Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
salyk_shpor_36_bilet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.7 Кб
Скачать

2.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

1) дара кәсіпкерлер үшін: дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса; 

2) заңды тұлғалар үшін: қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса; салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.

 Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Салық төлеудiң өзге де режимдерiнен ауысқан кезде оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеушi, егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, алдағы салық кезеңi басталғанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына салықтық өтiнiштi табыс етедi.Бұл ретте аталған салықтық өтiнiш табыс етiлген күннен кейiнгi салық кезеңiнiң бiрiншi күнi арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күнi болып табылады.

Жаңадан құрылған дара кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтiнiштi салық органына әдiлет органында заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрмей табыс етедi.

 Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі

24 билет

1.Жтс ставкалары және салық декларациясы

Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.

Жеке тұлғалардың табыс салығы мынадай әдістер бойынша алынады:

  • Декларация бойынша; - Төлем көзі бойынша.

Декларация бойынша салық - салық төлеушінің декларациясында көрсетілген жылдық жиынтық табыс көлеміне байланысты және онда көрсетілген шегерістер мен жеңілдіктерді ескере отырып анықталады.

Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушілер:

1) дара кәсіпкерлер; 2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар; 3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар; 4) басқа табыстар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар; 5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.

Салық төлеушілер табыстар туралы декларация және табыстары мен мүліктері туралы мәліметтерді салық органдарына салық заңдылығына сәйкес есепті жылдан кейінгі салық жылының 31 наурызына дейін тапсырады.

Төлем көзі бойынша табыс салығын салық төлеушінің қызмет ететін жұмыс орындағы бухгалтерия қызметкерлерінің есептеуімен анықталып төленеді.

Салық агенттер жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізіледі. Салық агенттері төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 15-іне дейін өзінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.