Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mater.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.04 Кб
Скачать

14. Бұйымдарға арналған материалдар туралы жалпы мәліметтер.

Конфекционерлеу – тігін бұйымдарының пакетіне материалдарды жинақтауды, материалдарға қойылатын талаптар мен олардың ассортиментін оқып үйренетін ғылыми пән болып табылады.

Жоғары сапалы кйім біріншіден қолданылатын материалдардың сапасына, оларды таңдап негіздеуіне, бұйымның моделі мен конструкциясын нақты ойластыруға, өңдіру технологиясына байланысты. Бұйымды дайындауға арналған материалдарды екі топқа бөлуге болады: тоқылған және тоқылмаған. Тоқыма материалдар – бұл иірілген, тоқылған және де басқа бұйымдар: маталар, трикотаж, беймата жаймалары, иірімжіп пен жіптер, жасанды былғары мен елтірі және комплексті материалдар.Тоқыма емес материалдарға – табиғи елтірі мен былғары, пленкалы материалдар, әртүрлі фурнитура және басқа да бұйымдар жатады. Әртүрлі материалдардың 90 %-тен жғарғы көлемін текстиль бұйымдары құрайды.

Ассортимент (фр. –жинақтау, іріктеу) – материалдарды түріне, аталуына, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатына байланысты іріктеу және материалдар тізімі болып табылады. Артикул – белгілі бір материалға, бұйымға тағайындалатын бұйымның типі, шартты номері. Конфекция (нем. – дайындау) – алғашқы қажетті бұйымдар, дайын киім, іш киім, жейделер, шалбар, свитерлер және жаппай өндірістегі басқа да бұйымдар. Конфекционерлеу – тігін өндірісінің технологиялық процессінің ерекшеліктерін және сән бағытын және материалдардың қасиеттерін ескере отырып, киім пакетіне немесе бұйымға материалдарды ғылыми түрде негіздеп, дұрыс іріктеу б.т. Киім пакеті – жағымсыз климаттық әсерлерден қорғайтын, эстетикалық функцияларды орындайтын адамның киетін бұйымдар жинағы. Ол киімдердің комплексінен тұрады: корсеттік бұйымдар, іш киімдер, жеңіл көйлек және жоғарғы бұйым, бас киімдер, аяқ киім, шұлық, қолғаптар. Бірге киілетін бұйымдардың мөлшері мерзімге және климаттық жағдайларға байланысты.

Тігін өндірісінде киімді жаппай шығару кезінде модельдерді негізгі және астарлық матамен, фурнитурамен жинақтау немесе комплектеуді конфекционерлеу деп аталады. Мұндай комплектеудің негізіне материалдың органолептикалық бағалануы да жатады. Бірақ кейбір жағдайларда өндіріс орындарының қоймаларында материалдардың болуын да жатқызуға болады. Конфекционерлеу деген термин неміс тілінен «konfection»- дайын көйлек немесе көпшілік тұтынушылардың сән бағытын білдіреді. Ал латын сөзінен «confectio» өндіру деген сөзді білдіреді.

15. Балалар бұйымдарына арналған материалдарды конфекционерлеу

Балалар киімі өзінің конструкциясы және материалының физикалық-гигиеналық көрсеткіші бойынша жас мөлшерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшелігіне, іс-әрекеттің түріне және метеорологиялық жағдайға сәйкес болуы керек, және оңай киіліп, оңай шешілетін, бала тәрбиесінде эстетикалық таным қалыптастыруға жағдай жасауы керек. Балалар терісі өте нәзік, жылдам жарақаттанғыш келетіндіктен, зат алмасуда терінің тыныс алуының меншікті үлесі ересектерге қарағанда үлкен болатындықтан киімнің қорғаныштық қасиетінің балалар үшін маңызы өте зор.

Балалар бұйымдарына қолданылатын материалдар түрлері

мақта, жүн , трикотаж , жібек

Балалар бұйымдарына қолданылатын мақта маталары : шыт, муслин, шифон, джинса,

фланель, батист, вельвет, велюр, маркизет т.б.

Шыт – басылған суреті бар немесе ашық түстерге боялған мата. Шыт мақта маталарының ішіндегі айтарлықтай үлес салмағының принципі бойынша ерекшеленген жеке топты құрайды. Оның негізіне қалың иірілген жіп қолданылады, ол матаның негізгі тірегін, матаның қажалу әсеріне төзімділігін қамтамасыз етеді. Мұндай құрылым мақта маталарының ішінде тек шытқа ғана тән. Шыт кардты иірілген жіпті өру арқылы өңделеді.Шыттың ені – 62-95 см.Шыт муслинді, қатты және жылтырлы өңдеумен , өшпейтін апреттермен және қысылған жартылай мерсеризациямен алынған бүдір бетпен шығарылады.Шыттың өңделуі қарапайым, жыртылмайды, созылмайды және қатты шашырамайды. Шыт қатты және жылтырлы өңделуі кезінде сынып кетуі мүмкін. Жуу үдерісі барысында шыттың отыруы негізі бойынша 5 % құрайды

Вельвет – мақта маталарын эланамен араластырып өндірілген маталар. Вельвет бархаттың бір түрі. Оның беттік тығыздығы – 210-245 г/м2. Олар біртекті гигроскопиялық, сондай -ақ суға тұрақты қасиетке ие болып келеді.Сондай-ақ осы матаға вискоза талшығын араластырып өндіреді.

Батист – жеңіл, жұқа, жұмсақ мата, бірақ вольтаға қарағанда тығыз және мықты. Салмағы 71 г/ м, ені 71 және 78 см. Ол жіңішке, тарақты, бір жіпті иірілген жіптен ( 5,9 –10 текс) және мерсеризация әрлеуі арқылы алынады. Маталы өріммен өңделеді. Оларды тегіс боялған, толтырылған және ағартылған түрде шығарады.

Маркизет –муар әсері бар, әсем креп мата. Маталы өріммен, жіңішке тарақты, бұралған 5,9 текс ˣ 2 иірілген жіпті қолдану арқылы жасалады. Бұралған иірілген жіпті қолданғандықтан, мата жылжымайды, ұстағанда қатты, ал тығыздығы аз және жіңішке иірілген жіпті қолданғандықтан мата мөлдір және жеңіл. Маркизетке жұмсақтық пен жібектілік беру үшін оны мерсерлейді.

Фланель – репстік және саржалық айқаспадағы екі жағында да сирек кездесетін түктері бар, солардың арқасында айқаспалар көрініп тұрады. Фланельдер көбіне негізі бойынша 25 текс және арқауы бойынша 42 – 84 текс иірімжіптен және кардалы иірімжіптен саржалық өрімнен жасалады. Кейбір маталарда вискозалы жоғары модульді талшықтармен ( 33% ) аралас иірімжіп қолданылады. Бұл матаның 13 артикулы бар, олар бір-бірінен қалыңдығы бойынша ажыратылады. Негізгісі 25 текс қалыңдықтағы фланель матасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]