Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mater.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.04 Кб
Скачать

52.Текстиль материалдарын стандарт бойынша сапасын бағалау

Тоқыма жаймаларының сапасын бағалау кезінде физика-механикалық қасиеттердің көрсеткіштерінің нормаға сәйкестілігі,олардың көркемдік-эстетикалық бағасын төмендететін сыртқы түр ақауларының болуы,түстің тұрақтылығы қарастырылады.Беймата жаймаларының сапасы олардың типіне және қолданылуына байланысты бағаланады.Беймата жаймаларын екі түрге бөледі:маталық (жайғақты тігілген,жіпті тігілген,мата тігілген,инетесімді,желімденген және қиыстырылған)және күспелі (жайғақты тігілген,инетесімді).Стандарт бойынша оларды тұрмыстық,ыспалық,аяқ-киімдік,аралық,сүзгілік,жиһаздық және күспелік болып бөледі.

Мақта ,зығыр және жүн маталары үшін екі сорт қабылданған(1-2),жібек маталары үшін-үш сорт (1-3).Шектелген белгілері бойынша көптеген физика-механикалық көрсеткіштер (мысалы,үйкеліске тұрақтылығы,қыртыстанбауы,ақтық дәрежесі,түстің тұрақтылығы)стандарттағы талаптарға сәйкес барлық сорттар үшін бірдей тағайындалған.Бұл көрсеткіштер бойынша дифференциалды әдіспен алынған нақты сынақ көрсеткіштерін стандарт нормаларымен салыстыру арқылы өнімнің сапасын бағалайды.Мұндай бағалаудың нәтижесі ретінде альтернативті шешім қабылдау болып табылады.Физика – механикалық өасиеттеінің көрсеткіштері бойынша (мысалы,үзу жүктемесі,ені,арқау және негіз бойынша тығыздығы,беттік тығыздығы)сорттылығын анықтау стандарттарында 2 сортты маталарға 1 сортты маталардың осындай көрсеткіштері бойынша минимальды мөлшерлерден шектік ауытқулар белгіленген.

53. Трикотаж жаймаларының прейскурант бойынша жіктелуі

Трикотаж жаймаларының түрі өте көп. Прейскурантты классификацияға сәйкес трикотажды бұйымдар арналуларына сәйкес сырт киім, іш киім шұлықтық, қолқаптық, бас киім не орамалдық болып бөлінеді. Айтылған топтардың әрқайсысы арналуына қарай, маусымдық, сонымен қатар тұрмыстық және спорттық болып топшаларға бөлінеді. Төменде қиылған және комбинирленген ішкі киімге және сырт киімге арналған бұйымдардың трикотаж жаймасының түркелыны қарастырылды. Ішкиімдік трикотаждың жаймалар жейде ішкөйлек, майка, трусиктер, шомылғы костюмдер, балалар еңбектемесі, ж.т.б. бұйымдарды жасауға арналған. Сырт киімдік трикотаждық жоймалар джемпер, свитер, кардигандар, жакеттер, жейделер, пальто, куртка, көйлектер, сымдар, блузкалар ж.т. б. бұйымдарды жасауға арналған. Өңдеу әдісіне байланысты трикотаж жаймалары қайнатыған, ағартылған, басылған, өрнектелген, замшпен өңделген, жүктелген және т.б. болып бөлінеді. Прейскурант бойынша трикотаждық жаймалардың ассортиментінің негізгі белгісі олардың тағайындалуы болып табылады. Жаймалар тағайындалуы бойынша екі түрге бөлінеді: ішкиімдік бүйымдарға арналған жаймалар жэне сырт киімдік бұйымдарға арналған жайма- лар. Ішкиімдік бүйымдарға арналған трикотаждық жаймалар барлық талшықтар түрінен жэне барлық дерлік өрім түрінен өндіріледі. Біржағынан ішкиімдік трикотажды жаймалар салмағына тәуелсіздік олардың гигиеналық қасиеттерінің қатынасында белгілі талаптармен көрсетіледі. Олар ылғал тартқыштық, жүмсақ, қысымсыз қозғалысты, созылмалы, ауа жэне бусіңіргіштігі жоғары, сонымен қатар жууға, буға, қажалуға бояуының беріктіктігі жоғары болуы қажет. Сырт киімдерге арналған трикотажды жаймалар бірнеше жайма түріне қарағанда 1 м² жаймада 430 г , ал кейде одан жоғары үлкен массасымен ерекшеленеді. Бүл жаймалар свитерлер, көйлектер, блузкалар, көкрекшелер, жемпірлер, әйелдер, ерлер және балалар костюмдері, пальтолары, әртүрлі спорттық бұйымдар үшін қолданылады. Сырт бұйымдарға арналған жаймалар тағайындалуына сәйкес бұйымға қатысты әртүрлі құрылымды және қасиетті трикотаждық жайманы алуға мүмкіндік беретін, табиғи жібек пен зығырдан басқа, барлық талшықтардан, әртүрлі өрімдерден өндіріледі. Жайма тегісбойалған, меланжды,ала шұбар тоқылған, ақ, баспа суретті, жуылған, металдық жіпті болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]