы шарт жасасу, бағалы қағаздар беру, қамқоршылық туралы келісім).

Баж салығының екі түрі бар:

-мемлекеттік баж; - кедендік баж.

Мемлекеттік бажда төлем болып саналады.

Мемлекеттік баж уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс–қимылдар жасағаны үшін және құжаттарын бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Зандық мэні бар іс-қимылдар жасау жэне қүжаттар беру жөнінде мемлекет уэкілдік берген органдарға немесе лауазымды адамдарға өтініш жасайтын жеке жэне заңды түлғалар мемлекет-тік баж төлеушілер болып табылады.

Мемлекеттік баждың тіркелген пайыздык ставкалары, Салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заң актісімен мемлекеттік баж төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері негізге алына отырып есептеледі.

Кедендік баж салығы - мемлекеттік шекарадан өткізер кезде мемлекет кеден мекемелерінің желісі арқылы тауарлардан, мүліктерден жэне құнды заттардан алынатын ақшалай төлем.

Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден оргаңдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден төлемдерін алады.

Кеден төлемдері бойынша төлеушілер, есептеулердің, төлеудің, қайтарып берудің жэне кеден төлемдерін өндіріп алудың тэртібі, сондай-ақ жеңілдіктер Қазақстан Республикасыньщ кеден зандарымен анықталады.

Кеден төлемдерінің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

25 билет

1.Әлеум.Салық:экон.Мәні мен қалыптастыру негіздері

Әлеуметтік салық – мемлекетте алынатын тікелей жеке салық болып табылады. Әлеуметтік салық үш бірдей бюджеттен тыс қор төлемдерін алмастырып, Қазақстан салық жүйесіне айтарлықтай жаңғырту әкелді. Ол 1999 жылдан бері бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Бұл салықты әкімшілендіру ол енгізілгелі бері салық органдарының құзырына көшті. Әлеуметтік салықтың артықшылығы болып шаруашылық субъектілердің меншік нысанына және қаржы-шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тәуелді еместігі болып табылады.

Мыналар:1) дара кәсiпкерлер; 2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; 3) Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.

Жұмыс берушінің табыс түрінде резидент қызметкерлерге, Салық Кодексінде айқындалған табыс түрінде резидент емес қызметкерлерге төлейтін шығыстары, шетелдік персоналдың табыстары төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Әлеуметтік салық 11 проценттік ставка бойынша есептеледі.

Арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар өзі үшін Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және төленетiн күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінде және әрбір қызметкер үшін айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

2.ҚР-дағы алымдар түрлері

Қазақстан Республикасындағы алымдар: тіркеу алымдары; автокөлік құралының Қазақстан Республикасы аумағымен жүргені үшін алым; аукционнан алынатын алым; жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым; телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

Тіркеу алымдары (бұдан әрі – алымдар) – уәкілетті мемлекеттік органдар Салық Кодексінің 455-бабында белгіленген тіркеу іс-әрекеттерін жасаған кезде, сондай-ақ осындай тіркеу іс-әрекеттерінің жасалғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын берген кезде өздері алатын бір жолғы міндетті төлемдер.

Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүргенi үшiн алым (бұдан әрi – алым): 

1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуi;

2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуi (кетуi), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитi; 

3) iрi көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi; 

4) концессияға берілген ақылы мемлекеттік автомобиль жолдарын қоспағанда, ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен отандық және шетелдік автокөлік құралдарының жүруi үшiн өндiрiп алынады. 

Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрi – алым) аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сату кезiнде алынады.

Аукциондарда мүлiктi (оның iшiнде мүлiктiк құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады. 

Алым ставкасы аукцион өткiзу нәтижелерi бойынша айқындалған мүлiктi (мүлiктiк құқықтарды) өткізу құнының 3 проценті мөлшерiнде белгiленедi.

Төлеушiлер алым сомасын салық салу объектiсiне ставка қолдану арқылы дербес есептейдi.

Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым (бұдан әрi – алым) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиiстi белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасын) беру (қайта ресiмдеу) кезінде және осы тарауда көзделген өзге де жағдайларда алынады. Лицензиарлар тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша алым төлеушiлер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты табыс етеді.

Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алым (бұдан әрi – алым) байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берген кезде алынады.

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган берген лицензияның негiзiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады. 

26 билет